Сабақтың мерзімі: I топ
II топ
III топ
IV топ
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта және тінтуірмен танысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйірме мүшелеріне информатика ғылымының негіздерін меңгерту.Ақпарат ұғымын,оның түрлерін,қасиеттерін түсіндіру.Компьютердің құрылғылары мен жұмыс істеу принциптерін үйрету.Алгоритм және бағдарламалау негіздерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық,алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту.Ізденімпаздыққа,шығармашылыққа,талдауға үйрету.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны(АКТ) тиімді қолдану дағдыларын дамыту.Проблеманы шешуде компьютерлік құралдарды пайдалана алуын дамыту.Әртүрлі пәндер бойынша білімдерін интеграциялауға жағдай жасау.
Тәрбиелік: Компьютерді мәдениетті,сауатты пайдалануға тәрбиелеу.Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.Топпен жұмыс істей білуге,бір-бірінің еңбегін бағалауға баулу.Ғылыми дүниетанымын кеңейту,ақпараттық қоғамда жауапкершілікпен өмір сүруге тәрбиелеу.Интелектуалды еңбекті қадірлеуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу
Слайд/бейне көрсетілім
Топтық жұмыс
Салыстыру
Қызықты деректерді талқылау
Көрнекілігі: PowerPoint слайдтар
суреттер,слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тәрбие бағыты.
ІІІ. Негізгі бөлім.Жаңа сабақ.
ІV. Қорытынды.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасып, балалардың сабаққа дайындығын тексеру.Балаларды түгелдеу.
ІІ. Тәрбие бағыты:Еңбек,экологиялық тәрбие.
Еңбек ет те міндет ет.
Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды.
ІІІ. Негізгі бөлім.Жаңа сабақ.
Пернетақта —
компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын
басқаруға арналған арнайы құрылғы.
Әзірге компьютерге адамның дауысын
таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан
пернетақта – пайдаланылушылардың компьютерге әріптік – сандық
ақпаратты енгізудің негізгі тәсілі болып
келеді. 
Қазіргі таңда кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавиштен) тұрады, оның екеуі – Windows терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтаның әр бір пернесі оймақтай (механикалық немесе мембраналық) ажыратып – қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.
Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып – қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып, әр бір перне басылып, қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды (үзуді) жөнелтеді, ал компьютердің (амалдық жүйенің) бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.
Пернетақта 4 бөлікке бөлінген :
әріптік сандық бөлік; жүгіргіні басқару және мәтіндік түзету пернелері ; жетелік пернелер; сандық бөлік.
Пернетақта (Клавиатура; keyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар:
а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері;
ә) кішкене цифрлық пернетақта;
б) редакциялайтын пернелер;
в) меңзерді басқару пернесі;
г) қызметтік пернелер;
ғ) арнаулы пернелер.
Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранға шыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет.Компьютердің пернетақтасы — үлгі қалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады.
Пернелердің түрлері
Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді:
-
Енгізу пернелері (әріптік-цифрлық) — мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.
-
Басқару пернелері — бұл пернелер жеке түрінде немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне және ESC қолданылады.
-
Функционал пернелер — арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12 дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. Түрлі бағдарламаларға қатысты бұл пернелердің қызметтері әр түрлі болып келеді.
-
Курсор басқару пернелері — бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және мәтін түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер, сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN пернелері жатады.
-
Сандық бөлік — бұл пернетақта сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес топталып жинақталған.
Үш негізгі қосымша пернелер:
-
PRTSCN (немесе PRINT SCREEN) – экран бетін суретке түсіріп, оны компьютер жадысындағы алмасу буферіне көшіреді. Оны Microsoft Paint немесе басқа бағдарламаға сурет ретінде қойып (CTRL+V), сол бағдарлама арқылы баспаға беруге болады.
-
SCRLK (немесе SCROLL LOCK) – бұл пернені басу көптеген бағдарламаларға әсер етпейді. Бірақ кейбір бағдарламаларда оны басу бағыттауыш пернелердің, PAGE UP және PAGE DOWN әрекетін өзгертеді; бұл пернелерді басу белгіленген фрагмент немесе курсор қалпын өзгертпестен құжатты айналдыру мүмкіндігін береді. Пернетақтада бұл перненің қосып/өшірілуі түстік индикатормен көрсетіледі.
-
PAUSE/BREAK – бұл перне көп қолдана бермейді. Кейбір ескі бағдарламаларда бұл пернені басу бағдарламаны тоқтатады немесе CTRL –мен бірге басу оның орындалуын тоқтатады.
Тінтуір туралы ақпарат.Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) — бұл компьютердің графикалық ортамен өзара әрекеттесу үшін, пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Тінтуір – өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне
беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор.
Тінтуір компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және
тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, беткі үш батырмасы бар қорапша.
Оны басында қалжыңдап <Mouse> - <Тышқан> деп
атағанымен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. Тінтуірді
үстел бетіне немесе басқада жазықтық бетінде қозғалтқан
кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші –
жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға
қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет
болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің
бірін басады. 
Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.
Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.
Тышқанның пайда болуы тарихы
Алғашқы компьютерлік тышқан "Х және Y позицияларының индикаторы" деген атауға ие болатын. Бұл құрылғы ARPANet Network Information Center жобасы іске асып жатқан кезде пайда болды.
Сол кезде қолданыста болған манипулятор жұмыс істеуде ыңғайсыз әрі өлшемі жағынан үлкен болғандықтан, Дуглас Карл жаңа құрылғыны ойлап табуды көздейді.
Қарапайымдылығы мен тиімділігімен көзге түскен құрылғыны Дугластың әріптестері белсенді түрде жетілдіре бастайды. Кейін Билл Инглиш тышқанның жұмыс істейтін нұсқасын халық назарына ұсынған. Қазір бұл құрылғыға қарасақ, тышқан деп айту қиынға соғып тұр. Энгельбарттың тышқаны ағаш корпус пен темірден жасалған дөңгелектермен жабдықталды. Бұған қоса, құрылғыда қызыл пернесі болды. Бірақ 40 жылдан кейін бұл құрылғы миллиондаған компьютер қолданушылардың нағыз көмекшісіне айналды.
Жобаны Энгельбарт 10 мың долларға сатып, кішкентай ғана үйді сатып алды.
Түрі
Айналдырғыш тышқан немесе дөңгелекшелі тышқан, оның, яғни тінтуірдің сол жақ пернесі және тінтуірдіӊ оӊ жақ пернесі арасында дөңгелекшесі бар. Ол бейнебет құрамын біртіндеп қарап шығуға мүмкіндік береді.
Оптикалық тышқан – меңзейтін құрылғының соңғы жаңа түрі, онда жұмыршақтың орнына жарық шығаратын элемент орнатылған. Ол жарық шығаратын элемент шағылыстыратын жарық ағынының өзгеруіне жауап ретінде жылжуды тіркеп отырады.
Меңзері
тышқан меңзері (Курсор мыши; mouse cursor) — тышқан арқылы дисплей экраны бойынша орын ауыстыратын графикалық символ.
Нұсқағышы
Тінтуір нұсқағышы (Указатель мыши; mouse pointer) — егер тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы өрқашан экранда тұрады. Мөтіндік режімде нұсқағыш кәдімгі тіктөртбүрыш пішінінде болады. Графикалық режімде нұсқағыштың стандартты пішіні солға қарай жоғары бағытгалған жебелікке ұқсас, алайда көбінесе орындайтын операциясына карай нұсқағыш басқа пішінді: кос жебелікті, кресті, жақтауды жөне т.б. қабылдайды. Уақыт көбірек жүмсалатын операцияларда нұсқағыш құмсағатқа айналады. Бүл өрекетімен программа "шамалы күтіңіз, ақпаратты енгізу әзірге мүмкін емес" дегенді хабарлайды; тышқан нұсқағышын мәтіндік меңзерден ажырата білу керек.
IV. Қорытынды.
- Сабақты пысықтау.
-Біз бүгін не үйрендік?
-Пернетақта туралы өз ойларың.
-Тінтуір тышқан туралы өз ойларың.
Бағалау(мадақтау,смайлик,жұлдызша және т.б.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Информатика. Пернетақта және тінтуір туралы түсінік

шағым қалдыра аласыз