400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8 Наурыз сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
8 Наурыз сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана – аса  қымбатты жан!


Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен безіңдірілген залға кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Жүргізуші : Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің.

Ана деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай. деп біздер бастайық.

(Ән аи дидарлы анашым)


Көрініс

Анасы мен баласы

— Анашым, мен шөлдедім, су берші.

(Ана баласына су береді, күлімдеп басынан сипайды.)

Бала 2:
— Анашым, менің ойыншығым сынып қалды, жөндеп берші!

(Ана ойыншығын жөндеп береді, мейірімділікпен күлімсірейді.)

Бала 3:
— Анашым, сен ешқашан шаршамайсың ба?

Ана:
— Балам, ана ешқашан шаршамайды! Сендердің күлкілерің – менің күшім!

(Анасы сөзін жалғастырады.)
Анасы:
— Ананың жүрегі – мейірімге толы. Ол біз үшін бәрін жасайды. Ендеше, аналарымызға арнап, осы ерекше күнде жарыс ұйымдастырайық!



Жүргізуші : Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осындай көркем мерекенің орны бөлек. Өйткені аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ана –өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса,8 наурыз мерекесіне орай «Қарлығаш» тобының «Ана - асыл қазынам!» атты ертеңгілік сайысымызды назарларыңызға ұсынамыз.


. «АНАМА КӨМЕКТЕСЕМІН!»
Мақсаты: Қыз балалардың үй шаруасына деген қызығушылығын арттыру, анасына көмектесуге үйрету.
Қажетті заттар:
•
Орамал, алжапқыш, ойыншық көкөністер, қасық, табақ, үтік, киімдер (ойыншық түрлері).
Ойын барысы:
•
Аналар мен қыздары жұп болып қатысады.
•
Әртүрлі тапсырмалар беріледі:
1. «Көкөністерді турау» ойыншық пышақпен жасалады.
2. «Үстел жасау» - тәрелкелерді дұрыс орналастыру.
• Кім тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орынд сол жеңеді


Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, деп (Сағындым әже әнімен)

Жүргізуші:

2«АНАМДЫ ТАНЫЙМЫН!»
Мақсаты: Қыздардың аналарына деген ықыласын көрсету.
Қажетті заттар:
•
Көз байлайтын орамал.
Ойын барысы:
• Қыздардың көздері байланады.
•
Аналар қатар тұрады.
•
Қыздар аналарының қолын ұстап, дауысын тыңдап немесе шашын сипап, өз анасын табуы керек.
•
Дұрыс тапқан қызға және анасына сыйлық беріледі.


Жүргізуші:

Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім - кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. Демекші(Ән мереке )



3.«АНАМДЫ ӘШЕКЕЙЛЕЙМІН!»
Мақсаты: Қыздардың сәнсалтанатқа деген талғамын дамыту.
Қажетті заттар:
• Жасанды әшекейлер, орамал, әдемі көйлектер, гүлдер.
Ойын барысы:
•
Қыздар аналарына 2 минут ішінде әшекей тағу, орамал тарту, гүл қою арқылы оларды сәндейді.
•
Ең әдемі безендірілген ана жеңімпаз атанады.
(Жеңімпаздарға шағын марапаттар беріледі.)


Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып тамаша әнді қабыл алыңыздар. (би анашым)


«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде, 

Бишілер билеп кетті тербетіле. 

Аққудай қалықтаған теңіздегі, 

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда (хор аналарға)


Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын.


Демеңіз біз өнерді аяп қалды, 

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 

Қош болып тұрыңыздар көріскенше 

Осымен концертіміз аяқталды. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19 қыркүйек
67
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі