400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш ыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы

















«Мерекеңмен анашым»

«Қарлығаш» ортаңғы тобының

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі









Дайындаған:

Музыка жетекшісі: Кужанова Д.С

Тәрбиеші: Сарбасова Ғ.Қ















2024 жыл

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әжелер, әпкелер! 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Жан жадыратар қуаныштарың мол болсын! Асыл армандарыңыз орындалып, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

Ортаға «Қарлығаш» ортаңғы топ балаларын қошеметпен шақырамыз.

(Балалар ортаға музыка ырғағы арқылы кіреді)

Той тойлап дала менен қалаларын,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтауға келіп тұр балаларың!-дей келе. Сөз кезегін «Айгөлек» бөбекжайымыздың меңгерушісі: Айталипова Айгүл Шыңғысовнаға береміз.

Тәрбиеші: Құрметті аналар!

Әжелер!

Апалар!

Қарындастар!

Сіздерді мерекелеріңізбен

Бәрі: Құттықтаймыз!

Тәрбиеші: Қандай өнегелі балаларсыңдар! Қане, жайғасып отыра қойыңдар! Көктемнің алғашқы мерекесі-Аналар күні. Сіздер аналарыңды бұл күні қалай қуантасыңдар?

Балалар:-Үй жинаймыз.

-Тентек болмаймыз.

-Ыдыс жуамыз.

-Еден сыпырамыз.

Тәрбиеші:

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып біз қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Ән сал десе, сал әнді,

Жігіт боп өс жарамды.

Қуантқайсың әрқашан,

Әжең менен анаңды.

Ән: «Көктемде» балалардың барлығы айтады.

Тәрбиеші: Қызғалдақтай жайнап өскен

Біздің топтың ұл-қызы

Әнші де бар, биші де бар,

Шет-шетінен өнерлі.

Бүгін міне, мереке деп

Нұрланғандай көңілі

Аналарын құттықтауға

Бүгін бірге келеді.

Тақпақтар

Жүргізуші:

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

(Жаңбырдың дыбысы қосылады)

Тәрбиеші: Балалар тыңдаңдаршы бұл ненің дыбысы.

Балалар: Жаңбырдың дыбысы

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл жаңбырдың дыбысы.

  • Бұл жаңбырғой! Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар.

Осы кезде әуенмен жаңбыр залға кіреді.

Жаңбыр:

  • Алақай! Бұл- мен! Мен Жаңбырмын!Армысыңдар балалар мен аналар!Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын,өсімдіктерді суарамын.Міне көктем де келіп жетті.Осы өлкеге келгеніме өте қуаныштымын.Ал сендер қуаныштысыңдарма? Көңіл күйлерің қалай?

  • Иә!Қуаныштымыз!

Тәрбиеші: Сіз онда біздің қыздарымыздың көңілді билерін тамашалаңыз

«Қарлығаш» ортаңғы топ қыздарының орындауында би

Би: «Смайликтер» биі

Жаңбыр: Жарайсыңдар қыздар сендер керемет билейді екенсіңдер.

Жаңбыр: балалар сендер әжелерңіеде көмектесесіңдер ме ?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Балалар біздің әжелеріміз іскер, өнерлі. Бізге әдемі қолғап, шапкалар, жейделер, тоқып береді.Бірақ балалар, біздің әжелеріміздің әдемі жіптері тарқатылып жатыр екен, соны орап берейік.

Ойын: «Жіп орау»

Тәрбиеші:

Біздің тобымыздың балаларының әнін тамашалаңыздар.

Ән: «Апатайым-ай»

Тәрбиеші: Сегізінші наурыз келді

Шаттық сезім ала келді,

Қуанышты күнде енді

Құттықтаймыз сіздерді.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздер қандай мереке тойлап жатырық?

Балалар: Аналардың, ажелердің, қыздардың мерекесін.

Тәрбиеші: Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Тәрбиеші: Біздің топтың қыздары ғана емес, ұлдары да аналары на көмектеседі екен, Қалай көмектесетіндерін тамашағыларыңыз келе ме ?

Ендеше кішкентай ұл балдарымыздың аналарына арналған стирка биін тамашалаңыздар.

Би: «Стирка» ұлдардың орындауында.

Жаңбыр: Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен сендердің өнерлеріңдң тамашалағаны ма өте қуаныштымын. Мен кетейін басқа балабақшадағы балаларға да барып қайтайын.Мен сендермен әлі де жолығамын көктемде де, жазда да, күзде де келесі кездескенше аман сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Аналардың мерекесі құтты болсын,

Басыңа баршаңыздың бақыт қонсын.

Көмкеріп ән, жырымен осы кеште

Жүзіңіз қуаныш пен күйге толсын.

Жүргізуші: Осы күнді бар бала

Тағатсыз-ақ күткенді,

Сыйлықтарын сіздерге

Сыйлайтұғын сәт келді.

Ал енді балалар аналарымызға арнаған сыйлықтарымызды табыс етейік.

Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.

Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 сәуір
94
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі