400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

7-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен олимпиада тапсырмасы 2024-2025
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмасы

І ТУР, 1 КЕЗЕҢ

7-СЫНЫП

...Сәлем де Жібек қорықпасын,

Өліп кетсем, Жібекті,

Еш жаманға қор қылмас,

Сансызбай атты інім бар.

Шын тілесе бендеге,

Тәңірім тілек береді.

Көктеме мұнда келіп ем,

Енді қыс боп келеді.

Елімнің ақын, көсемі,

Батыр Шеге дер еді,

Ақылға арқан кен еді,

Олай-бұлай боп кетсем,

Сансызбайға басшы боп,

Еліңізге жетіп келеді.

Тірі тұрса жанымыз,

Есен болса тәніміз,

Көктем шағы болғанда,

Қазбен бірге келем деп

Не салса да Құдайым,

Жібек үшін көрем деп,

Жібекке дұғай сәлем» деп,

Енді атына мінеді.

Тапсырмалар:

1. «Қыз Жібек» жырының жанры, өзге жырлардан ерекшеліктерін

көрсетіңдер.

2. Үзінді жырдың қай бөлімінен алынған? Жырдың осы үзіндіден кейінгі

оқиғаларын жоспар түрінде жазыңдар.

3. Үзіндіде аты аталған кейіпкерлер кімдер? Олар туралы толық жазып

шығыңдар.

4. «Қыз Жібек» жырының қазақ тұрмысын көрсететін дәстүр, әдет-ғұрып

түрлерін жазыңдар.

5. Ақылы арқан кен еді -

Көктеме мұнда келіп ем –

Қазбен бірге келемін –

Қор қылмас –

Тәңірім тілек береді –

Тіркестеріне талдау жасаңдар, мағынасын ашып жазыңдар.

6. Олай-бұлай боп кетсем,

Сансызбайға басшы боп,

Еліңізге жетіп келеді.

Морфологиялық, синтаксистік талдау жасаңдар.

7. «Лиро-эпостық жырлар: ел тұрмысының суреттелуі» деген тақырыпта эссе

жазыңдар. 80-90 сөз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі