Ж
амбыл
облысы, Меркі ауданы, № 1 орта мектеп
Оқу
орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Сексенбаева
Жанар Мухтаровна
Сынып:
9 «Б»
Пәні:
Қазақ тілі
Сабақтың
тақырыбы:
Ауылда
Сабақтың
мақсаты:
Туған
жер, туған ауыл атты қасиетті ұғымды
оқушы санасына сіңіру. Өз ауылының
мәртебесін көтеруге шақыру.
Міндеттері:
1. Отан, туған ауыл, туып өскен жер туралы
түсінігін ашу
2.
Сыни ойлауға, анықтауға, талдауға
дағдыландыру
3.
Оқушы ойын сабақ арқылы ауыл мәртебесін
көтеру жағдайында сана сезімін ояту
Сабақтың
типі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың
әдіс- тәсілдері:
«Сын есімді қос», Домино әдісі, «Алтын
балық» ойыны, Галереяға саяхат әдісі,
«Болжау » стратегиясы, «Алты ойлау
қалпағы»
Сабақтың
көрнекілігі:
Интербелсенді тақтадан «Ауылым» әні
Пән
аралық байланыс:
әдебиет, география
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі
-Оқушылармен
сәлемдесу
«Сын
есімді қос»
тренингімен аштым.
Бұл
тренингтің шарттары: жүргізуші допты
кез-келген қатысушыға лақтырады да, өз
есімінің алғашқы әрпіне сын есімдік
сөз қосып айтады.Мысалы: Анатолий
-айбатты, Ғани- ғалым, Динара -данышпан
т.б.
Сөйтіп
ойын жалғасады. «Домино» әдісімен жұпқа
бөлемін. Жұпқа бөлу үшін әр өлеңнен
үзінділер беріледі. Сол үзінділер арқылы
оқушылар өз жұптарын табады. Оқушылар
өлеңді құрастырып, өз жұптарымен бірге
отырады.
II.Үй
тапсырмасын сұрау
-
Үй
тапсырмасын «Алтын балық » ойынымен
аштым.
Алтын
балықта отырған оқушыларға басқа
оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша
сұрақтар қойды.
1.
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.
Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі
бар?
3.Құрамындағы
жай сөйлемнің жасалу жолдарын таныстырып
бер? Оқушылар толығымен жауап берді.
III.Жаңа
сабақ
Ж
аңа
сабақты ашпас бұрын «Ән
көңілдің ажары»
арқылы оқушыларға интербелсенді
тақтадан Мақпал Дүкенбаеваның орындауында
«Ауылым»
әнін тыңдаттым. Оқушылар қазақтың әсем
әнін тыңдай отырып, өз ойларын еркін
айтты. Оқушылар ойланады, жұптасады,
топпен ақылдасады.
тапсырма.
Әр халықтың мақал- мәтелдерінің мағынасын
түсіндіріңдер.
М
ен
оқушыларға интербелсенді тақтадан
«Галереяға саяхат» әдісін түсіндіріп
бердім. «Галереяға
саяхат» арқылы оқушылар плакатқа төменде
көрсетілген тақырыптарды бейнелеп
береді.
топ
Білім
- елге , су -жерге
топ
Білім – ағашы, еңбек -алмасы.
топ
Еңбектің наны – тәтті, жалқаудың жаны-
тәтті.
Әр
топтың оқушылары берілген мақалды
плакатқа түсіруде .
2-тапсырма.
Мәтінді әңгімелеңдер.
«Болжау
»
стратегиясы бойынша мәтіндерді бөліктерге
бөліп бердім.
Оқушылар
осы мәтінді болжап айтты.
Мәтін
Мен
жазғы демалысымда әкеммен бірге ауылға
ата- әжеме баратын болдым. Көлікке бару
үшін аялдамаға келдік. Шамалы уақыттан
кейін автобус келіп, біз тез мініп
кеттік. Ауылға келгенде атам мен әжем
өте қуанды.
Атам
ұсталық өнермен айналысатын. Біз әкем
екеуіміз келе салып шаруаға кірістік.
Ауланы жинадық, құлайын деп тұрған
қораны дұрыстадық, малға қарадық. Содан
соң атама сандық, бесік, үй жиһаздарын
жасауға көмектестік. Мектепте ұсталыққа
үйрететін үйірмеге қатысып, сонда үй
жиһаздарын жасауды үйренгенмін.
Демалысымыздың
қалған күндерінде әкем екеуіміз шөп
шауып, кептіріп, қораға жинадық. Сөйтіп
қалаға кететін уақытымыз да болды. Атам
мен әжем риза болды.
Сергіту
сәтін жүргіздім.
«Бұзық телефон»
3-тапсырма.
Төменде берілген тақырыптарға қысқаша
эссе жазу.
1-ші
топ «Жұмыла
көтерген жүк жеңіл»
2-ші
топ «Ердің
атын еңбек шығарар»
3-ші
топ « Еңбек
мұратына жеткізер, жалқаулық абыройды
кетірер»
Жаңа
сабақты бекіту: «6
ойлау
қалпағы» әдісі
арқылы оқушылар бүгінгі
тақырыпты
«Ауылды
көтеру үшін не істер едіңдер?» деген
сұрақ арқылы бекітті.
Оқушылар
бүгінгі сабаққа өз ойларын ұсыныстарын,
идеяларын айтты.
Кері
байланыс:
стикерге бүгінгі сабақтың қалай
өткендігін оқушылар жазды.
Ү
йге
тапсырма:
«Пірің көп болғанша, білімің көп болсын»
эссе
жазып келу
Бағалау