8 наурыз Аналар мерекесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік – бүлдіршіндердің аналарға, әжелерге, апайларға деген сүйіспеншілігін, сыйластығын білдіретін мерекелік шара. Ертеңгіліктің мақсаты – балаларды мейірімділікке, ізгілікке, анаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Мерекелік іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақ айтып, өз өнерлерін көрсетеді. Бұл мереке арқылы әр бала анаға деген ыстық ықыласын жеткізе алады.8 наурыз анлар мерекесіне орай тобымызбен аналарымызға ашық сабақ өткіздік.
Материалдың қысқаша нұсқасы


42 «Айналайын» балабақшасыМКҚК

Бекітемін: _____________

Меңгерушісі:Шугаева.Н.Г
















«8 – наурыз Аналар мерекесі»

(«Жұлдыз» ортаңғы тобы)










Тәрбиешілері:Даулеталина.А.А

Мухамбетова.А.С








2025-2026 оқу жылы



«8 – наурыз Аналар мерекесі»

Мақсаты:

-Мерекелік көңіл-күйін құру;

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

-балалардың назарын жалпы әрекетке қатысу тілегін қалыптасуға эмоциялық қабылдауынн ынталандыру;

-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу;


Музыка әуенімен,балалар қол ұстасып әуен залына кіреді.


Жүргізуші:

«Бар жақсылық,күллі әлемге тараған,аналардың ақ нұрынан жаралған»дей отырып қадірлі аналлар,ардақты әжелер сіздерді көктемнене күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесі

мен шын жүректен құттықтамыз.Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз және кішкентай бүлдіршіндеріміздің дайындаған «Асыл Ана,ақ жаулықты Әже»атты ертеңгілікті мерекелік шашу етеміз

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізіі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебзі

Армысын әжелерін аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды Сіздерді балаларын


БИ: «Микки Маус»

(Томирис,Айым ,София,Айша,Аруна,Салима)


Жүргізуші:

  • Балалар әлемдегі ең жақсы,ең мейірімді,ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар:

  • Анамыз

Жүргізуші:

  • Балалар,айтыңдаршы

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

Ол кім?

Балалар: Анамыз

Жүргізуші:Ой балалар тыңдаңдаршы,бізге қонақ келе жатқан сияқты.Қызық!Бұл кім екен?

(Әуенмен залға Көктем аруы кіреді)

Көктем:Саламатсыздар ма,қонақтар!Айнала қандай тамаша!Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой.Міне мен сендерге асыға жеттім келе жатқан көктем мерекелерің құтты болсын.

Сәлем бердім нәзік,сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздерге

Биленсін би,айтылсын ән бұл залда.

Көктеммін мен

Мерекемен құттықтағым келеді.

Ақ әжелер,аяулы бар аналар!

Мерекеміз құтты болсын балалар!


Жүргізуші: Саламатсыздар ма,Көктем!Сен біздің аналарымыз бен қыздарымызды және әжелерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің.Көп рахмет саған!Төрлет,ән тыңдап деміңді ал.біздің балаларымыз саған арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді

Ән « Анашым»

Жүргізуші:Сеннен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар ,- дей отырып балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік


Томирис Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.


Айғаным Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым


Теңдесі жоқ данасың

Салима Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым


Менің әжем, бұл әже

Фатима Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әже


Бәріңіз де анасың

Айым Біз үшін күн боп жансың.

Құтты болсын мейрамың.

Құттықтаймын анашым



Ақ сүт берген балаңа

Күш - жігерін жұмсаған

Аль- Демир Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған






Аспандағы айымсың

Омар Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.


Әмір Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімін таусылмас

Күн нұрына теңедім.


Менің әжем, гүл әжем

Азиз Алтын әжем, күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

Аруна Көктем келді далаға

Шуақ келді далама

Анашымды құттықтап

Гүл сыйлайық анама!


Жүргізуші:Сіздер үшін алдарыңызда «Конфет» биі тамашалаңыздар!

(Фатима,Айғаным,Найла,Кәусар,Амина,Шахнұр,Мариям)


Көктем:Жарайсыңдар балалар!Тақпақты да,әндіде жақсы айтасыңдар,би де әдемі биледіңдер.Мен сіздерге ойын алып келдім.

(Гүлдің түстерін табайық)


Жүргізуші:Мерекеге келді бүгін әжелер

Әжелерге әнді айтып беріңдер

Балалар,әжелерге ән айтып береміз бе?Қане ортаға шығайық

Ән « Әже»

Ал келесі кезекті тақпақ айтатын балаларымызға берейік



Айша Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.


Бесіктерін әнімен

Алихан Тербетуде аналар

Жасай берсін сәнімен

Жер бетінде аналар.


Мен анамды сүйемін

Мұхаммеджан Сөзің ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.



Найла Ана дана,ана пана

Өмірді әкелетін,

Ана ғана!


Арлан Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.


Ана біздің күніміз!

Ана біздің гүліміз

Арслан Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз!


Жүрегінде махаббат

Амина Анамызға мың алғыс!




Шахнұр Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген маматайым!



Сафия Аппақ мамам, ақ мамам

«Ақ мамам» деп мақтанам


Мариям Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы Анашым!



Кәусар Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.



Абдолла Анам -өмір шырағы

Анам- өмір бұлағы.


Жүргізуші:Ендеше құрметті аналар балаларыңыздың орындауында достық биін қабыл алыңыздар

«Ұлдар биі»

(Аңсар,Алихан,Омар,Абдулла,Азиз,Арслан,Мұхамеджан,Аль-Демир,Әмір,Эльдар)

Бәрі жақсы ананың

Бәрі оның керек-ау

Бірақ әрбір баланың

Өз мамасы бөлек-ау дей келіп балалар аналарына арнап тақпақтарын тарту етсін



Алинур Ана дана,ана пана

Өмірді әкелетін,

Ана ғана!



Ибрахим Жүрегінде махаббат

Анамызға мың алғыс!



Мүсілім Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген маматайым!



Нұрали Көктем келді гүл алып

Анам жүрсін қуанып


Алан Анашым менің асыл жан,

Сізбен бақытты әрбір таң.


Айлин Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде!


Раян Құтты болсын мейрамың!

Құттықтаймын анашым!


Жүргізуші:

-Көктем біздің балалардың билері,әндері саған ұнап жатыр ма?

Көктем:

-ия әрине ұнап жатыр!Балалар жақсы дайындалыпты.

Жүргізуші:

-Көктем,балалардың саған тағы да дайындап келген сыйлары бар екен.Саған арнап ән жаттап алыпты.

«Торғай әні»

Көктем:Балалар менің кететін уақытым болды.Мен сендермен қоштаспаймын.Әлі де мен сендермен бірге боламын.Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар.Көріскенше сау болыңдар балалар.

Музыка ойналып,Көктем залдан шығып кетеді.

Жүргізуші:

-Осымен біздің ортаңғы «Жұлдыз» тобының «Асыл Ана,ақ жаулықты Әже»ертеңгілігі аяқталды.

Қымбатты да аяулы аналар мен әжелер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді,ең қамқор адам осы отырған сідерсіздер.Дендеріңіз сау,көңілдеріңіз шат болсын,әрқашан аман болайық!










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі