400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

5-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 1-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 1-нұсқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олимпиада тапсырмалары


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 


5-СЫНЫП

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып, судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге: - Ат басындай алтын берейін, қоя бер, – дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. -Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, – дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып: -  Енді не берейін? – дейді бай. Кемпір: - Жалғыз балаңды бер, жіберейін,– дейді.

Сұрақтар мен

1. Ертегіні жалғастырып, соңына дейін оқыңдар.

  2. Ертегідегі балаға мінездеме беріңдер.

 3. Ертегінің мазмұнына жоспар құрыңдар.  

 4. «Алтын сақалы бала: батыр ма, ақылды ма?» деген тақырыпта эссе жазыңдар. 70-80 сөз

II Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңдар. 

 Тамшалы – Маңғыстаудың Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі. Тамшалы – кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек үңгір. Тас қабырғаның кей жерлерінен мұздай әрі мөлдір су бүркіп тұрады. Сол судан үңгірде шағын көлшік пайда болған. Содан кейін Тамшалы аталған. Ертеден ел Тамшалыдан ауыз су алған. Көлден  аққан су суармалы егіншілікке пайдаланылып келген. Тамшалы ерте заманнан елді мекен болған. Оны маңындағы сыңсып өсіп тұрған тұт ағаштары айғақтайды. Бұл жер Ұлы Жібек жолының бір тармағы болған. Қыр басында ерте дәуір ескерткіштері (молалар) сақталған. Бүгінде Тамшалы – мәдени демалыс аймағы. https://massaget.kz/mangilik_el/kozayyim/28444/

           


1. Сәйкестендіріңдер. 

A. Тұт ағашы 1. Үңгір

B. Тамшалы 2. Молалар

C.  Бүгінде 3. Елді мекен болғанын дәлелдейді

D. Қыр басында 4. Мәдени демалыс аймағы

E. Киіз үйге ұқсас 5. Маңғыстауда


2. Мәтіндегі 1 негізгі, 2 қосымша  ақпаратты анықтаңдар.


3. Суретті пайдаланып, Тамшалы туралы 7-8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар.


III Талдау жұмыстары

1. Сыңсып, аймақ: сөздеріне мағыналық (лексикалық) талдау.

2. Тас қабырғаның кей жерлерінен мұздай әрі мөлдір су бүркіп тұрады. 

Сөйлемдегі сөздердің құрамына (морфологиялық) талдау жасаңдар. 









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
1404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі