Тақырып бойынша 18 материал табылды

7 - сынып. Қазақ тілі. Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
7 - сынып. Қазақ тілі. Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 6-сабақ


Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :

Сапарәлі Айгерім Қонысбекқызы

Күні:

21.01.2025

Сынып: 7Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану

  • Сабақтың мақсаты

  • тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі;

  • шылау түрлерін ажырата біледі, орынды қолданады

  • Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәдемдесу!

Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал

«Сәлемдесу» ойыны.














Үй тапсырмасын сұрау.

«Әлеуметтік желілер уақыт ұрлаушылар ма?» деген сұраққа «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жауап жаз.








  • Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру

  • Смарт мақсат қою

Ойтүрткі

«Жаңа технология бізге бұрынғыдан да көп мүмкіндік береді, бірақ оларды пайдаланудың жауапкершілігі де бар» Бернард Марр

Психологиялық ахуал

«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


8-тапсырма, 151-бет
















Пікірді талқылайды



















Үй тапсырмасы.

Дескриптор: 2 балл

«Әлеуметтік желілер уақыт ұрлаушылар ма?» деген сұраққа «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жауап жазды – 2 балл.






Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Оқулық, жұмыс дәптерлері


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

7 минут

1-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы. Мира Сембайқызының ғаламтор жайлы өлеңін тыңдап, деректер мен көзқарасты ажырат.

Wordwall бойынша тапсырма:

https://wordwall.net/play/82174/894/396


Ғаламтор

Ғаламтор деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған,
Күн-түн демей қажетке
Жаратады бар адам.


Адамдардың сан алуан
Көп болса да сұрағы
Миллиондаған жауабы
Лезде дайын тұрады


Отырып-ақ үйіңде,
Шарлайсың сан әлемді.
Ғаламторға сенеді
Адамзаттың бәрі енді.


Дерек (факт):

Бұл – объективті, дәлелденетін ақпарат, яғни шындыққа негізделген мәліметтер. Өлеңнен мыналарды дерек ретінде қарастыруға болады:

  1. 1. Бес құрлыққа тараған." - Ғаламтор шынымен де әлемнің барлық құрлықтарына таралған.

  2. 2. "Отырып-ақ үйіңде, Шарлайсың сан әлемді." - Интернет арқылы әртүрлі ақпаратқа қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі бар.

  3. 3. "Күн-түн демей қажетке, Жаратады бар адам." - Интернет тәуліктің кез келген уақытында қолжетімді.


Көзқарас (пікір):

Бұл – субъективті тұжырымдар, яғни адамның көзқарасына, сезіміне, нанымына негізделген ойлар. Өлеңдегі пікірлер мыналар:

  1. 1. "Ғаламтор деген ғажап бар." - Бұл автордың ғаламторды ғажап деп бағалауы, яғни субъективті көзқарас.

  2. 2. "Ғаламторға сенеді, Адамзаттың бәрі енді." - Адамдардың ғаламторға толық сенуі – автордың пікірі, өйткені шын мәнінде әр адамның сенім деңгейі әртүрлі.

  3. 3. "Миллиондаған жауабы, Лезде дайын тұрады." - Бұл шындыққа жақын болғанымен, интернеттегі ақпараттың сапасы мен шынайылығы әртүрлі болуы мүмкін.

Дескриптор: 2 балл.

-деректі тапты – 1 балл;

-көзқарасты тапты – 1 балл.

Тақта

8 минут

3-тапсырма. Жұптық жұмыс Мәтіндегі деректерді пайдаланып, өз қөзқарасыңды білдіре отырып, жастарға арнап компьютер мен ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пост жазыңыз. Пост мотивациялық және тартымды болуы керек. Эмоциялы сөйлемдер мен хэштегтерді қолданыңыз.

Мысалы:

  • "Көздеріңді қорға! ? Күніне 2 сағаттан артық отырма!

  • Өз уақытыңды басқарып үйрен! ⏳

  • Ақылды қолданушы бол! ?

#Денсаулық #Ғаламтор #КомпьютерҚауіпсіздігі"

3-тапсырма.

Мәтіндегі деректерді пайдаланып, өз қөзқарасыңды білдіре отырып, жастарға арнап компьютер мен ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пост жазады.



Дескриптор 2 балл.

- Мәтіндегі деректерді пайдаланып, өз қөзқарасыңды білдіре отырып, жастарға арнап компьютер мен ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пост жазды – 2 балл

Оқулық, жұмыс дәптерлері


8 минут


Мұғалім сөзі: Шылаулардың емлесі.


5-тапсырма. Жеке жұмыс. Жақшаның ішінде берілген шылау ма, жалғау ма? Жақшаны ашып, ережеге сай жаз.










5-тапсырма. Жеке жұмыс. Компьютер

Пернетақта алдыңда,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар,
Компьюте
р бұл ғажап.


Керек емес қаламың,
Жазуды
да жазады.
Қарындаш
пен бояусыз,
Суретті
де салады.


Талай шаруа бүгінде,
Компьютерсіз бітпейді.
Керек десең ол тіпті,
Том-том кітап жүктейді.


Ғаламторға жалғасаң,
Жоқ оны
мен таласың.
Бар сұраққа бір дем
де,
Миллион жауап аласың.

Дескриптор: Жалпы – 2 балл:

-Ережеге сай орындады – 2 балл






Оқулық, жұмыс дәптерлері, тақта

8 минут

Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс

Тапсырма: "Егерде біз компьютерді зиянсыз ететін құрылғы ойлап тапсақ…" тақырыбында шағын қиял-идея ұсыныңыз.

Шарттар:

  • Құрылғының атауын ойлап табыңыз;

  • Оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңіз;

  • Компьютердің қандай зиянын жоятынын сипаттаңыз.

Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс

Тапсырма: "Егерде біз компьютерді зиянсыз ететін құрылғы ойлап тапсақ…" тақырыбында шағын қиял-идея ұсынады.


Дескриптор: Жалпы – 2 балл:

-Тақырыпты ашты – 1 балл;

-Эстетикалық талаптарды сақтады – 1 балл


А4, маркер

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

«Менің эмоциям» әдісі


Үй тапсырмасы: 8-тапсырма. (149-бет).

Оқушылар сабақта не түсінгендерін және қандай жаңа ақпарат алғандары жайлы өздерінің сабақ басында қойған смарт мақсаттары негізінде мұғалімге рефлекция жазады. Сабақтан кейінгі эмоциясымен бөліседі.

1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалау

Формативті бағалау

10 балдық жүйемен




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11