Тақырыбы: « Сарқылмайтын жылылық, ана аты – ұлылық!»
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі туралы, көктем мезгілімен қоса-қабат келген аналар мерекесі 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Отбасындағы ананың орнын түсіндіріп, анаға деген құрметті ұғындыру. Ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жақсы қасиеттерін өлеңмен, әнмен бимен, мақал-мәтелмен жеткізе білу.
Дамытушылық: Көктем мезгілінің құбылыстарын, анаға қалай көмектесетіндері туралы өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпындыру, сөздік қорын молайту, ойын арқылы ой-өрісін дамыту, қолайлы орта ұйымдастыру арқылы қызығушылығын, белсенділігін арттыру, көңіл-күйін көтеру.
Тәрбиелілік: Отбасына, туыстарына деген мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу. Достыққа, ұйымшылдылыққа баулу, эстетикалық талғамын көтеру, әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, шарлар, ойынға қажетті заттар.
Құрметті әжелер, аналар сіздерді бүгінгі 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын!
Ана - көркі
көгімнің,
Ана - нұры
жерімнің.
Ана - бағы
баланың,
Мақтанышы елімнің! - деп бүгінгі аналар
күніне арналған ертеңгілігімізді
бастаймыз!
«Шәй ішу» әдісі. Ата – аналар шеңбер жасап тұрып, бір – біріне тілек айтады.
Ата- аналарды гүлмен және жүрекпен топқа бөлу.
Ән: «Ана мен сәби» ( қойылыммен)
Қариясы бар үйдің, қазынасы
деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай
отырып, Бексұлтан , Сезім, Ажар,
Сабыржанның жыр – шумағын қабыл
алыңыздар.
Менің әжем, гүл
әжем,
Менің әжем, күн әжем.
Мейірімі таусылмас,
Айналайын жан әжем.
Ал енді, әжелерімізге арнап ән айтып берейік.
«Әжемнің шайы» әні хормен айтады.
Аналарымызға арналған жыр шумағын айтып берейік.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Той пердесін ашайық.
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп.
Ән маржанын ашайық – дей келе келесі кезекті әнге берейік.
Ән: «Анашым»
Келесі жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Ән көңілдің ажары демекші, аналарымызға арналған әнімізге кезек берейік.
Ән: «I Love My Mommy»
Ал енді балаларымыздың ағылшын тіліндегі жыр шумағын қабыл алыңыздар.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Ата – аналармен ойын ойнау.
Би: «Жалқаубек» флешмоб. Ата – аналар балаларға қарап билейді.
«Б.Байғожина атындағы бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы: «Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық»
«Ботақан» ересек тобы
2021-2022 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
8 наурыз мерекесі сценарий. ересек топ
8 наурыз мерекесі сценарий. ересек топ
Тақырыбы: « Сарқылмайтын жылылық, ана аты – ұлылық!»
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі туралы, көктем мезгілімен қоса-қабат келген аналар мерекесі 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Отбасындағы ананың орнын түсіндіріп, анаға деген құрметті ұғындыру. Ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жақсы қасиеттерін өлеңмен, әнмен бимен, мақал-мәтелмен жеткізе білу.
Дамытушылық: Көктем мезгілінің құбылыстарын, анаға қалай көмектесетіндері туралы өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпындыру, сөздік қорын молайту, ойын арқылы ой-өрісін дамыту, қолайлы орта ұйымдастыру арқылы қызығушылығын, белсенділігін арттыру, көңіл-күйін көтеру.
Тәрбиелілік: Отбасына, туыстарына деген мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу. Достыққа, ұйымшылдылыққа баулу, эстетикалық талғамын көтеру, әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, шарлар, ойынға қажетті заттар.
Құрметті әжелер, аналар сіздерді бүгінгі 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын!
Ана - көркі
көгімнің,
Ана - нұры
жерімнің.
Ана - бағы
баланың,
Мақтанышы елімнің! - деп бүгінгі аналар
күніне арналған ертеңгілігімізді
бастаймыз!
«Шәй ішу» әдісі. Ата – аналар шеңбер жасап тұрып, бір – біріне тілек айтады.
Ата- аналарды гүлмен және жүрекпен топқа бөлу.
Ән: «Ана мен сәби» ( қойылыммен)
Қариясы бар үйдің, қазынасы
деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай
отырып, Бексұлтан , Сезім, Ажар,
Сабыржанның жыр – шумағын қабыл
алыңыздар.
Менің әжем, гүл
әжем,
Менің әжем, күн әжем.
Мейірімі таусылмас,
Айналайын жан әжем.
Ал енді, әжелерімізге арнап ән айтып берейік.
«Әжемнің шайы» әні хормен айтады.
Аналарымызға арналған жыр шумағын айтып берейік.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Той пердесін ашайық.
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп.
Ән маржанын ашайық – дей келе келесі кезекті әнге берейік.
Ән: «Анашым»
Келесі жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Ән көңілдің ажары демекші, аналарымызға арналған әнімізге кезек берейік.
Ән: «I Love My Mommy»
Ал енді балаларымыздың ағылшын тіліндегі жыр шумағын қабыл алыңыздар.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Ата – аналармен ойын ойнау.
Би: «Жалқаубек» флешмоб. Ата – аналар балаларға қарап билейді.
«Б.Байғожина атындағы бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы: «Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық»
«Ботақан» ересек тобы
2021-2022 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз













