Материалдар / 6 сыныпқа арналған ежелгі дүние тарихы пәнінен тараулар бойынша бірінші жарты жылдық бақылау жұмыстары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

6 сыныпқа арналған ежелгі дүние тарихы пәнінен тараулар бойынша бірінші жарты жылдық бақылау жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
ежелгі дүние тарихы пәнінен оқушыларға арналған тараулар бойынша деңгейлік тапсырмалар жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2020
1462
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


6 сыныпқа арналған ежелгі дүние тарихы пәнінен тараулар бойынша бірінші жарты жылдық бақылау жұмыстары.


Павлодар облысы, Павлодар қаласы

«№43 ЖОМ» ММ

Бейсекеева Гулимжан Сейлхановна,

І санатты тарих пәнінің мұғалімі.


Бақылау жұмысы №1

Нұсқа №1

І тарау.Ежелгі Қосөзен мемлекеттері.

Тақырыптар: «Шумер және Аккад», «Ежелгі Вавилон», «Ежелгі Қосөзен мәдениеті»

«А» деңгейі.

Дұрыс жауапты таңда:

1. Қосөзенде қалалар пайда болған мыңжылдық:
А) б.з.б IV мың. В) б.з.б. XX ғ. С) б.з.б. VII ғ. D) б.з.б. XXIғ . Е) б.з.б. III ғ.

2. Аккад мемлекетіне «тау аждаһарларының шабуылы»:

А) б.з.б.220 ж. В) б.з.б.604 ж. С) б.з.б.2200 ж. D) б.з.б.1792 ж. Е) б.з.б.2109 ж.
3. Шульги патша шығыстағы таулы тайпаларына қарсы неше жорық жасады?

А) 3 В) 15 С) 25 D) 10 Е) 9
4. Шумерліктер басшыларын қалай атады:

А) нубанда В) машки С) дамкар D) галуку Е) дуггур.

5. Вавилон қаласының қамқоршысы:

А) Мардук В) Таммуз С) Шамаш D) Син Е) Тиамат

6. Шумер және аккад халықтары алғаш мекендеген жері:
А) Кавказ тауларының оңтүстік сілемдері В) Қосөзен
С) Кіші Азияның шығыс бөлігі

D) Сирия Е) Элам

«В» деңгейі.

7. Сәйкестендіру:

1. Хаммурапи

А. Вавилон мықты да бай мемлекетке айналды.

В. Б.з.б 604-562 жж.

С. Аспалы бақ – әлемнің жеті кереметінің бірі.

2. Навуходоносор

D. б.з.б 1792-1750 жж.

Е. Заңдар жинағы.

F. Ең әсем қала ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды.

А) 1- А,Е, С; 2- D,В,F. В) 1- A,E,B; 2-F,С,D. С) 1- A,D,B; 2- С,E, F. D) 1- B,F,D; 2- С,E,A. Е) 1- A,D, E; 2- B,С, F.

8.Логикалық ретпен орналастыр:

1. Хаммурапи Қосөзенді Вавилонның қол астына бағындырды.

2. Хаммурапи елдердің құдіретті билеушісіне айналды.

3. Бүкіл шумер – аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.

А) 1,2,3. В) 2,1,3. С) 3,1,2. D) 1,3,2. Е) 2,3,1.

9. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықта:

1. Шаруккин билігі .

2. Урдың ІІІ әулеті тақтан түсті.

3. Урдың ІІІ әулеті билік ете бастады.

А) 1,2,3. В)3,2,1. С) 2,1,3. D)1,3,2. Е) 3,1,2.

« С» деңгейі.

10. Эссе жазу. Тақырыбы: «Вавилон әлемге әйгілі әсем қала»

Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар::
1. Тақырыптың негізгі мазмұның білу.

2. Оқиғалардың хронологиялық ретін сақтау.

3. Тақырып бойынша қорытынды жасау.



6 сынып. Ежелгі дүние тарихы.

Бақылау жұмысы №1

Нұсқа №2


І тарау.Ежелгі Қосөзен мемлекеттері.

Тақырыптар: «Шумер және Аккад», «Ежелгі Вавилон», «Ежелгі Қосөзен мәдениеті»

«А» деңгейі.

Дұрыс жауапты таңда:

1.Қосөзенде орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет құрылған ғасыр:

А) б.з.б ХХIV В) б.з.б. XX ғ. С) б.з.б. VII ғ. D) б.з.б. XXIғ. Е) б.з.б. ХХIII ғ.

2.Вавилон тәуелсіздігін алып, қайта гүлденген уақыт :

А) б.з.б IV. В) б.з.б. XX ғ. С) б.з.б. VII ғ. D) б.з.б. XXIғ . Е) б.з.б. III ғ.

3.Вавилон қаласын айнала жүрген адам, оның неше қақпасы бар екенін көретін еді?

А) 10 В) 300 С) 200 D) 220 E) 100

4.Қосөзенде қалыптасқан ең ежелгі жазу жүйесі?

А) иероглиф      В) әліпби     С) сына жазу D) кириллица Е)  петроглиф

5. Урдың ІІІ әулетінің билеушілерінің бірі, өзіне құдай тәрізді табынуды талап етті:

А) Мардук      В) Хаммурапи  С) Эанату D) Нарамсин    Е) Шульги

6. Қосөзен деп қандай өзендерді айтады ?

А) Евфрат пен Тигр В) Галис пен Ніл  С) Тигр мен Парсы шығанағы

D) Каспий теңізі мен Қара теңіз    Е) Евфрат пен Каспий теңізі


«В» деңгейі.

7. Сәйкестіндіру:

1. Вавилон

A. Иштар қақпасы.

B. Өлім мен өмір арасындағы күрес туралы.

C. Әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі.

2. Гильгамеш туралы дастан

D. Жүз қақпасы бар.

E. Аспалы бақ.

F. Энкиду есімді алып адам.

А) 1- A,С, E; 2- B,D,F. В) 1- A ,E,F; 2- B,С, D.

С) 1- A,D,F; 2- B,С,E. D) 1- A,E,D; 2- B,С, F. Е) 1- A,D,C; 2- B,F,E.

8. Логикалық ретпен орналыстыр:

1.Саудагерлер бүкіл елді еркін аралай алды.

2. Сауда дамыды.

3. Қосөзен жері өзара қырқысу соғыстары тоқтап, бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.

А) 1,3,2. В) 1,2,3. С) 2,1,3. D) 3,1,2. Е) 3,2,1.

9 . Оқиғалардың хронологиялық ретін анықта:

1. Навухоносордың билікке келуі.

2. Хаммурапи билікке келді.

3. Ежелгі Қосөзенде қалалар пайда болды

А)1,2,3. В) 3,2,1. С) 2,3,1. D)1,3,2. Е) 2,1,3.

«С» деңгейі.

10. Эссе жазу.Тақырыбы: «Хаммурапи заңдары- маңызды құқық құралы»

Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар::
1. Тақырыптың негізгі мазмұның білу.

2. Оқиғалардың хронологиялық ретін сақтау.

3. Тақырып бойынша қорытынды жасау.










6 сынып. Ежелгі дүние тарихы

Бақылау жұмысы №2

Нұсқа №1

ІІ тарау.Ежелгі Египет.

Тақырыптар: «Египетте мемлекеттердің пайда болуы», «Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы», «Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты», «Египеттегі ғылыми білім негіздері», «Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері»


«А» деңгейі.

Дұрыс жауапты таңда:

1.Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы:

А) б.з.б.2200 ж. В) б.з.б. 3000 ж. С) б.з.б. 4000 ж. D) б.з.б. 2000 ж. Е) б.з.б.І мыңжылдық

2.Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстаған елге айналған уақыт:

А) б.з.б. І мың В) б.з.б. ІІІ мың С) б.з.б. ІV мың D) б.з.б.ІІ мың Е) б.з.б.І мың

3. Ежелгі Египет жазуында қолданылған иероглифтер саны:

А) 150 –ге жуық. В) 250. С) 300. D) 650-ге жуық. Е) 750- ге жуық.

4. Ежелгі Египет билеушісінің лауазымы:

А) патша. В) король. С) хан. D) император. Е) перғауын.

5. Жаулаушылық жорықтарды кең көлемде жүргізген перғауын:

А) Жосер В) Нарамсин С) Хаммурапи.D) Менес Е) ІІІ Тутмос.

6. Ежелгі Египет орналасқан жер:

А) Шығыс Африка В) Оңтүстік Африка С) Солтүстік Африка

D) Солтүстік-шығыс Африка Е) Солтүстік-батыс Африка.

«В» деңгейі

7. Сәйкестіндіру:

1.Құлдар

А. Көзі тірісінде-ақ тастан мазар тұрғызылған.

В. Оларға тек жұмыс күші ретінде қарады.

С. «тірі өліктер».

2.Шонжарлар


D. Патшаның туыстары, достары болды.

E. Ең ауыр жұмыстарды атқарған.

F. Оларға перғауын әр түрлі сый-сыяпаттар жасады.

А) 1- A,B,C; 2- D,E,F. В) 1- B,C,D; 2- A,E,F. С) 1- B,C,E; 2- A,D,F. D)1-C,F,D; 2- A,B,E.

Е) 1-A,D,E; 2- B,C,F.


8. Логикалық ретпен орналыстыр:

1. Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті.

2. Египет адам тұруға жарамсыз жер.

3. Египет халық тығыз қоныстанған елге айналды.

А) 1,2,3. В) 3,2,1. С) 2,1,3. D) 1,3,2. Е) 3,1,2.

9. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықта:

1. Оңтүстік патшалығының патшасы солтүстік патшалықты жеңді.

2. Египетте шағын мемлекеттердің пайда болуы.

3. ІІІ Тутмос Алдыңғы Азияға аттанды.

А)1,2,3. В) 3,2,1. С)3,1,2. D) 1,3,2. Е) 2,1,3.

«С» деңгейі

10. Эссе жазу. Тақырыбы: «Ніл құтты мекен».

Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар::
1. Тақырыптың негізгі мазмұның білу.

2. Оқиғалардың хронологиялық ретін сақтау.

3. Тақырып бойынша қорытынды жасау.








6 сынып. Ежелгі дүние тарихы.

Бақылау жұмысы №2

Нұсқа №2

ІІ тарау.Ежелгі Египет.

Тақырыптар: «Египетте мемлекеттердің пайда болуы», «Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы», «Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты», «Египеттегі ғылыми білім негіздері», «Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері»


«А» деңгейі.

Дұрыс жауапты таңда:

1.Египетте шағын мемлекеттердің пайда болуы:

А) б.з.б. І мыңжылдық В) б.з.б. ІІІ мыңжылдық С) б.з.б. ІV мыңжылдық

D) б.з.б.ІІ мыңжылдық Е) б.з.І мыңжылдық

2. Хеопс пирамидасы салынды

А) б.з.б 1500 ж. В) ) б.з.б. 3000 ж. С) б.з.б. 2600 ж. D) б.з.б. 5589 ж. Е) б.з.б. 3500 ж.
3. Ежелгі Египеттегі Фивы қаласының бас храмында еңбек еткен құлдар саны:

А) 10 мың В) 20 мың С) 80 мың D) 40 мың Е) 50 мың

4.Египеттіктер таңба сурет деп нені атаған:

А) иероглиф В) әліпби С) сына жазу D) кириллица Е) петроглиф

5. Ең бірінші пирамида қай перғауынға арнап салынды:

А) Жосер В) Нарамсин С) Хаммурапи D) Менес Е) ІІІ Тутмос

6. Египет мемлекетінің алғашқы астанасы:

А) Мемфис В) Фивы С) Каир D) Иран Е) Гиза

«В» деңгейі.

7. Сәйкестендіру:

1.Перғауын

А. Құрма ағашын, арпа, бидай, жүзім өсірді.

В. Египет патшалары.

С. Ауыр міндеткерліктің бірі әскери қызмет ету.

2. Шаруалар

D. Оларға арнап пирамидалар тұрғызды.

Е. Егіншілікпен айналасты.

F. Асатаяқ, қамшысы болды.

А) 1- A,С, E; 2- B,D,F.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!