6-сынып Оғыз қағанаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6-сынып Оғыз қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан

Мектеп: Егіндібұлақ ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: АйдынгалиеваА.Р.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Оғыз қағанаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оғыз мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын түсінеді

Бағалау критерийлері

«Оғызнама» жырының мазмұнын сипаттайды;

Оғыз қағанатының ішкі және сыртқы саясатын талдайды;

«Оғызнама» жырының тарихи дерек ретінде құндылығын бағалайды

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Тілдік мақсаттары

Оғызнама жырынан үзінді мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Халық, консолидация , этносаяси бірлестік, этнос, этноним

Ұлт, миграция, ассимиляция

Әлеумет, әлеуметтік топ

Ақсүйектер, қара сүйектер

мүліктік теңсіздік, жер иелену түрлері

қағанатқаған

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/

экономикалық/

саяси/мәдени болып табылады.

Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Құндылықтарды

дарыту


«Мәңгілік Ел» идеясынан «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығы оғыздардың саяси жағдайын талдау барысында іске асады.

НЗМ құндылықтарынан «Құрмет пен ашықтық», «Функционалды сауаттылық» сабақ бойында жүзеге асады.

Пәнаралық

байланыстар

Дүние жүзі тарихы пәнінен алған білімдерін оғыздардың ішкі және сыртқы саясатын талдау барысында қолданады;

География пәнінен картамен жұмыс жасау дағдысын оғыз қағанатын кескін картада белгілеу барысында қолданады;

Қазақ тілі пәнінен алған білімі мен дағдыларын өз ойын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі.

Бастапқы білім

Берілген бөлім Қазақстан территориясындағы VI – IX ғғ. түркі тайпаларының миграциясын, олардың әлеуметтік құрылымын, қағанаттардың пайда болу тарихын, олардың ішкі және сыртқы саясатын, ірі шайқастары мен әйгілі тұлғалардың ролін түсінуге мүмкіндік береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Б Стартер ретінде «Оғызнамадан» «Итиль өзені деген бір өзен бар еді. ...жағасында Қаратау маңында ұрыс болды. ...жойқын соғыс болды...Итиль өзенінің суы қып-қызыл болды» деген жолдарды интерактивті тақтаға шығарып қою.

-Бұл қандай шайқас және бұған кім қатысуы мүмкін?

Оқушылардың пікірлерін тыңдалып, жаңа тақырыпқа шығу.

М 965 жылы оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды, нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалғаны туралы айтылады.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады.






Сабақтың ортасы






































1-ші тапсырма.

Т Оқушыларды «Оғызнама» жырынан үзінділер мен жыр туралы ақпарат беріледі.

«Оғызнама» жырынан 1-ші үзінді

«Оғызнама» жырынан 2-ші үзінді

«Оғызнама» жыры туралы мәтін

Зерттеу сұрақтары:

-қандай ақпарат алдыңыз?

-деректің құндылығы неде?

Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы


2-ші тапсырма.

Т Әр топқа оғыздардың ішкі және сыртқы саясаты туралы тапсырма беріледі.

Оғыз мемлекетінің құрылуын, қоғамдық құрылысын;

Оғыздардың саяси жағдайын;

Оғыздардың шаруашылығының дамуын талдайды.

Берілген тапсырма бойынша постер жасайды. Әр топ сынып алдында өз жұмысын қорғайды.

Бағалау. Топтар құрастырған критерийлер бойынша өзара бағалайды. Критерийлер үлгісі:

-тақырыпты ашуы;

-дәлелдер келтіруі;

-ойын нақты жеткізуі.

Д Кескін картада оғыздардың аумағын, орталығын белгілейді.

3-ші тапсырма.

Ж Оқушылар оғыздар жайлы қажетті ақпаратты алған соң, олардың Еуразиядағы беделін анықтауға, яғни оғыздардың сыртқы саясатындағы екі мақсатының нәтижесін анықтауға тапсырма беріледі.

Бағалау. Оқушылардың кері байланысы. Бір жұптың оқушылары өз жауабын оқиды. Қалғандары тексеріп, толықтырады.


Б Оқушыларға «Оғызнама» жырынан келесі үзінді ұсынылады:

Ей, ұлдарым менің
Мен басымнан көп нәрсе өткіздім.
Талай-талай шайқасты көрдім,
Садақ тартып, оқ аттым,
Дұшпандарымды жылаттым,
Достарымды күлдірттім.
Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім.
Ел – жұртымды сендерге табыс етем.

Оқушылар бұл үзінді бойынша өз ой-пікірлерін білдіреді.

«Оғызнаманың» басты идеясы - бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады деген қорытынды жасауға оқушыларды жетелеуі тиіс.

Ұлы Дала мемлекеттері. Алматы, 2010




Көркемсуретті Қазақстан тарихы, Бірінші том. Алматы, 2006


http://e-history.kz

Сабақтың соңы








Рефлексия

«Пайыздық үлес» әдісі бойынша оқушылар сыныпта ілінген 25,50,75 пен 100 пайыз жазылған қағаздардың тұсына барып, сабақ бойынша жасаған жұмысына өзіндік кері байланыс береді.

Үйге тапсырма:

«Венн диаграммасы» әдісі бойынша Руна жазуы мен Оғызнама жырының ерекшелігі мен ұқсастығын анықтап, қорытынды жасау.








































.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
887
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі