7 сынып. М.Әуезов "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сынып. М.Әуезов "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып. М.Әуезов "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Көксерек әңгімесі - адам мен, табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-БӨЛІМ: Балалар мен үлкендер

Мектеп: №43 орта мектеп

Күні:08.02.2022 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Боримбекова К.Т.


Сынып: 7 «Ә»

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандары:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы;


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.2.1. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

7.2.3.2. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру;
7.3.4.3. Композициялық құрылысына талдау жүргізу;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Оқушылардың көбісі: Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;

Оқушылардың кейбірі: Әдеби шығарманың композициялық құрылысына талдау жүргізеді;

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыларға топтың бір мүшесін сипаттап жасыр деген тапсырма беріледі. Әр топтан бір спикер келіп жасырған оқушыны сипаттап айтады. Мысалы: «Қара шашты, бойы ортадан жоғары, сөзі салмақты, сабақта бұлбұлша сайрайды» деген сияқты сипаттаушы сөздерді қолдану керек.

І. Қызығушылықты ояту
«Ой шақыру» әдісі
-М.Әуезов туралы не білдіңдер?
-М.Әуезовтің бұл әңгімені жазуына не әсер етті?
-Қасқырлар туралы не білдіңдер?
-Шығарма «Көксерек» аталу себебі неде?

- Шығарманың кейіпкерлері кімдер?

- Осы шығарманы жазу арқылы автор қандай ой айтқысы келді ?

-Шығармада сізге қай кейіпкер көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға тырысыңыз).

-Шығармадан өзіңізге ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтыңыз.
-«Көксерек» фильмінен қандай әсер алдыңыздар?

Дескриптор:

- Сұрақтар бойынша ой қорытады;
- Ойларына шығармадан дәлел келтіріп айтады;


ҚБ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды ахуал қалыптастыру.

Сұрақтарға жауап беру арқылы ой тұжырымдайды, жаңа сабақпен байланысын анықтайды.

Шығармадан өзіне ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтады.




ҚБ








https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%





Деректер жазылған қағаздар

А4 парағы

Сабақтың ортасы











































ІІ. Мағынаны тану

  • Балалар, тақырып дегеніміз не?

  • Шығарманың идеясы деп нені айтамыз?(балалар жауабы тыңдалады)

Олай болса, біз бүгін «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын талдаймыз.
Дескриптор:
Балалар, тақырып пен идеяны ажырата алады;

Сұраққа толық жауап береді;

Әдебиет теориясы
Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы.
Идея – суреттеп отырған құбылысы туралы ойы.
Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.

ҚБ

Тапсырма: «Стоп кадр» әдісі. Фильмнен үзінді көрсету
1.Бұл фильм қалай аталады?
2.Шығарманың кейіпкерлері кімдер және Құрмаш рөлін сомдаған актёр кім?
3.Шығарманың режиссёрі кім?

Дескриптор:

Фильмнің аталуын біледі;
Шығарманың кейіпкерлерін толық біледі;
Шығарманың режиссёрін біледі;

ҚБ
Тапсырма: «Сатылай кешенді талдау» әдісі арқылы шығармаға талдау жасау

Авторы: М.Әуезов

Тақырыбы: «Көксерек»

Жанр түрі:
Әңгіме

Идеясы:
Туындыда көтерілген тақырыпты танытудағы қаламгердің ойы мен көзқарасы

Дескриптор:

Әдеби шығарманың композициялық құрылысына талдау жасай алады;

ҚБ

Тапсырма: «
Венн диаграммасы» арқылы салыстыру
- Қасқыр мен адамның іс-әрекетінде ұқсастық бар ма?
Адам, қасқыр

Дескриптор:

  • Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлер бейнесін салыстырады;

  • Ерекше қасиеттерін анықтайды;

  • Ұқсас қасиеттерін табады;

ҚБ

Тапсырма. Екі жақты түсініктеме күнделігі

Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары

Өз пікірің

1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы. Табиғат ананың тыныштығын жауыз адамдар бұзды. Жазықсыз күшіктерді өлтіруі дұрыс емес.

Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс - әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялау.

Дескриптор:

  • Шығармадан қатты әсер етекен тұсын анықтайды;

  • Үзіндіге байланысты өз пікірін білдіреді;

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын талдайды.

  • Ойларын дәлелдейді.

ҚБ

Тапсырма: Шығармашылық жұмыс
Қасқырға байланысты мақал-мәтел жазу

Дескриптор:
- Қасқырға байланысты мақал-мәтелді тауып жазады;
- Қасқыр туралы ойларын еркін жеткізеді;
ҚБ

Ой толғаныс

Тапсырма: «Жуан және жіңішке» әдісі
«Жіңішке» сұрақтар – бір сөзді жауапты талап ететінсұрақтар.
«Жуан» сұрақтар – ойлауды, қосымша білімді тарататын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.

1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?
Дескриптор:

  • Сұрақтар бойынша ой қорытады;

  • Ойларына шығармадан дәлел келтіріп айтады;

ҚБ

Бағалау. «Микрофон» әдісі. Мұғалім жеке оқушыларға микрофон ұсыну арқылы топтарды бағалау критерийі арқылы бағалатады және ұсыныстар айтқызады.


Оқушылар әдебиет теориясы бойынша сұрақтарға жауап береді.


Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлер бейнесін салыстырады.












Шығармадан қатты әсер етекен тұсын анықтайды;

Үзіндіге байланысты өз пікірін білдіреді.

















Дөңгелек үстел «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып жазады. топтан бір оқушы қорғайды.


Оқушылар ұсыныстар айтады.





Композициялық жоспар бойынша сурет салыңдар.


















ҚБ
















ҚБ












ҚБ




Әдебиет теориясы










Әдебиет хрестоматиясы





















































Сабақтың соңы



Кері байланыс.

Үйге тапсырма: «Көксерек» әңгімесін оқу.
«Табиғатты қорғау парызың» эссе жазу.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2022
6437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі