Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Айгөлек» ересектер
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: 7 саны және цифры. 1-7 дейін сандар. Апта күндері.
Мақсаты: 7 саны және цифрын енгізу; санды және реттік санау дағдысын жетілдіру. Аптадағы күндердің атауын жаттау арқылы балалардың бойында
уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың зейін мен логикалық ойлау қабілетін дамыту. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, коврограф
Көрнекіліктер: слайд, 0-10 дейін сандар, суреттер, қаламдар, тақтайша, тұзды қамыр
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, дидактикалық ойын, санату, қайталау, көркем сөз.
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивация-лық –қозғаушы-лық |
Балалар бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық Жақсы. Шаттық шеңбері Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап Судай мөлдір, таза көңілмен күнімізді бастайық! Балалар қазір бізде Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу қызметі. Ал осы сабақтарда біз не істейміз ? Жақсы Ал енді тақтаға қараңдаршы : сандар бәрі шатасып өз орындарын таба алмай жүр. Мүмкін оларды дұрыс санап шықсақ олар орындарын табады? Тақтадан шашылған сандарды көрсету. Санап болған кейін сандарды 0-дан 10-дейін рет ретімен көрсету |
Балалар амандасады Сәлеметсіздер ме. Санаймыз, сандармен танысамыз Балалар үш тілде санайды 0-дан-10 -ға дейін |
|
Ұйымдасты-рушылық-ізденістік |
Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы : 1-7 –ге дейін сандар. 7 саны және цифры. Апта күндері. Балалар сендерге бір тақпақ оқып бергім келеді: Апта күндері Сәл демалып тыным ал, Тақпақ тыңдап ,ұғып ал. Апта деген ағайдың, Жеті бірдей ұлы бар. Сол жеті ұлдың, жастары бір, Әр ұлдың Өзіне тән аты бар. Бірі кетсе, екіншісі келеді. Жеті бауыр адаспас. Зымырайды желеді Ешқашанда шатаспас Коврографқа жеті ұлдың суретің ілу. Апта ағайдың ұлдары: Біріншісі Дүйсенбі, Екіншісі-сейсенбі, Үшіншісі-сәрсенбі, Төртіншісі-бейсенбі, Бесіншісі-жұма, Алтыншысі-сенбі, Жетіншісі-жексенбі.Балалар олар бәрі нешеуі екен?
Ағайындылар /апта күндері /ешқашан тәртіп бұзбайды, рет-ретімен жүреді. Олардың атын атап санмен белгілейік. Адамдар қай күні демалады? Қай күндері жұмыс істейді? Сендер балабақшаға қай күндері келесіңдер? Қай күндері демаласыңдар? Бүгін қай күні? Ертең қай күн болады? Кеше қай күн болды? Ал қазір апта күндерімен ойын ойнаймыз. Тақпақ оқу Айнұр атты бір қыз болыпты Дүйсенбіде кір жуыпты, Сейсенбіде үй жуыпты, Үшінші күн нан жауып, Бейсенбіде шан қуды. Жұма күні демалып, Сенбі күні торт алып, Жексенбі қонақ шақырды. Апта күндерін қайталау. Сергіту сәті бейнетаспа Балалар біз апта күндерін қай сандармен белгіледік? 1-ден 7 –ге дейін сандарды Осы сандар туралы санамақ білеміз Жеті дегенім –жалау Жүректегі алау. Балалар қазақ халқында 7 саны киелі сан деп саналады. Әр қазақ жеті атасын білу керек Және де 7 қазына бар /слайд/ Әлемде де бұрынғы ерте заманда 7саны киелі және сиқырлы деп саналған.Әлемде 7 ғажаыйпры бар /слайд/ Киев пен Рим қалалары жеті төбеде салынған./слайд/ Индияда бақытқа жеті пілді сыйлайды/слайд/Біздің де қазіргі өмірімізде көп 7 саны кездеседі. 7 нота, кемпірқосақтың жеті түсі бар.Ал сендер ерегілер білесіңдер ме 7 саны бар?/слайд/ Балалар жеті саны сандар қатарында қай жерде тұр? /6 мен 8 сандардың арасында/ Ал жеті саны қалай пайда болады? Алты санға неше қосу керек 7 саны болғандай? Коврографқа тәрелке және екі тоқаш жапсыру. Балалар тәрелкеде неше тоқаш? Жетеу болу үшін біз не істейміз? Неше тоқаш қосамыз? 3 рет ойнау Ал жеті саны неге ұқсайды /слайд/ Тақпақ оқу Жазда шөпті шабар, Қыста тыным табар. Шалғы бар әр үйде «7»-ге ұқсас бәрі де. 7 санды ауада жазамыз. Алдымен жоғары жақта көлденен сызықты солдан оңға қарай, сосын қисық сызықты жоғарыдан төмен қарай сызамыз. Ортасынан сызық жазамыз. Ал енді жеті саның тұзды қамырдан жасаймыз. Кім жасап болды қолдарынды қолсүрткішпен сүртіңдер. Жеті санды қаламмен жазуға үйренеміз. Үлкен жеті саның саусақпен жазыңдар, ал кішкентайларын қаламмен. |
Балалар тыңдайды Жетеу Балалар апта күндерін атап санмен белгілейді. Жауабы Жұма Сенбі бейсенбі Балалар суреттерді сәйкес апта күндеріне іледі. Қайталайды Балалар қимылдарды қайталайды Нурлан Бір дегенім-бесік Шықтық содан өсіп. Екі дегенім –елім Далам, тауым, көгім Адильбек Үш дегенім-үміт Үміт артар жігіт. Төрт дегенім –төзім Төзе білем өзім. Ұлпан Бес дегенім- бақыт Бағалайтын уақыт. Алты дегенім-ақыл Тыңдағанын мақұл. Адильбек, Нурлан, Айару 1.Ер жігіт 2.Сұлу әйел 3.Ақыл,білім 4.Жүйрік ат 5.Қыран бүркіт 6.Берен мылтық 7.Жүйрік тазы Жауабы 6+1 Қосамыз 5 тоқаш Шалғыға Ауада жазады Балалар тұзды қамырдан жеті санды жасайды. Саучсақпен жазады, және қаламмен |
|
Рефлексия-лық-түзетушілік |
Балалар бүгін оқу-қызметімізде біз қандай санмен таныстық? 7 саны қандай сан? 7 саны неге ұқсайды? Бір аптада неше күн бар? Сендер барлығын жақсы қатыстыңдар сабаққа рақмет. Ал енді жұлдызшаларынды санандар, кімде ең көп жұлдызша бар? Сол ең жақсы оқу өызметімізге қатысты |
Балалар сұрақтарға жауап береді Жұлдызшаларын санайды, қүанады |
Күтілетін нәтиже:
Қайтала алады: 7 саның және апта күндерінің аттарын;
Түсінеді:7 санның жазылуын, 7 санның жасалуын, апта күндерінің реттілігін;
Қолдана алады: 7 саны көлеміндегітура және кері санауды, апта күндерін ретңмен атап шығуды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
7 саны және цифры. Апта күндері.

шағым қалдыра аласыз