400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сынып .Қазақ әдебиеті. Күлтегін

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Давлетканова Алмагуль Ануарбековна


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Мектеп : «Үшарал қаласының №2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні

Мұғалімнің аты-жөні: А.А.Давлетканова

Сабақ жоспары:


«Күлтегін» жыры

СЫНЫП 7

Қатысқаны

Қатыспағаны


Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

А/И 1Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

Б/С 1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Ойлау дағдыларының деңгейлері


Түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Шығарма эпизодтары мен бейнелерін біледі.


Кейбір оқушылар орындай алады:

Тарихи және көркемдік құндылықтарына баға бере алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Күлтегін» шығармасын басқа шығармалармен салыстырады.






Тілдік мақсаттары
















Оқушылар орындай алады:

Мәтінді талдайды, мазмұндайды, өз ойларын айта алады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қатын- көне түркі тілінде әйел, ана, ханша дегенді білдіреді.

Шад-билеушілерге берілетін оқулық.

Чуб, Табғаш(Қытай),Соғды, Оңтұтық, Қарлық- сол кезде болған халық, атаулары.

Әз- бұл жерде 1)ардақты, аяулы, қадірлі деген мағынада қолданылған. «Ер елінде-әз, Бақа көлінде -әз» (мақал) 2) соқыр, көр. Көз ауруы, ауыр қасірет-қайғыдан, көп жылаудан көздің көру қуатынан айырылуы.



Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Не үшін жыр «Күлтегін» аталды деп ойлайсыз?  Бұл жырда сөз болған тарихи оқиғалар қашан болды? Ескерткіштер қайдан табылды? Күлтегіннің қалай сипаттар едіңіз? Тастағы жазуды алғаш зерттегендер кімдер, анықтаңыз. Негізгі үш кейіпкерін атаңыз.

Жетістік крийтерийі

  • Шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі.

  • Ұқсас екі шығарманы салыстырады.

  • Тарихи маңызы мен көркемдік құндылығына баға бере алады.

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.


Пәнаралық

байланыс

Тарих , этномәдениет

Алдыңғы оқу:


Орхон- Енесей ескерткіштері туралы біледі

АКТ қолдану

Бейне https://www.youtube.com/watch?v=IYXVPjFMp9E


Жоспар


Жоспарлан

ған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар




Басы

7 минут

Үй тапсырмасы












Оқушылармен амандасып қаламсаптарын жинап айналдырып, қаламсаптың иесіне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.

1.Орхон – Енесей ескерткіштері қай ғасырда табылды?

(ХVІІІ ғасырда табылды)

2. Көне жазуды алғаш оқыған кім?

(1893 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен оқыған)

3.Аудармасын жасаған кім? (В.В. Радлов)

4. Қазақша аудағандар кімдер?(Ғ.Айдаров,

М. Жолдасбеков Ә.Құрышжанов, М.Томанов, А.Аманжолов)

5. Тасқа қашалған жазулар кімдер туралы?

(Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы)

6. Түпнұсқаны қазақша жырлаған кім?

(Қадыр Мырза Әлі)

Тақырыпты болжау үшін оқушыларға суреттер таратылады. Қалағандарын алып, бірдей суреттер бір топқа бірігіп отырады. Суретте нені көргендіктері сұралады. Сол бойынша тақырыпты ашу. Күлтегін , Бумын қаған, Ескерткіш, Руналар болып төрт топттың атын анықтау.






«Қаламсап» әдісі













«Суреттер сөйлейді» әдісі




Сабақтың ортасы



15 минут



































































































































































4 минут









20 минут


Тапсырма 1. «ДЖИГСО» әдісі бойынша Әр топқа шығармадан үзінді беріледі.Оқушылар тапсырманы топта орындап, оқып, мазмұнын талқылайды.Топтан бір спикер таңдалады. Спикер өз топтарына берілген үзіндінің мазмұнын басқа топтарға барып түсіндіреді.



1- топтың тапсырмасы.

...Әкем Қаған өлгенде

Інім Күлтегін жеті жаста қалды,

Он жаста Ұмай текті шешем Қатынның бағына

Інім Күлтегін ер атағын алды.

Он алты жасқа келгенде

Ағам Қағанның ел-жұртын сонша молайтты.

Алты Чуб, соғдыларға қарсы

Аттандық, талқыладық.

Табғаш, оңтұтақтың бес мың әскері келді,

Соғыстық.

Күлтегін жауға жаяу ұмтылды.

...Жиырма бір жасқа келгенде

Сөздікпен жұмыс:

( Қатын- көне түркі тілінде әйел, ана, ханша дегенді білдіреді.

Чуб, Табғаш(Қытай),Соғды, Оңтұтық, Қарлық- сол кезде болған халық, атаулары.)





2- топтың тапсырмасы

Чача Сеңүнмен айқастық...

...Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде

Қырғыздарға қарсы аттандық

Найза бойлар қардан өтіп,

Көгмен қойнауына жетіп

Қырғыз халқын ұйқыда бастық.

Күлтегіннің жиырма жеті жасында

Қарлық халқы еркіндіктің нәтижесінде жауы болды.

Сөздікпен жұмыс

Чуб, Табғаш(Қытай),Соғды, Оңтұтық, Қарлық- сол кезде болған халық, атаулары.



3 –топтың тапсырмасы

Олармен Тамағ шыңында соғыстық.

Күлтегін сол соғыста

Отыз жаста еді.

Алып шалшы ақ атқа мініп

Шабуылға ұмтылды:

Қос батырын найзамен шанышты,

Қарлықтарды қырдық, алдық

...Бір жылда бес рет шайқастық,

Ең ілкі Тоғу кентінде шайқастық...

..Шешем – қатын, онан соңғы аналар,

Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар.

Тірілерің түгел күндікте болар едіңдер.

Күлтегін жоқ болса,

Бәрің де өлімші едіңдер.

Сөздікпен жұмыс

Қатын- көне түркі тілінде әйел, ана, ханша дегенді білдіреді.



4- топтың тапсырмасы.

Інім Күлтегін қаза болды.

Өзім қайғырдым:

Көрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды.

Өзім қайғырдым.

... Қатты қайғырдым:

Екі шад, бүкіл жеткіншектерімнің ,

Ұландарым, бектерім, халқымның

Көзі-қасы әз болар деп қайғырдым...

.... Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді.

Сөздікпен жұмыс

Әз- бұл жерде 1)ардақты, аяулы, қадірлі деген мағынада қолданылған. «Ер елінде-әз, Бақа көлінде -әз» (мақал) 2) соқыр, көр. Көз ауруы, ауыр қасірет-қайғыдан, көп жылаудан көздің көру қуатынан айырылуы



Дескрипторлары:

  • Мазмұнын толық меңгерді.

  • Үзіндідегі түсініксіз сөздерді түсіндіре білді.

  • Негізгі фактілер мен деректерді жүйелі, дәл жеткізді.

Бір шапалақ – орташа, екі шапалақ- жақсы, үш шапалақ – өте жақсы.



Сергіту сәті









Тапсырма 2

Оқушылар «Күлтегін» жыры мен батырлар жырын салыстырады. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.



1-топтың тапсырмасы

«Күлтегін» жыры мен батырлар жырының мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырыңыздар.

«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірінші топты екінші топ бағалайды.Тапсырманы критерийлерге сай жасаса, жауаптары топтың көңілінен шықса, алдындағы жасыл түсті стикерді көтереді. Ал түсінбей қалған жері болса, орташа түсінсе, сары түсті көтереді, ал сұрақтар туындаса, қызыл түсті стикерді көтереді.





2-топтың тапсырмасы

Күлтегін батыр мен Алпамыс батыр жырының эпизоттары мен айырмашылығын салыстырыңыздар

«От шашу» әдісі арқылы топтар екінші топты бірінші топ бағалайды.Бір шапалақ – орташа, екі шапалақ- жақсы, үш шапалақ – өте жақсы



3- топтың тапсырмасы

Күлтегін батырдың астына мінген аты мен Тайбурылды салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыздар.

«Бас бармақ» әдісі арқылы төртінші топ үшінші топты бағалайды.

- барлығын түсінемін деген бас бармағын көтереді

- енді түсініп келемін деген бармағын жартылай көтереді

- түсінбедім деген бармағын төмен түсіреді



4- топтың тапсырмасы

Күлтегін жырының тарихи маңызы мен көркемдік құндылығына баға беру. «7 неге?» әдісін қолдану.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы үшінші топ төртінші топты бағалайды.

Дескрипторлар

  • «Күлтегін» жырындағы эпизодтар мен бейнелерді өздері таныс батырлар жырындағы эпизод пен бейнелер арқылы салыстырады.

  • Шығармадан нақты дәлелдер келтіріп, ойын жүйелі жеткізді.

  • Шығарманың тарихи маңызын, жырдағы негізгі құндылықтарды көрсете алады.



Саралау тапсырмасы

Қолдауды қажет ететін оқушыға:

Өлеңді қара сөзбен жазады.

  • Өлең мазмұнын түсінеді.

  • Түсінгені бойынша жаза алады.



Дарынды оқушыға:

Түркі халықтарына қандай мемлекеттер жатады?

Олардың географиялық жағдайы.

  • Түркі халықтарына қандай мемлекеттер жататынын біледі.

  • Олардың географиялық жағдайын біледі.


«ДЖИГСО» әдісі.











Оқулық 7- сынып

Б.Керімбекова

Ә.Қуанышбаева

Алматы Мектеп

2017 жыл (19-24 бет)



























































































































«Қол шапалақ» әдісі











С. Тұрысбековтың «Күлтегін » күйі

https://www.youtube.com/watch?v=IYXVPjFMp9E



«Венн диаграммасы» әдісі

Бағдаршам арқылы бағалау





«От шашу» әдісі







«Бас бармақ» әдісі























«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.











«От шашу» әдісі





«Медаль» әдісі

Соңы





3 мин









Үй тапсырма-

сы

Кері байланыс.

«Мидың суретін сал» әдісі бойынша оқушылар сабақта түсінгенін мидың ішіне жазады, білгілері келетіндерін мидың сыртына жазады







Күлтегіннің іс-әрекеті мен тарихтағы ізі туралы біліп келу.



«Мидың суретін сал» әдісі


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс –

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі).




Қолдауды қажет ететін оқушыға:

Өлеңді қара сөзбен жазады.



Дарынды оқушыға:

Түркі халықтарына қандай мемлекеттер жатады?

Олардың георафиялық жағдайы.








Қол шапалақ әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, Венн диаграммасы, ДЖИГСО әдісі, «Мидың суретін сал» әдісі, «Қаламсап» әдісі, «От шашу» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, «7 неге» әдісі, «Медаль» әдісі


Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

Қандай өзгеріс

енгіздім және

неге?

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.Сабақ өз дәрежесінде талапқа сай өтті. Жоспарланған жұмыстар өткізілді.Оқушылардың қабілетіне қарай қосымша дайындап келген жұмыстар өз иесін тапты.Тапсырмалар сәйкес келді. Уақыт нақты пайдаланды. 2 тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалауды «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісі арқылы бағалаған едім тиімсіз екен, сондықтан әр топты жеке-жеке бағалауға ауыстырдым.
































Қорытынды бағалау

«Ж» бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Күлтегін жыры мен батырлар жырының ұқсастығын салыстыру

  2. Саралау тапсырмалары

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. 4 –топтың тапсырмасын ВЕНН диаграммасынан «7 неге» әдісіне ауыстырдым

  2. «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісін топтарды жеке-жеке бағалауға ауыстырдым



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

  1. «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен барлық топты бағалау тиімсіз екен






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі