400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6-сынып БИЛ мен РФМШ,НЗМ-ге дайындалатын тесттің үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып БИЛ мен РФМШ,НЗМ-ге дайындалатын тесттің үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жер шарының үштен екісі – су. Оның 97% жарамсыз тұзды теңіз суынан тұрады. Бізде су көп пе, аз ба? Демек, жердің физикалық-географиялық картасына қарағанда көгілдір түс көбірек болғанымен, су ресурстары көп емес. Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр. Жаңа ғасырда таза су тауарға айналды. Германия тұщы суды Швециядан сатып ала бастады, АҚШ бір текше метр тұщы су үшін Канадаға 5 центтен төлейді. Гонконг ауыз суды Қытайдан алады. Тасымал сумен тұтас бір мемлекет – Алжир тіршілік етіп отыр.

1. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) ауыз су

В) теңіз

С) өзендер

D) су ресурстары

Е)жауаптың барлығы дұрыс

2. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр, себебі ... ...

А) мұхиттар көп емес

В) су ресурстары көп емес

С) ауыз су көп

D) тұщы су көп

Е) өзендерт көп

3.Мәтін қандай стильде жазылған?

А)Көркем әдебиет

В)Ғылыми

С)Ауызекі

Д)Публицистикалық

Е)Ресми іс-қағаз

4.Мәтіннің қай түріне жатады?

А)әңгімелеу

В)сипаттау

С)пайымдау

Д)жай мәтін

Е)күрделі мәтін

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаны үшін сыйлыққа қалағаныңды ал,- депті. Данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Дән шахмат шаршылары сайын екі есеге өсуі керек. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті, тіпті патша: «Менің жомарттығыма сай емес сыйлық сұрадың»,- деп ренжіп те қалыпты. Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.

Сонымен сарай математиктері күндіз түні демалмастан санапты, санап болған кезде данышпанның сұрағанына Үнді еліндегі дән жетпепті.

Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.

5. Мәтіннің негізгі идеясы қандай?

А) Даналық бәрін де жеңеді.

В) Айлалы батыр – жауға алдырмас.

С) Еңбек түбі –береке

D) Білім-сарқылмас қазына

Е)Арпа,бидай – ас екен.

6. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты.

А) Ескіде

В) Баяғыда

С) Өткен ғасырда

D) Өткенде

Еұрында

7. Асты сызылған сөзге мағынасы жақындау сөзді табыңыз.

Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті.

А) кәрінің

В) қарияның

С) данышпанның

D) данышпаннан

Е)кісінің

8.Мәтінге тақырып қой.

А)Ақылды қарт

В)Дана қарт

С)Данышпан

D)Мықты адам

Е)Білімді қарт

9.Патша неге қартқа ренжиді?

А)Ештеңе сұрамағаны үшін

В)Данышпандығы үшін

С)Өзіндік сыйлық ұсынғаны үшін

D)Сыйлықты мүлдем алмағаны үшін

E)Ұсынған сыйлығын алмағаны үшін

10.Ақылды қарт қандай ойын түрін ойлап табады?

А)ақылдылықты
В)білмеймін

С)дәнек

Д)тоғызқұмалақ

Е)шахмат

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
03.04.2023
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі