400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сынып информатика сыныптан тыс Брейн ринг

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс информатика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыс тақырыбы: «Брейн ринг». Инттектуалды сайыс.


Сайыстың мақсаты: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесе білуге үйрету, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Жаңашылдыққа бейімдеу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, маркер, шарлар, флипчарт, компьютер

құрылғылары.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ


I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Кіріспе. Мұғалімнің оқушыларға сайыс ережелерімен таныстыру.

III. Негізгі бөлім. (кезеңдер)

IV. Қорытынды бөлім.


жүргізуші: Сәлем бердік құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен сайысымызға келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «компьютер шоу» ойынын тамашалаңыздар!

Сайыс кезеңдері:

  1. «Таныстыру» қатысушылар өз топтарын таныстырады. (5 мин )


  1. Білім шыңы” кезеңінде топпен сұрақтарға жауап беру (5 мин )

  2. «Ғажайып лото» топ жетекшілері сұрақтарға жауап береді. (10 мин )

  3. «жүргізуші: Құрметті оқушылар екі топ арасында өтейін деп отырған бүгінгі ерекше сабағымыз бастаймыз. Екі топтың да жинаған ұпайларын әділ қазы алқалары есептеп отырады. Бүгінгі сайысымызға әділ қазыалқасын сайлап алайық.

Информатика пәні мұғалімі:


жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл сайысқа 2 топ қатысады.

І-топ «Хаккерлер»

ІІ-топ «Ғалымдар»

жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымыз,

Алда талай алынар бар асуымыз.

Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз


дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезең «Таныстыру» қатысушылар өз топтарын таныстырады.


жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.


дегендей 2-ші “Білім шыңы” кезеңінде топпен сұрақтарға жауап беру




жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым,

Халқымның жүрегіне шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын. – дей отырып 3 кезеңімізді бастаймыз


«

дей отырып 5 кезеңіміз «Кім жылдам» компьютерде мәтін теру, тапсырманы орындау.



Әділ қазы алқасы есептеп болғанша екі топқа сұрақтарымыз бар. Егерде сіздер хаккерлігіңіздің нәтижесінде банктен 10 млн доллар ақша аударып алып байлыққа кенелсеңіздер не істер едіңіздер?


Бүгінгі ғалымдардың қай салада жетістіктері көбірек, сіздер қай саланы дамытуға не үлес қосқан болар едіңіздер?


Жүргізуші: Қорытынды.

Сонымен құрметті қатысушылар және әділ қазы алқасы. Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын жарияласақ.

(Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады.)

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі аукцион сабағымызды аяқтаймыз.

Сабаққа қатысқан оқушылармен мұғалімдерге алғысымызды айтамыз.



1- топқа берілетін сұрақтар:


  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит) - 1балл

  2. Компьютерді зақымдайтын арнайы программа (вирус) - 1балл

  3. Компьютердегі информацияның барлығы қандай санау жүйесінде кодталады? (екілік) - 1балл

  4. Қосымша басқару құрылғысы (тышқан) - 1балл

  5. Адамдарға оқу үшін арналған файл ... деп аталады? (Тексттік) - 1балл

  6. Компьютер мен адам арасындағы қарым – қатынасты қалай атаймыз? (Интерфейс)

    • 1балл



2 топқа берілетін сұрақтар:

  1. Байт неше биттен тұрады? 8 - 1балл

  2. Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу - 1балл

  3. Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады. ALT+F4 - 1балл

  4. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор -1б

  5. Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? Декодтау - 1балл



Компьютер-сенің көмекшің

Қаламың,әрі қағазың!

Керек емес демесең,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де-

Ақпараттық заманның!


Жүргізуші: Қорытынды.

Сонымен құрметті қатысушылар және әділ қазы алқасы. Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын жарияласақ.

(Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады.)

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі аукцион сабағымызды аяқтаймыз.

Сабаққа қатысқан оқушылармен мұғалімдерге алғысымызды айтамыз.


Брейн ринг инттеллектуалды сайыс сабағымызды бағалау парағы



Ұпай сандары


Команда аттары


1 кезең

2 кезең

3 кезең

4 кезең

5 кезең

Қорытындысы





Ғалымдар













Хаккерлер




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31.03.2023
314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі