400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сынып Әдебиет. Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы «Үш қиян» толғауы

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін , эпилог, прологтарды анықтау мақсатына құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп



Мұғалім


Сынып

8

Пәні, бөлімі

Қазақ әдебиеті, ІІ-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Күні

06.11.2024ж

Сабақ тақырыбы

Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы

«Үш қиян» толғауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін , эпилог, прологтарды анықтау

Сабақ мақсаттары

әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін , эпилог, прологтарды анықтай алады;

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Баға

лау

ресурс

Басы

1 мин

Оқушыларға берілген оқу мақсаттарын таныстырады. Мақсаттың етістіктеріне назар аударуды, тапсырманы орындауда мақсаттың маңыздылығын еске салады.

Сабаққа қатысып отырғаны туралы белгі береді. Оқу мақсаттарымен танысады.

Қосымша материалдар (сілтемелер): https://youtu.be/nKHMhJYzBlo

Ойашар

Мұрат Мөңкеұлы деген есім таныс па?

Білсеңдер, қандай шығармалары таныс?



Орта

сы

38 мин

Оқу мақсатына жету үшін берілетін тапсырманың нұсқаулығын түсіндіреді:

Бағалау критерийін ұсынады.

«Көмек аралы» әдісі

Мұрат –айтыстың шебері және үлкен эпик ақын.ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ақындардың бірі – М.Мөңкеұлы өлеңдерінде замана жайы суреттеледі.

МҰРАТ Мөңкеұлы (1843, қазіргі Атырау обл. Қызылқоға ауд. Қарабау а. – 1906, Жайық бойындағы Өрлік а.) – айтыскер ақын, жырау. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығы әрдайым жеңіске жеткізген. Мұрат елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды.

«Стикерлермен диалог» әдісі

1.Мұрат Мөңкеұлы қай жерде дүниеге келген? Кімнің ұстазы?

2.Мұрат Мөңкеұлы шығармаларында не туралы айтылады? Қай заманның ерекшелігі суреттеледі?

1-тапсырма. Шалкиіз, Қазтуған толғауларын жеткізуде Мұрат Мөңкеұлының еңбегі туралы не білесіңдер? Қосымша деректерден іздене отырып, ойларыңды қорытып, дәптерлеріңе жазыңдар.

2-тапсырма. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларын кімдер зерттеді? Білгендеріңді төмендегі кесте бойынша дәптерлеріңе толтырыңдар.

Зерттеушілер

Мұрат Мөңкеұлы туралы еңбектері мен пікірлері






1-10 балл

Дескриптор:

  • Сұрақтарға нақты жауап береді;

  • Қосымша деректер келтіреді;

  • Өлеңді мәнерллеп оқиды

  • Өлеңнің негізгі ойын айтады

  • Ой қорытады

Кестені толтыруда:

  • Зерттеушілерді атайды

  • Зерттеушілердің еңбектері мен пікірлерін көрсетеді

  • М.Мөңкеұлының еңбектері мен

  • пікірлеріне талдау жасайды.

  • Дәптермен жұмыс жүргізеді



ЕБҚ

Жекелеген тапсырма беру

Мұрат Мөңкеұлының өмірбаянын оқу, керек деректі көшіріп жазады

Толғаудағы көріністі сурет етіп салады



Соңы

1 мин

Кері байланыс: Мұғалім оқу мақсаттарына қайта тоқталып, күтілетін нәтижеге қаншалықты қол жеткізгендеріне тоқталады.

«Көңіл-күй құмырасы»

  • - керемет

  • - жақсы

  • - қанағаттанарлық

Оқушылар сабақтағы жетістіктерін, көңіл-күйін өздері бағалайды.



Үйге тарпсырма

Тапсырмаға нұсқау беру

Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығын оқиды

«Үш қиян»толғауын мәнерлеп жатқа оқиды













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі