Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру. 7-нің мұсылман елдерінде қасиетті саналатыны туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: 7 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ


Математика пәні 1 сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру. 7-нің мұсылман елдерінде қасиетті саналатыны туралы түсінік беру.

білімділік: 7-ні қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету.

дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау, есептеу дағдыларын қалыптастыру.

тәрбиелік:Білімге деген құштарлықтарын арттыру, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.:

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

І Психологиялық дайындық.

4 – слайд: Сабаққа біз даярмыз

Жалқаулықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз

Балалар бүгінгі математика сабағымыз ерекше өтеді , өйткені «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері бізде қонақта .Ертегіні еске түсіріп,бүгінгі тапсырмаларды орындап ,бауырсақты құтқаруға көмектесетін боламыз

Ертегі қалай басталады , кім бастап береді ?

Ертегіні бір оқушы бастайды

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты.

Бір күні шал кемпіріне:Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші- дейді.

-Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?- депті кемпірі.

- Әй кемпірім-ай! Сен қамбаны сыпырып, қалған – құтқан ұн да жиналып қалар-деді шалы

Кемпір қарияның айтқанын істейді: қамбаны сыпырып, қалған-құтқан ұнды жинап алады. Ұнды қаймаққа илеп, бауырсақ жасайды.

Балалар әжеміздің бауырсағы дайын болғанша өткен тапсырмаларды еске түсіріп көрейік

ІІ. Өткенді қайталау Сұрақ –жауап

- 7 санын қалай шығарып аламыз?

- 7 саны қай сандардан артық?

- 7 саны сандар қатарында қай саннан кейін келеді?

Үй тапсырмасын тексеру :

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Үйге берілген 7 саны және цифры тақырыбы бойынша сұрап шығу 0-ден 7-ге дейін оңға және кері санату. Өтілген сандар құрамын анықтау.

Балалар ертегіміз ары қарай не болды екен , тыңдап көрейік

Ертегіні екінші оқушы жалғастырады

Пешін жағын, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге қояды. Көп, аз уақыт өткені белгісіз, үй ішін тәтті нан иісі алып кетеді.

Бауырсақ – тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі. Шал оны бірден жегісі келеді, бірақ бауырсақ өте ыстық еді. Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдына қояды.

Балалар әжеміздің бауырсағы суып болғанша жаңа сабақпен танысайық

ІІІ Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз.



1 ) Оқулықпен жұмыс1 тапсырма

6 ара 1 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 6 + 1 = 7

5 ара 2 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 5 + 2 = 7

4 ара 3 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 4 + 3 = 7

2 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.

Қызыл кесінді 7 см. Көк кесінді 6 см.

7 см >6 см

Балалар ертегіміз ары қарай не болды екен

Ертегіні үшінші оқушы жалғастырады

Бір өзі жатып-жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп, жерден шөпке, шөптен жолға түсіп әрі қарай домалай жөнеледі,домалай жөнеледі.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін:

Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,

Ал сенен, қашу, қоян, Қиын емес маған – дейді

Балалар ендеше бауырсақты қояннан құтқарайық .Ол үшін мынадай математикалық жұмбақты шешін көрейік

Жаңа ғана шалғында, 7 бұзау жүр еді,

Әлде шаршап қалды ма? Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып, Жүргенін айт айырып. 7 – 1 = 6


Алмабағыжайнаған. Қызылалмаайналам.

Алдымүзіпбесеуін, Тағы даалдымекеуін

Алдымсонданешеуін? 5+ 2 =7


Санын білмей сәбіздің Қоян әбден тосылды

Көмектесіп жіберші Құтқарып сен досыңды

Оң қолында төрт сәбіз, Сол қолыңда үш сәбіз 4 + 3 =7


Айболда бес өрік , Нұрболда екі өрік.

Барлығын қосқанда Болады неше өрік? 5 + 2 =7

Қоян аң-таң болып жолда қалады.

- Міне, балалар біз бауырсақты қояннан құтқардық. Қоянның тапсырмасы

Кел, ойнайық!

Өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастырып, Қоянның жасырған сөзін тап:

2+2-2= ж

1+3+2= т

4+0+3= і

3+2+0= е

Балалар қоянның бізден жасырған сөзі «жеті» екен.

Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік?

-7 саны

7 санына қатысты не білеміз?

Shape1

Ғажайып

жеті саны


мүшел

шелпек қарақшы


ата ғалам

керемет

- Балалар, мен бүгін сендерге 7 санының қасиетті, киелі сан екендігі туралы құпия сыр ашқым келіп отыр. Олар:

7 ата –1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

7 қазына –1. Ержігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы (ит).

7 күн –1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн 6. Соңғы күн. 7. Азына.

7 қат көк –1. Ай. 2. Күн. 3. Шолпан. 4. Есекқырған (Меркурий). 5.

Қызылжұлдыз (Марс). 6. Сатурн. 7. Мүштәри (Юпитер).

Балалар ертегімізді ары қарай баяндайық

Ертегіні төртінші оқушы жалғастырады

- Қояннан құтылған бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді.

- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін- дейді

- Жемеші мені, қасқыр. Мен саған өлең айтып берейін.

Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,

Қояннан да қаштым, Босқа тұрсам ұтылармын,

Қасқыр, сенен де құтылармын.

Балалар ендеше бауырсақты қасқырдан құтқарайық

4 )Дәптермен жұмыс

7 санын жазу.

2) №1 теңдіктер құрастыр және жазындар.

6+*=7 5+*=7 +*=7

*+6=7 *+5=7 *+4=*

7-*=* 7-*=* 7-*=*

7-*=* 7-*=* 7-*=*

- Міне, балалар біз бауырсақты қасқырдан құтқардық.

Бауырсақ болса қасқырды алдап, домалап кете барады.

. Бауырсақтықасқырдан құтқарамыз деп шаршадық , сергіп алайық

Сергіту сәті

Сәл дем алып, тыным ал, Тақпақ тыңдап , ұғып ал.

Апта деген ағайдың 7 бірдей ұлы бар.

Біріншісі-Дүйсенбі Екіншісі- Сейсенбі

Үшіншісі-Сәрсенбі Төртіншісі-Бейсенбі

Бесіншісі-Жұма Алтыншысы-Сенбі

Жетіншісі-Жексенбі

Қасқыр аңтарылып артта қаладыҚасқырдың тапсырмасы

Есеп құрастырып ,салыстыр 5 >3 3< 4 6>4

Балалар ертегімізді ары қарай баяндайық

Ертегіні бесінші оқушы жалғастырады

Сол домалаған қалпы ол қорбаңаған аюға жетіп тіреледі.

- Бауырсақ, бауырсақ, мені сені жеймін!- аю

Бауырсақ: - Тоқтап тұр, аю аға, одан да менің өлеңімді тыңда.

Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,

Қояннан да қаштым, Қасқырдан да қашты,

Аюға келді кезек, Одан да қашу керек.

Балалар ендеше бауырсақты аюдан құтқарайық Ол үшін

«Санды тап » ойынын ойнайық

Ойын шарты: Мына сандарды табу керек .

6 мен 8 арасындағы сан

5 –тен 1–еуі артық

7 –ден 1-еуі кем

7 мен 9-үйде көршілер тұрады , мен қай үйде тұрамын

Оқулықтағы 3 – тапсырма интерактивті тақтада орындалады.

Балалар ертегімізді ары қарай баяндайық

Осылайша, бауырсақ аюдан да құтылады. Аңқау аю ауызын ашып, қала береді.

Ертегіні алтыншы оқушы жалғастырады

- Алансыз домалап келе жатқан бауырсақ енді түлкіні кезіктіреді.

Бауырсақты көріп, қуанып кеткен түлкі.

- Амансың ба, бауырсақ! Өзің қызарып әдемі болып кетіпсің- дейді

бауырсақ мақтаныштан әнін бастап жібереді:

Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,

Қояннан да қаштым, Қасқырдан да қашты,

Аюдан да қаштым, Түлкі, қазір сенен

Оңай қашып кетем.

Балалар ендеше бауырсақты түлкіден құтқарайық Мына сандардың ішінен 7 санын тауып қоршап сызыңдар

Жарайсыңдар , балалар! Бауырсақты құтқардық

Сабақты қорытындылау

Біз қандай санның құрамымен таныстық? 7 санының құрамын ауызша сұрау.

Сабақ ұнады ма?

Мадақтау

Рахмет

Ұнадыңдар , балалар!

Құштарсыңдар білімге

Аяқтап мен сабақты

Рахмет айтам сендерге

Жасыл-сабақ қатты ұнады, бәрін түсіндім;

Сары-ұнады,бірақ түсінбегендерім бар;

Қызыл-ұнамады,түсінбедім.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
550
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12