8 наурыз сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 наурыз мерекесіне орай мектеп оқушыларына арналған "Ана деген тіршіліктің тірегі" атты сценариді назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқ
ашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе _ сынып оқушысы Жоламанды әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: 

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор: Жақыпов Мұхамедқали Исатайұлына беріледі (директор сөз сөйлейді).

Жүргізуші: 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _ сынып оқушысы __________-ны "Аяулы ана" әнімен сахна төріне шақырамыз.

Жүргізуші: 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті үнді биіне береміз.

Жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса ______ қ
арсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын _-cыныптың _ баласы бар. Тамашадан көрініс. Ортада _ сынып әзілкештері.

Жүргізуші: Келесі кезекті күйге береміз. Сахнада _ сынып оқушысы _______ "Ерке сылқым" күйін орындайды.

Жүргізуші:

Бұралып біздің қыздар билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам - - сынып өнерпаздарының биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: 

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы ____ - қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, - дей келе Елемесова Айгерімді «Ана» атты шығармасымен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.

Келесі кезекте _ - сынып оқушысы _______ "Анаға сыр" атты поэзиялық туындысымен ортаға шақырамыз. Жас ақынның жүрек сырын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: 

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып.

Жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі