400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сынып Перпендикуляр,көлбеу және көлбеудің проекциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал математика пән мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: Л. Ақбай

Тақырыбы

48-САБАҚ

Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы

Күні:28.02.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сандыбай Гүлчехра


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.8Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру;

7.1.2.9 Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану;

7.1.2.10Перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақ мақсаты

Оқушылар жазықтық пен түзудің перпендикулярлығына арналған негізгі есептерді шығару қабілеттерін дамытады; Тақырыптың мазмұнын түсіну, оны өмірмен байланыстыруға , ой қорытындысын жазуға үйренеді. Сызбаларын сала білуге, теоремаларды есептер шығару барысында қолдана білуге дағдыланады

Бағалау критерийлері


Тілдік мақсаттар

Перпендикуляр, проекция, көлбеу

Пәнаралық байланыс

Сызу

Бастапқы білім

Перпендикуляр тузулер


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы)

(МК)перпендикуляр дегеніміз не?

— көлбеудің анықтамасын сипаттаңдар

— көлбеудің проекциясы дегеніміз не?

— 3 перпендикуляр туралы теореманы сипаттау

— қандай жазықтықтар перпендикуляр жазықтықтар деп аталады?

мұғалім сөзі: Бүгінгі сабақ дәстүрлі емес. Информатикада өткен сабақтарды және алған білімдеріңді бүгінгі сабақта қолданамыз. Қазір үш оқушыға бөлек тапсырмалар беріледі, олар оны компьютерде орындайды. Ал қалғандар математикалық диктант жазады ( иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер).

  1. АВ┴α, CD┴α, B€ α, D€α, AB=AC. АС түзуі мен α жазықтығы параллель ма? ( иә)

  2. екі түзу 90° бұрышты құрайды. Олар перпендикулярды ма? (иә)

  3. а мен m түзулері бір біріне перпендикуляр, ал b a- ға параллель. M және b перпендикуляр ма? ( иә)

  4. мына суретте АВ кесіндісі не деп аталады? (перпендикуляр)

  5. АС кесіндісі не ? ( көлбеу)

  6. перпендикулярдың табаны қай нүкте? (В нүктесі)

  7. жазықтық пен А нүктесінің ара қашықтығын тап. ( АВ кесіндісі)

  8. мына тұжырым дұрыс па: — кез келген түзу жазықтыққа перпендикуляр болса , ол оны қиып өтеді? ( иә)


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты талдау және өзойларын ортаға салу үшін Венн диаграммасын пайдалану, ол үшін дайын материалдар тарату

Перпендикуляр және көлбеу

Анықтама. АН кесіндісі – А нүктесінен α жазықтығына жүргізілген перпендикуляр деп, ал Н нүктесі перпендикулярдың табаны деп, аталады. МA кесіндісін жүргіземіз. Ол А нүктесінен α жазықтығына жүргізілген көлбеу деп, ал М нүктесі көлбеудің табаны деп аталады. МH кесіндісі көлбеудің  α жазықтығына түсірілген проекциясы деп аталады.






 

Берілген нүктеден жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр дәл сол нүктеден осы жазықтыққа жүргізілген кез келген көлбеуден кіші болады. АН < МА.

 

Үш перпендикуляр туралы теорема:
     Жазықтықта көлбеудің табаны арқылы жүргізілген түзу, осы көлбеудің жазықтыққа түсірілген проекциясына перпендикуляр және көлбеудің өзіне де перпендикуляр. 



Дәлелдеуі.
  Суретті қарайық, мұнда АН кесіндісі a жазықтығына перпендикуляр, МА – көлбеу, а – a жазықтығындағы М нүктесі арқылы МА көлбеуінің проекциясына перпендикуляр түзу: а перпендикуляр МА болатынын дәлелдейік.
    АМН жазықтығын қарастырайық. а түзу осы жазықтыққа перпендикуляр, өйткені ол қиылысушы АН пен МН түзулеріне перпендикуляр. Бұдан а түзуі АНМ жазықтығында жататын кез келген түзуге перпендикуляр, оның ішінде а перпендикуляр МА екені шығады. Теорема дәлелденді.



Оқулық

Аудидиск:

1.4.1; 1.4.4;




№1Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Сәйкестік тестісі.

  1. а мен в түзулері параллель а) а ¢ в

  2. а менв түзулері перпендикуляр в) а // в

  3. а мен в түзулері қисық с) а ∩ в


  1. Вертикаль бұрыштар тең. а) ∟А +∟В = 180º

  2. Сыбайлас бұрыштардың в) ∟А -∟В = 180º

қосындысы 180º тең.

  1. Тұтас бұрыштар тең. с) ∟А *∟В =180º

Сұрақ-жауап тестісі.

  1. Өзара тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер қалай аталады?

Перпендикуляр.

  1. Ішкі тұстас бұрыштардың қосыңдысы неге тең?

180

  1. Өзара қиылыспайтын түзулер қалай аталады?

Параллель.

  1. Тікбұрыш жасап қиылысқан түзулердің әр бұрышы неше градуска тең?

90



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
5877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі