жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
6 сыныптар арасында сайыс өткізу жоспары
Күні: 12.12.2019 ж
Тақырыбы: «Жас математик»
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, логикалық есептер, әр жұпқа даярлаған үстел, карточкалық тапсырмалар.
Түрі: Сайыс сағаты
Типі: Ойын түрінде
Қолданылған нақыл сөздер:
“Математика - ғылымдардың патшасы, ал арифметика математика патшасы”
(К. Гаусс)
2. “Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика,
сондықтан да оны оқу керек”
(М. В. Ломоносов)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
“ Жас математик” атты 6- сыныптар арасында өткізіліп жатқан сайысқа қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызда әр сыныптың атынан екі оқушы қатысып, өз білімдерін сынап көреді.
6 «а», 6 «ә», 6 «б», 6 «в», 6 «г» сыныптардың намысын қорғауға келген оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Математика сырлары
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Смайлова Гүлмира
Рустемова Айкул
Когашова Бибигуль
Жүргізуші: «Өмір деген көк мұхиттың толқыны
Бір – бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып
О, Толқындар, арпалысып алға шық
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі» деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ. Ең алдымен сайыскерлеріміз өздерін таныстырып кетсе!
Ойын шарттарымен қатысушыларды және көрермендерді таныстырып өтсек:
Кім жылдам?
Ойлан тап!
Сиқырлы шаршы!
Эстафедалық есептер!
Математикалық жұмбақтар!
Қорытындылау кезеңі
І кезең: «Математикалық сұрақтар!»
әр жұпқа 6 сұрақтан беріледі. Кідірмей жауап беруі қажет! (Әр дұрыс жауап 1 балл)
ІІ кезең: «Ойлан тап»»
сұрақтар тақырып бойынша және ұпай сандары көрсетілген. Таңдап жауап бере алмай қалған жағдай да қарсыласы жауап беруге болады. (Таңдау әр жұпқа 2 реттен беріледі)
ІІІ кезең: «Сиқырлы шаршы!»
Қатысушыларға сандар жазылған қағаздар және шаршы пішінді плакат беріледі. Сол плакаттағы бос орынға сандарды орналастырып, нәтижесінде қосындылары қатарына бағанына бірдей нәтиже шығуы қажет (10 балл)
ІV кезең: «Эстафедалық есептер!»
Әр жұпқа 3 есептен беріледі. Әр дұрыс есепке 5 ұпай дан есептер конверттерден таңдау арқылы беріледі.
V кезең: «Жұмбақ шешу!»
Әр жұпқа екеуден жұмбақ жасырылады. 5 баллдан бағаланады.
І кезең: әр сұраққа 1 балл
«а»
1.Бұрышты
өлшейтін құрал... (транспортир)
2. Бойы
2 қарыс, Сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)
3.
31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып
алды. Олардың қаншасы қалды? (1)
4.
Қандай сан барлық санға қалдықсыз
бөлінеді? (1)
5. Ең кіші жай сан? (2)
6.
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш?
(квадрат)
7. Шеңбердің центрі арқылы
өтетін хорда? (диаметр)
8. Қосудың нәтижесі қалай аталады? (қосындының мәні)
9. 36 санының бөлгіштері? ( 2,3,4,6,9,12,36)
10.
шеңбер диаметр жартысы? (радиус)
6
«ә»
1.
Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
(Айырманың мәні)
2. 1 сағатта неше минут
бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын
санды ата.(70)
4. Шарты мен сұрағы бар
кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі
40 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы
айы қандай?(Қыркүйек)
7. Азайту амалының
компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш,
айырманың мәні)
8. 3 пен 9 - дың
көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың
аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның
өзіне бөлсе.? (1
шығады)
«б»
1. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
2. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
3. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)
4. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
5. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(желтоқсан)
6. Бөлу амалының компанеттерін ата? (бөлінді, бөлгіш, бөліндінің мәні)
7. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?(21)
8. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
9. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
10. 25 санының бөлгіштерін ата? (5,25)
6«в»
1.Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? (Әріпті өрнек)
2.Екі санның бөліндісін не деп атаймыз? (Қатынас)
3.Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы? (Төртбұрыштың периметрі)
4.24 санының бөлгіштерін ата: ( 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24)
5.5 санының бөлгіштік белгісі? (0 және 5-тен аяқталса)
6.Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар? (Қарама – қарсы сандар)
7.Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады? (Теңдеу)
8.Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз? (Масштаб)
9.S= ab қандай фигураның формуласы? (Тіктөртбұрыштың ауданы)
10.27 санының бөлгіштерін ата: (1, 3,9, 27)
6«г»
1.
Жазыңқы бұрыштың шамасы? (180º)
2.
Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
3.
Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш?
(тіктөртбұрыш)
4.
Теріс
санға теріс санды көбейтсек? (оң
сан)
5.
Қандай сандар 0 - ден үлкен? (оң
сандар)
6.
1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар?
(жай
сандар)
7.
