Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
60 секунд зияткерлік ойыны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:18.09.2021
Сабақтың тақырыбы: «60 секунд» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
1.
Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу,
пысықтау. Өзін-өзі бақылауға, өз бетімен жұмыс істеуге
дағдыландыру.
2.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс -
әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға
машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру,
логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
3.
Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және
білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге
тәрбиелеу.
Әдісі:
сұрақ –
жауап
Түрі:
зергерлік
сайыс
Көрнекілігі:
Сыныпты
безендіру.
Ойынның барысы:
1 – айналым:
Қызықты
математика
Қызықты математика
айналымында әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Топтар қанша сұраққа
дұрыс жауап берсе, сонша ұпай
жинайды.
1 -
топ:
1. 1 дм - де
неше см бар? (10
см)
2. 100 см - де
неше м бар? (1
м)
3. Уақыт және
оның бірліктерін ата? ( секунд,
минут, сағат, тәулік, жыл,
ғасыр)
4. 1 сағ. + 18
мин. Дегеніміз неше минутқа тең?
(78
минут)
5. 1 сағатта
қанша минут бар? (60
минут)
6. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (0)
7. Ең кіші үш таңбалы сан.(100)
8.1 жұмыртқа 3 минутта піссе,4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минутта)
9.Үстел беті төртбұрышты,оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ,неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
10.х+30=90.(x=60)
2 - топ:
1. 1 метрде неше дм
бар? (10
дм)
2. Азайтуды қай амалмен
тексереді? ( қосу
амалы)
3. Ұзындық және оның бірліктерін
ата? (сантиметр,
метр, дециметр,
километр)
4. 1 ғасырда неше жыл бар? (100
жыл)
5. 1000 граммда
неше килограмм бар? (1
килограмм)
6. Кеміту амалы. (Азайту)
7. Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?(4)
8.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады? (шаршы)
9.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
10. х+40=75 (х=35)
3 -
топ:
1. 1 км неше
метр бар? (1000
метр)
2. 1 минутта
неше секунд бар? (60
секунд)
3. Масса, оның
бірліктерін ата? (грамм,
килограмм, центнер,
тонна)
4. 1 тоннада
неше килограмм бар? (1000
кг)
5. 1 тәулікте
неше сағат бар? (24
сағат)
6. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (3 тауық және 1 бұзау немесе 2 бұзау және 1 тауық)
7. 1аптада неше күн бар? (7)
8.Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық пияз әкелінді.Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
9.Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр.Барлығы бөлмеде неше мысық отыр? (16 мысық)
10.100-х=37(х=63)
2 – айналым:
Тарих
толқынында
Бұл айналымында әр топқа 7 сұрақтан
қойылады.Топтар қанша сұраққа дұрыс жауап берсе сонша ұпай
жинайды.
1 – топ:
1. Қасым ханның еңбегі? (Қасым ханның қасқа жолы)
2. Әнұранның авторлары
? (Ш. Қалдаяқов, Ж.
Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
3. Абай Құнанбайұлының неше қара сөзі бар? (45 қара сөз)
4.Ұлы отан соғысы жылдары? (1941-1945жж)
5.Ең алғашқы қазақ ханы? (Керей хан )
6.Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? (Ибрахим)
7. Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы қазақ әйелі,пулеметші кім? (Мәншүк Мәметова)
2-топ
1. Тәуке ханның еңбегі? (Жеті жарғы)
2. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуірі)
3.Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465-1466жж)
4.Түрік қағанаты қашан құрылды? (552жж)
5. Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі (Синантроп)
6. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
7.Тарихтың атасы кім? (Геродот)
3-топ
1Сақтардың жаужүрек әйел патшасы? (Томирис)
2.Есім ханның еңбегі? (Есім ханның ескі жолы)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4.Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (15 ғ)
5.Адам алғышқы құралды неден жасады? (Тастан)
6. Қазақстан Туының авторы ? (Ш. Ниязбеков)
7. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі (Терімшілік)
3-айналым:
«Бетпе -бет» (Естіп қойма !)
Топ басшылар сайысы.
Топ басшының құлағы жабулы тұрады.Қолын артына ұстап тұрады. Ал қалған қатысушылар берілген сөздерді кезекпен-кезек шығып, топ басшысының алдына келіп ерінінің ұшымен айтады.Топ басшы сол айтылған сөздерді табады.
1-топ:
Күн, термометр, тақта, монитор, от, кітап, ток, таразы, сызғыш, жол, тышқан,компьютер,айна.
2-топ:
Қалам, үстел, флешка,принтер, мұғалім, мектеп, баспалдақ, оқушы, телефон, тақта, қар,есік,метро.
3-топ:
Интернет, құлаққап, физика, сызғыш, ұстаз, инстаграмм, лайк, формула,фейзбук, сабақ, математика, президент, семинар.
4 – айналым:
« Жеті жұрттың тілін біл» немесе полиглот / барлық дұрыс
жауапқа 30 ұпай, егер біреуі дұрыс болса 10 ұпай/
Мұнда оқушылардың қазақша, орысша, ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен
қатар, қатесіз жазулары да
тексеріледі.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі
/ көктем - весна -
spring/
2. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп – шығар сапары жоқ / мысық - кот - cat/
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз........... болсын. /дос – друг –
friend/
4. Тықырлатып тақтайды,
Түні бойы жатпайды /тышқан - мышь
-/mouse/
5. Футболшының алаңдағы ойын заты /доп - мяч - ball/
6. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама / кітап – книга -
Book/
7. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорғап жүретін досы /ит – собака - dog/
8. Қыста ұйықтап жатады,
Жазда қызыққа батады / аю – медведь/bear/
9. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы./ мектеп –
школа/school/
5 –
айналым:
Қызықты қазақ тілі
Қызықты қазақ тілі айналымында әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.
1-топ:
-
Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
-
Неше септік жалғауы бар? (7)
3.Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
4. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
5. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
2-топ:
1. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
2. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
3. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысаң)
4. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
5. Дауысты дыбыстардың саны қанша? (12)
3-топ:
1. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
2. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
3. Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
4. Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, күшейтпелі)
5. Етістік нені білдіреді? (Заттың қимылын білдіреді)
6-айналым:
Мақал-мәтелдер сөйлесін.
Ойынның бұл кезеңі мақал-мәтелдерге жауап беру арқылы жүзеге асады.Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.
1.Көз қорқақ, қол батыр.
2.Ананың көңілі балада, Баланың көңілі
далада.
3.Әкесін сыйламаған кісіні
Баласы сыйламайды
4.Жылқыда да жылқы бар,Қазанаты бір бөлек.
Жігітте де жігіт бар,Азаматы бір бөлек
5.Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
6.Уақытыңның босқа өткені
өміріңнің бос кеткені
7.Жақсымен жолдас болсаң,Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,Қаларсың ұятқа.
8. Сын түзелмей- Мін
түзелмес.
9.
Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды
біл.
10.
Ар қайда болса,ұят
сонда.
11.
Алтау ала
болса,
Ауыздағы
кетеді.
Төртеу түгел
болса,
Төбедегі
келеді.
12.
Атаңның баласы
болма,
Адамның баласы
бол.
13. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
14.
Алыстан
арбалағанша,
Жақыннан
дорбала.
15. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
16.
Адам тілі тас
жарады,
тас жармаса бас жарады.
17. Акқу көлін
аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
18.
Бірлік болмай,тірлік
болмайды.
19.
Жақсыдан үйрен,жаманнан
жирен.
20.
Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып
секіреді
21.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон
пішер
7-айналым:
Кім
біледі?
Берілген Тәуелсіздік сөзінен берілген уақытқа сәйкес көп сөз құрау.Мысалы:ет,кес,екі,әкел,ел,сіз,дәу,тіс,кел,із,іс,іл,әуелі,әуес,тәуекел....
Уақыт-1 мин.
8-айналым:
Әр топтан 1 оқушыдан шығып,мұғалім көрсеткен сөзді қимылмен өз тобына көрсетеді.Топтағы оқ