400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7-сынып Сүйінбай мен Қатағанның айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздар үшін өте пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Күні :19.11.2019ж

Сынып 7-сынып

Мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Оразақаева Г.Ө

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Сүйінбай мен Қатағанның айтысы (2-сабақ)

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)


Т/Ж 2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады

Кейіпкердің болмысын адамгершілік тұрғысынан талдай алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекеті арқылы Сүйінбай бейнесін жинақтай алады.






Кейбір оқушылар орындай алады:

Айтыстағы адамгершілік қағидаттарды өз тұжырымымен дәлелдей алады, айтыстың құндылығына заманауи тұрғыдан баға береді, жан-жақты талдау жасайды.

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды;

Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды.

Тілдік мақсаттар

Саңлақ, ас,шоң, қапа, жапалақ, құтыңды қашырма.

Тірек сөздер: қазақ, қырғыз, айтыс, ақын, ел, жеңіс.

Диалог/жазылым дағдысына арналған тілдік бірліктер:

- Сүйінбай мен Қатағанның айтысы тарихта неліктен маңызы жоғары туынды болып қалды?

- Егер Сүйінбай мен Қатаған айтысына төреші болсаң қандай шешім қабылдар едің?

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Тақырып бойынша

алдыңғы білім

Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын біледі.

АКТ

http:\\massaget.kz\arnayyi_jobalar\22_nauriz\8810 .Дереккөз. Видео.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

10 минут

Оқушылармен амандасып, үй тапсырмасын сұрау үшін «Жуан, жіңішке сұрақтар» әдісі қолданылады.

Сұрақтар:

1.Айтыс қандай өнер?

2.Айтыс сөзінің мағынасы қандай?

3.Ертеде айтыс шығыс пен батыстың қандай елдерінде болған?

4.Қандай айтыс ақындарын білеміз?

5.Ең бірінші айтыстың қай түрі пайда болды?

6.Айтыстың қандай түрлері бар?

7.Айтыс өнерінің ең қиын түрі?

8.Менің пірім-Сүйінбай деген қай ақын?

9.М.Әуезов Сүйінбайға қандай баға берді?

ҚБ.Медаль







Сабақтың ортасы

20 минут

Қызығушылықты ояту. Оқушылардың сабақққа деген қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтардың жауабын берген соң сұрақтардың астына жасырылған тақтада Сүйінбайдың, Қатағанның, домбыраның суреті шығады. Сонымен, оқушылар біз бүгін Сүйінбай мен Қатағанның айтысы тақырыбын өтеміз?

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Балалар, бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, айтыс тақырыбына тігілген жүлдені иеленіп қайтуға мүмкіндіктеріңіз бар. Жүлделі сыйлықтарға назар аударайық(тақтаға). Кім көп ұпай жинаса, сол оқушылар жүлдеге ие блып қайтады.

Жаңа сабақ. Тыңдалым. Рисунок 1

Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдайды. Жаңа сабақтың мазмұнымен танысады.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Жазылым.

Әр жұпқа берілген сұраққа жауап жазады.

1-жұп.

1. Аталған айтыс қай уақытта, қай жерде, қандай оқиғаға байланысты өтті?

2. Бұл айтысқа кімдер шақырылды?

2-жұп:

1.Асты өткізуді Орман хан кімге сеніп тапсырды?

2.Сүйінбай қай елдің, кім деген ақынымен айтысты?

Келесі жұппен дәптер алмастырып, бағалаймыз.

Дискриптор:

1.Жаңа тақырып туралы тыңдалған мәтін бойынша сұраққа жауап береді?

2. Сүйінбай мен Қатаған айтысының мазмұнын түсінеді.

ҚБ: Ақша.Сүйінбайдың суреті бар 3 теңге арқылы.

2-тапсырма.

Әр жұпқа Сүйінбай мен Қатаған айтысынан үзінділер таратылады. Үзінділерден мағынасы түсініксіз сөздерді сөзмаржаннан қарап тауып жазады.

Екі жұпқа да алдарыңа үзінділер үлестіріледі.

Дискриптор:

1.Айтыстың үзінділерімен танысады, мазмұнын айтады.

2. Ескі сөздерді теріп жазып, мағынасын ашады.

ҚБ: Асық арқылы.


3-тапсырма. Өлең жолдарындағы автор бейнесіне сипаттама беріңіз. Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдаңыз.


1-жұп.Кесте беріледі.

Шығармадан үзінді

Автор бейнесін гуманистік тұрғыдан талдау

Менің түйгенім

Топ бастаған бұлбұлмын..



Сүйінбай ,тоқтат сөзіңді...




Дискриптор:

1.Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды;

2.Мысалдар арқылы өз ойын дәлелдейді;

3.Көңілге түйгенін жазып,ойын қорытындылайды.


ҚБ: Ақша арқылы.


Б.Керімбекова.

Ә.ҚуанышбаевЖалпы білім беретін мектептің

7-сыныбына арналған оқулық Алматы "Мектеп" 2017

2-бөлім Толғауы тоқсан қызыл тіл

48-55-бет






Оқушылардың алдарында Сүйінбай туралы қосымша дерек тұрады.


Тірек сөздер ілініп тұрады.








Бағалау


Жұптардың бір-бірін өзара

бағалауы

Ақша, асық

Сабақтың соңы

10минут

Сабақты бекіту.Оқушының қабілеті ,оқушының суырыпсалмалық қасиетін арттыру үшін «Өзім жазам...» әдісі. Берілген сөздерден 1-2 шумақ өлең құрастыру тапсырылады.


Үй тапсырмасын беру "Сүйінбай-айтыс өнерінің алтын діңгегі" тақырыбында эссе жазу.


РПрямая со стрелкой 1 ефлексия. «Жүлделі сыйлықтар»Бүгінгі сабаққа белсене қатысып, көп ұпай жинаған оқушылар ұтысқа ие болады. Ұпайларын санау.








Саралау – Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау– Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын

сақтау





Қауіпсіздік ережесін сақтау



Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары

немесе оқу

мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу

мақсатына қол

жеткізді ме? Егер

оқушылар оқу

мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп

ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма

және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап

беріңіз.

-Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сәйкес шынайы, қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына байланысты құрастырылған тапсырмаларды дескрипторға сәйкес орындады. Екі ақынның тұлғалық болмысын танып, гуманистік тұрғыдан талдау жасады. Айтыс жанрына заманауи тұрғыдан баға бере алды. А деңгейіндегі оқушының суырыпсалмалық қасиетін арттыру үшін әр жүлденің артына 1-2 шумақ өлең құрастыру тапсырылады. Саралау тапсырмасы өз деңгейінде жүргізілді.

Топқа берілген тапсырмалар әр түрлі тәсілдермен түрленіп жүзеге асқандықтан сабақ кезінде уақытты тиімді пайдаландым.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ, алайда ықшамсабақтың бағалау кезінде жоспар бойынша жүлделі сыйлықтарды оқушылар сабақ соңында иеленді.. Бұл бағалау түрі өте шынайы, әділ, қызық болды.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Екі ақынның бейнесін КӘМҚ кестесіне салып, айтысқа заманауи тұрғыдан баға беріп талдау жасалуы.

2:Қалыптастырушы бағалаудың түрлері оқушылардың жас ерекшелігіне сай қызықты,мазмұнды да, мәнді болды.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушылар арасынан суырыпсалмалық қасиеті бар оқушылардан айтыс үлгісін ұйымдастыру.

2: Жас ұрпаққа ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын ұлттық құндылығымыз-айтыс өнерін бағалауға бағыттайтын тың идеялар қарастыру.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге

назар аудару қажет?

Сабақ барысында байқағаным дәстүрлі сабақта Сүйінбай мен Қатаған айтысын өз деңгейінде меңгерту күрделі болатын, ал жаңартылған білім беру бағдарламасында ықшам сабақты жоспарлауда оқу мақсаттарына негіздеп алған белсенді оқыту әдістерінің тиімділігін байқадым. "Ой салу-ұстаздан, ойлану-шәкірттен болады" демекші тиімді әдістердің нәтижесінде оқушыларды белсенді оқуға жұмылдыра алатыныма көзім жетті. Алайда, ықшам сабақта оқушыларға1-2 шумақ өлең құрастыру қиынға соққан жоқ, ал бұл бағалау түрі жалпы оқушылар үшін күрделі болады деп ойлағанмын.Дегенмен, оқушылар өте жақсы алып шықты.



















Өзім жазам ...

Мен --------------------------------------боламын

Ақын------------------------- балаңмын

----------------------------- сіздер үшін,

----------------------------------саламын.





Көрерменім ------------------------------- болса,

Жарыстарда------------------------------- алса.

------------------------------------------------ел үшін

----------------------------------------------салсам.







Атымды сұрасаң---------------------едім,

--------------------------------------дедім.

--------------------------------------халыққа,

--------------------------------------сендім.







-------------------------жырға қостым,

------------------------- адал достың.

------------------------------------әрқашан,

--------------------------------тыңдап өстім













Шығармадан үзінді

Автор бейнесін гуманистік тұрғыдан талдау.Кім туралы? Ол қандай адам?

Менің түйгенім

Не түсіндің?

Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін.Бәйгеден озған дүлділмін, Шығарма, Қатаған үніңді



Сүйінбай ,тоқтат сөзіңді,Ақынмын деп ойлайсың.Мен тұрғанда өзіңді, Қисық ағаш кездесті, Бір құрайын тезімді.







Шығармадан үзінді

Автор бейнесін гуманистік тұрғыдан талдау.Кім туралы? Ол қандай адам?

Менің түйгенім

Не түсіндің?

Мен Қарасай ұлымын, Айтулы ердің бірімін.Менсінбеген мықтының, Талайын жеңген ер едім



Е, Сүйінбай, Сүйінбай , Сүйінбай сені жеңемін. Құдайға да сыйынбай.Жағыңды жаппай келгенің, Қоздырды менің жынымды ай.

















Айтыстан үзінділер:

Ассалаумағалйкум, сәлем бердік,

Мүбарак жүздеріңді жаңа көрдік

Атақты ас-жиынды құттықтауға,

Бауырлас қырғыз елі саған келдік.





Сүйінбай ,тоқтат сөзіңді,

Ақынмын деп ойлайсың.

Мен тұрғанда өзіңді,

Қисық ағаш кездесті,

Бір құрайын тезімді.



***************************************************



Қырғыздан шыққан жүйрікпін,

Құс мойынды, қоян жон.

Тұлпардан туған жатаған.





Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін.

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлдүлмін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
1324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі