8 наурыз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз туралы сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 наурыз

Мақсаты: Балаларға 8- Наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші :

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің.

Ана деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Жания : Сәлеметсіздер ме,құрметті аналар, қымбатты әжелер! Бүгінгі 8- наурыз Халық аралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Барлықтарыңызға зор денсаулық,жұмыстарыңыз табыс тілеймін!

Бірге : Мереке құтты болсын!

Жания : Апай біздің қыздар қайда?

Жүргізуші : Мен көрген жоқпын

\телефонға бабаяга видеозванок арқылы звондайды\

Бабаяга : ха ха ха қыздарды жоғалтып алдыңдарма мен оларды балабақшаға келе жатқан жолдан ұрлап кеттім енді олар балабақшаға келмейді

Жүргізуші : ОООО олай істеуге болама мекен біз сенің бар айтқан тапсырмаңды орындаймыз қыздарымды жіберші

Жания : Өтініш жіберші бізде мереке болып жатыр

Бабаяга : Ха ха ха мереке.... менсіз өтіп жатқан ол қандай мереке екен, мен ойлана келе сендердің балабақшаларыңға барамын деп шештім,мен қыздарды алып келемін оған дейін ұлдар өз өнерлерін көрсетсін...

Жүргізуші : Олай болса біздің қыздар келгенше біздің жігіттер тақпақтарын айтсын!

\Балалар тақпақ айтады\

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам. \Арсен\



Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.\Мехришат\



Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін. \Алинұр\



Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
\Берден\



Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
\Қайсар\



Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам! \Санжар\



Анамды мен жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда апам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем\Аден\

Жүргізуші : Рахмет жігіттер!

Жания : Апай біздің қыздар әлі жоқ көрінбейді ғой

Жүргізуші : Менде уайымдап тұрмын қайда жүр екен?Қыздарды аман есен алып келсе болды. Олар келем дегенше біз мерекелік іс шарамызды жалғастырайық балалар қазір бізде қандай мезгіл?

Балалар: Көктем

Жүргізуші : Қалай ойлайсыңдар ортамызға кім жетіспей тұр?

Балалар: Көктем аруы

Жания : Балалар олай болса көктем аруымызды қарсы алайық

\Әсем әуенмен көктем аруы келеді\

Көктем аруы : Сәлеметсіздерме құрметті ата аналар сүйкімді бүлдіршіндер бүгінгі мереке құтты болсын! Ой қыздар көрінбейдіғой?

Жүргізуші : Қыздарды бабаяга ұрлап кетіп әлі келмей жатыр?

Көктем аруы : Көңіл күйлеріңізді түсірмеңдер қазір ол қыздарды алып келсе мен оған жаза қолданамын.

Жүргізуші : Қыздарымыз келгенше көктем аруы біздің жігіттердің дайындаған биін қабыл алыңыздар.

\Тұлпар тобының жігіттері билейді\

\Дауыс естіліп бабаягамен бірге қыздар келеді\

Бабаяга : Ойбу \топты аралап жүріп балаларға тиіседі\ барлықтарың әдемі киеніп мереке тойлап жатсыңдарма? Жиналып алып не өткізіп жатсыңдар?Ха ха ха ата аналар келіп алған ба не?

Жүргізуші : Бабаяга сен не үшін қыздарды ұрлап кеттің?Бүгін олардың мерекесі ғой

Бабаяга : Әдемі киініп алыпты барлығы сүйкімді маған ұнады өзім сиякты киіндіріп қояйын десем көйлектері күшті екен?

Көктем аруы : Жүр екеуміз қайтайық?

Бабаяга : ЕЕЕЕЙЙЙЙ қойшы мен бұндай әдемі жерден кетпеймін

Көктем аруы : Бабаяга екеуміз былай келесейік қазір қыздар саған ән орындап берсін сосын екеуміз барып жуып мен саған әдемі көйлек алып беремін сосын екеуміз қайта келеміз.

Бабаяга : Жарайды.

Жания : Қыздардың ерке қыз әнін қарсы алыңыздар!

\Медина,Асылым,Айару,Көркем ЕРКЕ ҚЫЗ ӘН АЙТАДЫ\

Көктем аруы : Жарайсыңдар қыздар рахмет сендерге.

Бабаяга : Мен қайтып келем,бірақ мен жолда адасып кетуім мүмкін сол үшін мен осы жолы қыздарды емес ұлдарды алып кетемін бірақ ұлдарды өзіммен бірге алып келуге уәде беремін.

\Ұлдар көктем аруы бабаяга кетеді\

Жүргізуші : Қыздар қазір сендер мен бірге ойын ойнайық

\Қыздар мен ойын\

Жүргізуші : Жарайсыңдар!

\Видеозванокпен бабаяга тағы хабарласады\

Жүргізуші : Тағы не болды саған?

Бабаяга : Апай қыздарыңды бере тұршы мына жігіттер маған көмектесе алмай жатыр,бұлар даже маған көйлек таңдап бере алмай жатыр өтініш қыздарды жіберші

Жүргізуші : Жарайды.

\қыздар көмектесуге кетеді\

\Ата аналармен ойын\

\Әдемі музыка мен қыздармен бірге бабаяга әдемі киімімен кіреді\

Бабаяга : Көрдіңдерма мен енді жақсы адам боламын,балаларға тиіспеймін осылай әдемі болып жүремін соның құрметіне мен қыздар мен бірге жол бойы әдемі би дайындап келдім егер қарсы болмасаңыздар қарсы алыңыздар!

Жүргізуші : Олай болса қуыршақ биін қарсы алыңыздар!

\Қыздар қуыршақ биін билейді,билеп болғаннан кейін қыздар шығып кетеді.\

Жүргізуші :



Әлемнің жарығын, 

Сыйладың сен маған. 

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған. 

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің
ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар. 


\Балалар ана туралы әнін айтады,қатармен әдемі болып кіреді\

\Медина,Асылбек,Еркежан,Алдияр,Жания,Аден,Адилина,Алинұр,Амир,Көркем

Асылым,Арлан,Арсен,Мұқатай,Абылай,Санжар,Нұрасыл,Қайсар,Берден Айару\


\Ән айтып болғаннан кейін балалар шығып кетеді\


Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті
мад тобының жігіттерінің биін қабыл алыңыздар.

\Мад тобының биі\

\Ақырындап мелодия қойылады\

Жания :

Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген аналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.


Жүргізуші :


Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «___________________________» атты мерекелік іс шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2025
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі