Тақырып бойынша 11 материал табылды

№7 зертханалық жұмыс. Өткізгіштердің аралас қосылу заңдылықтарын зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


7 зертханалық жұмыс. Өткізгіштердің аралас қосылу заңдылықтарын зерттеу.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі зертханалық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу.

Міндеттері:

- өткізгішті шунт, қосымша кедергі, кернеу бөлгіш ретінде жалғауды түсінеді;

- өткізгіштердің аралас жалғануын зерттейді.

3. Күтілетін нәтижелер

- өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың заңдылықтарын біледі және қолданады;

- практикада параллель жалғауды көп қолдану себебін анықтайды.

4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу

2. Білімді бақылау ситуациялық есептер (5 мин)

Есептер шығару 36 жаттығу 4,5

Ойлау деңгейі – түсіну

https://wordwall.net/ru/resource/38404822

көрсетілген сайтта жауаптарын сәйкестендіреді.

«Венн диаграмма»

Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажыратады.

Бағалау критерийі:

  • есептің шығарылу жолын тексереді;

  • сәйкестендіреді;

  • формулаларды біледі.

3. Жаңасын баяндау әдісі. (19 мин)

Ойлау деңгейі – зерттеу

Белсенді оқу әдісі – «Құрастыру, сосын жауап беру» сипаттайды, тізбек құрастырады, кесте толтырады, қорытынды жазады.

Жұмыс формасы – жеке, жұптық, топтық

Қосымша дереккөздерге сүйене отырып, ЕБҚ білім алушы тақырыпқа сай виртуалды зертханалық жұмыс ұсынамын, студенттер арасында диалогтік қарым-қатынас орнайды және оқылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.

Топқа бөлу: «Пазл» әдісі

1-топ Ток күші

2-топ Кернеу

3-топ Кедергі


1-топ «Ток күші»

Тапсырма: Қосымша кедергі ретінде айнымалы резисторды жалғау.

Нәтижені кестеге енгізеді.

Бағалау критерийі:

  • топ бойынша оқулықтан тақырыпты оқиды;

  • сұлба бойынша тізбектерді құрастырады;

  • нәтижені кестеге жазады.

2-топ «Кернеу»

Тапсырма: Айнымалы резисторды уақытша шунт ретінде жалғау.

Бағалау критерийі:

  • топ бойынша оқулықтан тақырыпты оқиды;

  • айнымалы резисторды уақытша шунт ретінде жалғайды;

  • нәтижені кестеге жазады.

3-топ «Кедергі»

Тапсырма: Айнымалы резисторды кернеу бөлшектері ретінде жалғау

Бағалау критерийі:

  • топ бойынша оқулықтан тақырыпты оқиды;

  • айнымалы резисторды кернеу бөлшектері ретінде жалғайды;

  • нәтижені кестеге жазады.

4.Материалды бекіту Жеке жұмыс. (10 мин)

Тест тапсырмасы «Greadcam» программасында тест тапсырмасын орындау.

Функционалдық сауаттылыққа байланысты өмірмен байланыстыра отырып, жұмбақ тест тапсырмасы.

1. «Электр тогы ұғымын» физикаға енгізген ғалым?

А) Ампер

В) Вольта

С) Ом

2. Электр заряды қоршаған кеңістікте қандай өріс пайда болады?

А) гравитациялық өріс

В) электр өрісі

С) магнит өрісі

3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?

А) тізбектей

В) аралас

С) параллель

4. Металдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?

А) электрондар

В) кемтіктер

С) электрондар және кемтіктер

5. Шамнан 5 секунд ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең?

А) 225 А

В) 9 А

С) 15 А

6. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,

Ұмытып кетпе тағы бар, гектоватт және мегаватт (Кернеу)

А) Кернеу

В) Кедергі

С) Ток күші

7. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды, Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)

А) Шам

В) Аккумулятор

С) Реостат

8. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа, Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)

А) Реостат

В) Резистор

С) Электр тогы

9. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай, күн көзін. (шам)

А) Шам

В) Кілт

С) Аккумулятор

10. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,

Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

А) Масса

В) Энергия

С) Қысым

Бағалау критерийі:

  • функционалдық сауаттылыққа өмірмен байланыстырады;

  • жұмбақ тест тапсырмасын орындайды;

  • картамен жұмыс жасайды.

5. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (5 мин)

Рефлексия: «Табыс баспалдағы 3-2-1»

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 қызықты іс-әрекет.

Студенттер бүгінгі сабақты қорытындылап, стикерге жазып баспалдақтың қай сатысында тұр, өзін-өзі бағалап плакатқа жабыстырады.

6. Үй тапсырмасы. (1 мин)

Тақырып бойынша оқу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
88
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11