400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып Семей бекінісіне 300жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаламның тарихын, топонимдері жәйлі зерттедім. Әр оқушы туған жерінің тарихын, өткен тарихын білу міндетті. Мен Отанымның әр бір қаласын мақтан тұтамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



СЕМЕЙ БЕКІНІСІНЕ – 300ЖЫЛ!

Оңтүстік Сібір мен Жетісу сияқты тарихи аймақтарды байланыстырып жатқан Семей өңірі өзінің географиялық орналасуы себепті өзінің бойына түрлі мәдениттердің ықпалын бойына жинаған аймақтар қатарына жатады. Алайда, осындай мәдениеттердің ықпалдасуының өзегінде орналасқан өңір түрлі себептердің салдарынан археологиялық тұрғыдан жүйелі зерттеліп, зерделенбей өзге аймақтармен салыстырғанда кенже қалып жатыр. ХІХ-ХХ ғғ. аралығында жүргізілген археологиялық зерттеулер Семей қаласының маңында шоғырланды. Маманданған археологтар аздығы мен ғылыми-методологиялық әдістер тұрпайылығы себепті зерттеу жұмыстары көтерме жәдігерлерді тіркеуден ары аспады. Соңғы уақыттарда Семей өңірінде ұйымдастырылған археологиялық барлау және зерттеу жұмыстары өлкедегі ескерткіштердің көне замандарда жүрген тарихи-мәдени үдірістерді қайта жаңғыртуға және отан тарихының өзекті мәселелерін шешудегі орыны ерекше екендігін көрсетті.Биыл Семей бекінісіне 300 жыл. XVIII ғасырдың басында (1718 ж) негізі қаланған қаланың маңызы бар орталық болды. Бұған ХІХ ғасырдағы облыс халқының саны дәлел Қазіргі Шығыс Қазақстан жері Өскеменнен басталып Қара Ертіске дейін ертеден қазақтардың мекені болып табылады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей өңірі патша шенеуніктерінің айтуынша көшпелі қазақтар орын тепкен орыс әлеміне жұмбақ бай өлке болған. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Семей уезінде қазақ руларының өкілдері тұрды: рулар бойынша 5726 уақ, 1250 керей. Уақтар Семей қаласының оңтүстік жағында Семейтау, Белтерек, Арқалық және Ащыкөл өзенінің жағасы мен Ащысу өзенінің жоғарғы ағысында орын тепті. Аталған өңір Құмкөл болысына қарап ішінара тағы төрт болысқа бөлінді. Ертістің оң жағалауында уақтар уездің солтүстік бөлігі болып табылатын Лебяжье және Черный ауылдары арасында жайғасқан. Уездің солтүстік-шығысында орналасқан Аршалы болысы керейлердің жайылымы болды, сонымен қатар керейлер Малыбай болысы мен Семей уезінің басқа да болыстарында орналасты. Өскемен уезінің территориясында керейлер мен уақтардың 68 шаруашылығы көшіп-қонып шаруашылықтарын дөңгелетті. Павлодар уезінде керейлер басқа руларға қарағанда азшылықты құрады. Нақты айтқанда олардың тұрағы Ертіс өзенінің сол жағалауында Қызылағаш және Тереңкөл болысына қарасты территориялар болды. Зерттеуші Н.Е. Бекмаханова атап көрсеткендей Семей мен Ямышев территориясында 1816 жылы 15 мыңға жуық қазақ өмір сүрген. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Семей облысында жаңа Бай-уақтардан құралған болыстың негізі қаланды. 1874 жылы бұл болысқа Белағаш деген атау берілді. Аталған болыста 1444 шаруашылық жұмыс істеп, оның 25,75%-ын уақтар иеленді. Белағаш болысында тұратын арғын,найман,керей, уақтар өздерін «қырық ру» деп атады, бұл атау өз кезегінде жинақталған құрамдас болыс екенін көрсетіп тұрды. Тобыл губерниясының 1802 жылғы 5 рет өткізген әкімшілік тексерісінен кейін Семей облысында әртүрлі сала өкілдері болды, оның ішінде 32 көпес, 208 мещан мен цех маманы, 728 мемлекеттік шаруа, 130 помещик. ХІХ ғасырдың 20 жылдарындағы Сібір қазақтары және Орынбор қазақтары туралы ережеден кейін Семей халқының саны артты. Олардың дені әскерилер мен әкімшілік шенеуніктерден тұрды, сонымен қатар Семей қаласы Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының бірі болуына байланысты саудагер көпестердің де саны артты. 1830 жылы Семейге 54 азиялық көпестер отбасыларымен келіп қоныстанған. 1825 жылы Семей қаласының тұрғындарының саны 5849-ға жетті, оның ішінде 4237 ер адам, 1612 әйел адам, ал 1867 жылы халық саны 8550-ге жетті. Ортаазиялық көпестер Семеймен қатар Петропавлда да өз саудаларын қыздыртты, көпестерге жергілікті халық «тәшкенттіктер» деген атау берді, олар орыс отырықшы тұрғындарымен және көшпелі қазақтармен сауда жүргізді. 1852 жылы Семейде тәшкенттіктердің саны 48, ал жалпы шетелдіктер саналатындардың саны 306 болды. 1857 жылы Семей, Өскемен, Петропавлда Орта Азия халқының өкілдері саналатын 526 ер адам, 539 әйел адам тұрды. Олардың көбісі Қазақстанға сауда-саттықпен келген Ресейдің қоластындағылар. Сонымен қатар жергілікті халық арасынан шыққан көпестерде болды, 1863 жылғы Семей облысы бойынша барлық саны 2688 көпес болған. Семей халқының санының жоғарғы қарқынмен өсуіне негізгі себеп Семейдің облыс орталығы болуы, бұл қаланың экономикалық-әлеуметтік жағдайымен қатар санының өсуіне оң әсерін тигізіп халық саны 188796 дейін жетті. Халық саны көбейіп маңызы бар әкімшілік орталық болғандықтан, бұл жерді басқаратын округтік приказ құрылды. Оның міндетіне халықтың көшіп қонуынан бастап, жайылымдық жерлерді бөліп беруге дейін жатты. Аталған әкімшілік басқарманы окруктік әскери бастық басқарды. Әскери бастық ел тыныштығымен қатар, облыс, уездердің ішкі және сыртқы мәселелері мен байланыстарын реттеп шешіп отырды. Ал жалпы Семей облысының әкімшілік басқармасы толығымен Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарады. 1854 жылы 19 мамырда патша жарлығы бойынша Семей, Өскемен, Көкпекті, Аягөз, Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей облысы құрылды. Облыстың өзіндік таңбасы мен облыс орталығы екендігін анықтайтын белгілері болды. Сырттан келушілердің саны одан әрі көбейді оған дәлел 50- жылдары 2983 мещандар болса, 60-жылдары олардың саны 12 131-ге жетті. Сонымен қатар қала тұрғындарының саны жер аударылғандардың санымен артты. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қалада қазақ кедей-жатақтар мен қолөнершілердің саны арты бастады. Әртүрлі халық өкілдерінің жиналған қала тұрғындарының айналысатын шаруалары да әртүрлі болды, негізгі болып саналатын сауда, қолөнер, егіншілік болды. Сонымен қатар Семей облысында облыс қана емес толықтай республикалық маңызы бар, облыс шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп болды. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптер жатты. ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы Семей облысы халқының саны 160427 адам болды (54,6% ер адам, 45,4% әйел адам). Оның ішінде қазақтардың саны – 129459 (53,9% ер адам, 46,1% әйел адам). Бұған қосымша П.И. Кепненнің 1856 жылғы деректері бойынша Семей облысына 31 820 казактар мен 2823 мемлекеттік шаруалар қоныстанды. Н.Е.Бекмахановтың деректеріне сүйенсек сол кезеңде облыста 195070 адам мекен еткен. 1856 жылы 16 қарашада Семей облысының құрамына жаңадан Алатау округі қосылды. Аталған округ тұрғындары Ақмола, Көкшетау округтерінің көшпелі қазақ, қырғыздардан құралған болыстардан тұрды. Сырттан қоныс аударушылардың есебінен Алатау округінің халқы саны 60-жылдары 164926 (114962 қазақ және 50-ға жуық қырғыздар) адамға жетті. 1858 жылғы Семей облысы басқармасының есебінде көрсетілгендей халық саны 179252-ге жетті. Халық саны негізінен Сібір қырғыздарымен толықты. ХІХ ғасырдың 60 жылдары облыс тұрғындарының діни сенімдеріне келсек православиені ұстанатындар 37157, лютерандықтар 108, басқа дін өкілі 1, еврей 89, магометан 511796. Дәл осы уақытта 12367 орыстар, 6497 қазақтар болды. Осы уақыттағы халық санының артуы Орынбор, Самара губерниялары мен Орта Азиядан қоныстанушы шаруалардың көптеп келуімен тікелей байланысты.

Источник
: https://e-history.kz/kz/publications/view/3842
© e-history.kz

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі