Сіздің жеке
деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады?
Сабақтың мақсаты: оқушыларды «дербес деректер»
ұғымымен таныстыру, интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың
теориялық білімі мен практикалық дағдыларын
қалыптастыру.
Негізгі міндеттер:
1. «Дербес деректер» тақырыбы бойынша тұрақты
білімді қалыптастыру.
2. Коммуникациялық құзыреттілікті, жеке
практикалық іс-әрекет дағдыларындамыту.
3. Жеке мәліметтер мен жеке ақпаратқа
жауапкершілікпен
қараудықалыптастыру.
Сабақтың барысы
1. Кіріспе
Ғаламтор желісіндегі қауіптер
Жеке деректер – бұл белгілі бір адам туралы
ақпарат. Бұл бізге көпшіліктің ішіндегі адамды тануға, белгілі бір
тұлға ретінде анықтауға мүмкіндік беретін
деректер.
Мұндай анықтайтын мәліметтер өте көп, оларға
мыналар жатады:
Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері,
мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта, фотосуреті, жасы және
тағы басқа деректер.
Сонымен, егер біз біреуге фамилиямызды,
аты-жөнімізді және мекенжайымызды айтсақ, онда біз туралы толық
ақпарат берілді.
2. Негізгі бөлім
«Жеке деректерді қалай қорғауға
болады?»
Құпия сөздерді жасауережелері
Құпия сөз ойластыру:
- 8-16 таңбадан тұрады;
- әріптерді, сандарды және арнайы таңбаларды
қосыңыз;
- бас әріппен және кіші әріппен таңбаларды
қосу.
- сөздерді, сөз тіркестерін, сондай-ақ оңай
болжауға болатын комбинацияларды қолдануға
болмайды.
- Ұялы телефонның көмегімен екі сатылы
аутентификацияны қолданған жөн.
- Әр есептік жазбаның жеке паролі болуы
керек.
- Барлық есептік жазбалардың құпия сөздерін 3-6
айда бір рет өзгерту қажет.
- Есептік жазбалардың бірін бұзу әрекетіне тап
болған кезде барлық есептік
жазбалардағы парольдердіөзгерту
қажет.
|