6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?
(30)
8.
Санды сол санның өзіне бөлсе.? (1
шығады)
9. 24 санының бөлгіштері? (2,3,4,6,8,12,24)
10. қай санның өз-өзіне қосқанда да, көбейткенде де бірдей сан шығады? (2)
ІІ кезең: «Ойлан тап!» бойынша слайдта сұрақтар жасырылған таңдау арқылы сол сұрақтарға жауап береміз.
ІІІ кезең: «Сиқырлы шаршы!»
Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы шаршы». Әр жұпқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді
Таңдап алынады:
6 «а»
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 15-ге тең болатындай етіп сандарымен бос торкөздерді толтыр.
6 «ә»
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 17-ке тең болатындай етіп сандарымен бос торкөздерді толтыр.
6 «б»
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ға тең болатындай етіп сандарымен бос торкөздерді толтыр.
6 «в»
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 48-ға тең болатындай етіп сандарымен бос торкөздерді толтыр.
6 «г»
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 66-ға тең болатындай етіп сандарымен бос торкөздерді толтыр.
ІV кезең: «Эстафедалық есептер!»
Әр жұпқа 3 есептен беріледі. Әр дұрыс есепке 5 ұпай дан есептер конверттерден таңдау арқылы беріледі.
№1
№1. Салмақтары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 грамм болатын алмаз тастардысалмақтары тең болатындай етіп, төрт
сандықшаға қалай орналастыруға болады?
Жауабыңды негізде.
7 грамнан болуы керек:
(1+ 2+ 3+ 4+ 5+ 6 +7):4 =28:4=7 (г) .
Былайша орналастыруға болады:
7+(1+6)+(2+5)+(3+4).
Жауабы: 7 грамнан.
2. «Сарыарқа фирмасы» Фирма айына 2440 тонна ұн өндіреді де, халыққа бөлігін сатады. Қанша ұн сатылады?
Жауабы: 1830 т
3. Шабарман 2,72 км қашықтықты шауып өту керек болды . Егер осы қашықтықты 0, 8 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта шауып өтеді
Жауабы : 3,4 сағат
№2
1. Сандар белгілі бір ереже бойынша қойылған. Осы ереже бойынша
келесі екі санды анықта: 5, 10, 15, 20, 25, ... .
Жауабы: 30 және 35 сандары.
2. 9 бен 27 сандарының арасында
қанша жұп сан бар?
Жауабы: 9 сан
3. Теңдеу шеш
86,9-(х+11,3)=59,8
Жауабы: 15,8
№3
№. 1.Сандар белгілі бір ереже бойынша қойылған. Осы ереже бойынша
келесі екі санды анықта: 6, 9, 12, 15, 18, ... .
Жауабы: 21 мен 24 сандары
2. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен.
Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені
қайсысы?
Жауабы: /Ажар/
3. Теңдеу шеш
(68,37-у):6,15=8,
Жауабы: 17,94
№4
1.Бір кірпіштің салмағы жарты кірпіш пен 2 килограммға тең. Бір
кірпіштің салмағы қандай?
Жауабы: 4 килограмм.
2. Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше
жұмыртқа табады?
Жауабы: 12 күнде 22 жұмыртқа табады
3. Теруші біріні кұні шығарманың 24 бетін терді. Бұл барлық шығарма беттерінің 0,3 дей. Шығарма неше беттен тұрады?
Жауабы: 80 бет
№5
1. Кітапта 240 бет бар және оның 60 парағының қалыңдығы 1 см
екендігі белгілі болса, кітаптың қалыңдығы қандай?
Жауабы: 2 сантиметр
2. Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан.Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жалғастыр:
9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,..
Жауабы: 10, 13, 11...
3. Баласының жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші, ал атасының жасынан 9 есе кіші. Үшеуінің жастарының қосындысы 105-ке тең. Баласы неше жаста?
Жауабы: 63+35+7=105
Баласы 7 жаста
V кезең: «Жұмбақ шешу!»
Әр жұпқа екеуден жұмбақ жасырылады. 5 баллдан бағаланады.
Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз:
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
Жауабы: 30 қаз
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
Жауабы: 4
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: 70 үйрек
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?
Жауабы: 24
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?
Жауабы: 45 алма
Қанша жұмыртқа қалды?
Тауықтың біреуі
Бес балапан шығарды.
Көптен күтіп жүреді
Інім қатты қуанды.
Он жұмыртқа бастырған
Қарай алмай шаршады
Жаулығының астында
Жатыр әлі қаншауы?
Жауабы: 5
Қанша жанғақ?
Портфелде әуелі
13 жаңғақ бар еді
Науат пен Маратқа
Самат пен Сағатқа
Апасына Қанаттың
Екі — екіден тараттым
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал жаным
Жауабы: 3
Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен
Анам және енесі
Енесінің бөлесі –
Отыр еді шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің
Жауабы: 11
Жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаздарын тапсырады.
(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады) Музыкалық сәлем.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген