400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7-сынып геометрия курсын қайталау. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2А: Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

7-сынып геометрия курсын қайталау.

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

Сабақтың түрі

Өтілген материалды қайталау, жүйелеу және жалпылау сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу, ажырата алу және оларды сала алу;

7.3.2.3 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдану

Сабақтың мақсаты

- сыбайлас және вертикаль бұрыштарды ажырата алу және оларды салу;

- сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданып есептер шығару

Бағалау критерийлері

- берілген суреттен сыбайлас және вертикаль бұрыштарды ажырата алады, берілген бұрыштарды салады;

- сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін есептер шығару мен дәлелдеуде қолданады.

Тілдік мақсат


Оқушылар:

- бөлімнің түсініктері мен терминдеріне сүйенеді;

- аксиомалар мен теоремалардың сипаттамаларын айтады;

- фигуралардың өзара орналасуын сипаттайды;

- сызбаның салуын түсіндіреді;

- есептің шешімін түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

- аксиома, теорема;

- жазықтық, ара қашықтық, жиын;

- нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш, үшбұрыш;

- бұрыштың түрлері, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш, тік бұрыш;

- вертикаль бұрыш, сыбайлас бұрыш;

- бұрыштың градустық шамасы;

- градус, минут, секунд

Диалог пен жазылымға қажетті тіркестері:

болатын тұжырым.

Түзу …өтеді

Егер…, онда…

- жазыңқы бұрыштың 1/180 бөлігі.

Құндылықтарды дарыту

Өздігінен оқу, ақпаратты өздігінен іздеу, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселе қойып, оны шешу, топта жұмыстану, өзгелердің ойларын сыйлау, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, уақытын тиімді ұйымдастыру.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сызу, география («Smart Notebook» бағдарламасын қолданғанда Алматы қаласының картасымен жұмыс)

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, «Smart Notebook» бағдарламасы.

Бастапқы білім

Планиметрияның негізгі фигуралары.

Планиметрияның аксиомалары.

Кесінділер мен бұрыштарды салу және өлшеу кезінде сызғыш пен транспортирді қолдана алу.

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар (анықтамасы, суреті, қасиеті)

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың басында:

- сабақтың құрылымына назар аудару;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару;

- оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын/оқу мақсатын анықтау;

- сабақтың соңында оқушылардан күтілетін нәтижелерді анықтау.


Сабақтың ортасы


5 мин








































7 мин















20 мин

  1. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Анықтама бойынша ауызша сұрақтар:

  • Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?

Жауабы: Бір қабырғасы ортақ ал қалған екі қабырғасы бір-бірін толықтырып тұратын екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.

  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?

Жауабы: Егер бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болса, онда екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.

  • Тұжырым дұрыс па: егер сыбайлас бұрыштар тең болса, ол бұрыштар тік болады?

Жауабы: Ия. Сыбайлас бұрыштардың қасиеті бойынша.

  • Сыбайлас бұрыштардың бірі сүйір бұрыш. Екінші бұрышы қандай болуы керек (тік, доғал, сүйір)?

Жауабы: доғал

1

2

3

4

  • Егер суретте:

;


болса, 1,2,3,4 бұрыштарын табыңыз.


Жауабы: а) 700, 1100, 700, 1100.


Критерий бойынша өзін-өзі бағалау:

- Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын тұжырымдайды;

- Сыбайлас бұрыштардың қасиетін пайдаланып бұрыштың түрін (тік, доғал, сүйір) анықтайды?

- Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиетін пайдаланып есепті ауызша шығарады.



2) Оқушылар «Smart Notebook» бағдарламасы мен суреттерді (жол жүру ережесінің белгілері, Алматы қаласындағы метроның картасы және үйдің суреті) пайдаланып сыбайлас және вертикаль бұрыштарды табады және оларды салады. (Қосымша 1)

Алдымен жұмыс жұпта орындалады, кейін оқушы шығып «Smart Notebook» бағдарламасында нәтижелерін көрсетеді.

Критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау:

- Суретте сыбайлас бұрыштарды таниды;

- Суретте сыбайлас бұрыштарды салады;

- Суретте вертикаль бұрыштарды таниды;

- Суретте вертикаль бұрыштарды салады.



  1. Топпен жұмыс

Топтар білім деңгейі бойынша ұйымдасқан: А – қарапайым деңгей, В – орташа деңгей, С – жоғары деңгей.

Тапсырмалар оқушылардың қабілеттеріне байланысты таратылады. Оқушылар өз деңгейіндегі тапсырмаларды орындап болған соң ары қарай жүре алады. Топпен жұмыс материалды жақсы есте сақтауға, есепті шешу дағдысын қалыптастыруға, қабілеті жоғары оқушылардан көмек алуға ықпал етеді. Мұғалім қиналатын оқушыларға қолдау көрсетеді, бақылайды, түсіндіреді, кеңес береді.

Бағалау криетрийлері:

- сызба бойынша тапсырмаларға шарт пен сұрақ құрастырады;

- есепті шешу әдісін анықтайды;

- сыбайлас бұрыштың қасиетін қолданады;

- вертикаль бұрыштың қасиетін қолданады;

- әрбір бұрыштың градустық шамасын табады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
77 ұстаз жүктеп алған
06.04.2019
6211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі