8 сынып Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау тапсырмалары

Тақырып бойынша 15 материал табылды

8 сынып Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар

8 сынып

І нұсқа

1.1.Оқу сауаттылығы

Мәтін

Терек суарылуы жақсы болса, бір жылда 2-3 метр­ге дейін көтеріледі. Бәрі күтімге байланысты. Қарағай мен еменнің жүз жылдағы өнімін терек 13 жыл ішінде береді. 50-60 жылға дейін өсе береді, сосын ғана өсімі азаяды. Жағдайы келіссе, 120-150 жылға дейін өмір сүреді. Терек – өте әдемі, тік өседі. Ағаш өсіргісі келгендердің көпшілігі оны мамық шашады деп егуден қашқақтайды. Сол үшін асықпай қарап жүріп, мамық шашпайтын аталық терек тұқымын алу керек.

Теректі егіп, өсіру үшін көп қаражат керек емес. Шыбықтарын күз соңында немесе ақпан айында кесіп алыңыз. Тереңдігі бір жарым метрдей ұраға елу-елуден байлап, үстіне сабан салып, көміп тастаңыз. Сәуір айының 27-29-ы аралығында аршып алып, 20-25 сантиметрден қаламшалап кесіп, жерге қисығынан қадау керек, шамамен 45 градустай, көлбеу егілгені жөн. 

1. Мәтін бойынша теректің ұзақ өсе беруі үшін жасалатын жағдай

A) Тамырын тереңге жіберу

B) Көлбеу етіп егу

C) Жақсылып баптау

D) Көктемде отырғызу

2. Мәтінге лайықты тақырып

A) Теректі отырғызу

B) Теректің пайдасы

C) Терек ағашы

D) Теректің сипаты


1.2.Орыс тілі


Работа с объявлением


Объявление:


> Уважаемые жильцы!

В пятницу, 15 апреля, с 9:00 до 17:00 в связи с ремонтом на центральной магистрали будет отключена подача горячей воды. Приносим извинения за временные неудобства.

Управляющая компания "Горжилсервис"


Вопросы:

1. Кто является автором текста?

а) Жильцы дома

б) Ремонтная бригада

в) Управляющая компания

г) Электроснабжение

2. С какой целью размещено это объявление?

а) Уведомить о ремонте в подъезде

б) Предупредить о временном отключении воды

в) Позвать на собрание

г) Попросить заплатить за воду

3. Укажите значение слова «неудобства» в данном контексте.

а) Трудности, вызывающие дискомфорт

б) Финансовые потери

в) Мелкие неприятности на работе

г) Несправедливость





1.3 Ағылшын тілі


  1. Read the text and answer: What is the main idea of the passage?

Text: “More and more people around the world are using bicycles as a way of transport. It is cheap, environmentally friendly, and also a good way to stay healthy.”

Жауабы:

2. Read the schedule below and answer: What time does the science class start on Tuesday?

Schedule:

Monday: Math (9:00), English (10:00)

Tuesday: Science (9:30), History (10:30)

Жауабы:

3. You see this sign in a park: “Do not feed the animals. Thank you!”

Why is this sign important?

Жауабы:

1.4 Математикалық сауаттылық

1. 4, 7, 5, 21, 18, 19, 21, 5 қатары берілген. Төмендегі аталған сандарды табыңыз:

а) арифметикалық ортасы;

b) ең үлкен, ең кіші мәні;

с) өзгеріс ауқымы;

d) қатар модасы;

е) қатар медианасы.


2. Барлық цифрлары жұп болатындай 9, 2, 3, 6, 7, 5, 1 цифрларынан неше үш таңбалы сан құрастыруға болады? Сол сандарды жазып шық.


1.5 Қазақстан тарихы

  1. Тапсырма


Төмендегі тақырып бойынша ПТМС формуласы негізінде бағалаңыз.


«Ұлт ұстазы Алихан Бөкейхановтың қазақ халқының дамуына қосқан үлесі »

  • Позиция (мен солай санаймын )


  • Түсіндіру (..себептерін түсіндіретін болсам.. )

  • Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын..)

  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын..)

Дескрипторы

    • позицияны анықтайды;


    • бірнеше себептерін түсіндіреді;


    • нақты мысалдар келтіреді;


  • ғылымға қосқан үлесін анықтайды;

  • тақырыпқа қорытынды жасайды.

  1. Тапсырма

Қазақстандағы 1918-1920 жылдардағы «Азамат соғысының» салдарларын кестеге сипаттаңыз.


Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени

Демографиялық












Дескрипторы


  • саяси салдарын сипаттайды;


  • әлеуметтік салдарын сипаттайды;


  • экономикалық салдарын сипаттайды;


  • мәдени салдарын сипаттайды;


  • демографиялық салдарын сипаттайды.


1.6 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы (Химия,биология,география)

1-тапсырма

Энергияның балама көздері дегеніміз – болашақта энергия алудың, берудің және пайдаланудың жиынтығы. Олар дәстүрлі энергия көздері тәрізді кеңінен таралмаған, алайда пайдаланудың тиімді, қоршаған ортаға зиян келтіру қаупінің төмен болуына байланысты қызығушылықты тудырып отырған сала болып табылады.

Сіздің ойыңызша энергияның балама көздеріне нелер жатады? Өз ойыңызды жазыңыз және дәлел келтіріңіз.

2-тапсырма.

Қазақстанда энергияның балама салаларын дамытуға қолайлы аймақтар бар ма? Осы аймақтарды атаңыз және негіздеме келтіріңіз.

3-тапсырма.

Энергияның балама салаларын дамыту не үшін қажет деп ойлайсыз?

4-тапсырма.

Кейбір жанартаулық тау жыныстарында көптеген бос қуыстар болады (1сурет).

1-сурет – Жанартаулық тау жыныстары

Бұл бос қуыстар қалай пайда болған?

А. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, жәндіктер оның ішінен шұңқырлар қазған.

В. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінде газ көпіршіктері бөлініп шыққан.

С. Тау жынысы жұмсақ болған кезде, оған жаңбыр тамшылары тамған. D. Тау жынысы суыған кезде, оның ішінен кішкентай тастар түскен.

5-тапсырма.

Америка Құрама Штаттарында жылына 640 ретке дейін болатын құбылыс бар. Ол құбылыс жазықтықтық Техас, Оклахома, Канзас, Небраско штаттарында жиі байқалады. Аталған штаттарда өмір сүретін адамдар табиғаттың бұл апатты құбылысынан жасырыну үшін өз үйлерінде қорғаныс баспаналар салады.

Бұл құбылыс қалай аталады?

1.7 Физика

  1. Сыныпта 30 оқушы бар.Оның 18-і күреспен ,10-ы жүзумен,3-еуі спорттың 2 түрімен де айналысады.Неше адам спортпен мүлдем айналыспайды?

А)22 В)5 С)2 Д)3


  1. «Жекпе -жек»сарайында оқушылар футболға волейболға, баскетболға қатысады .Оның 5-еуі баскетбол мен волейбол үйірмесіне ,6-уы футбол мен баскетбол үйірмесіне ,6-уы футбол мен волейбол үйірмесіне қатысады.Ал 4 -уі барлық үйірмеге қатысады.Барлық оқушылар саны қанша ?

А)10 В)6 С)9 Д)11









Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар

8 сынып

ІІ нұсқа

2.1 Оқу сауаттылығы

Мәтін

1.Үзеңгі б.з V ғасырынан кейін жаппай қолданыла бастады. Үзеңгіні жылқыны алғаш қолға үйреткен Орта Азиялық көшпенділер ойлап тапқанымен, оның дамуы, жетілуі Солтүстік Қытайды бағындырып, металл қорытудың үздік технологиясын тез игерген көшпенділердің үлкен бұтағы сианпилермен (Сәнбе) байланысты болды.

2.Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша, қазірге дейінгі әлемдегі датасы ең ұзақ үзеңгілер Қытай аумағынан, атап айтқанда, Ішкі Моңғол жерінен, III-IV ғасырларда сианпилер салтанат құрған Ұланхад аумағынан табылып отыр. Ағаштан жасалып, қоламен қапталған бұл үзеңгілер қазіргі металл үзеңгінің төркіні деп есептілінеді. Ал Еуропада темір үзеңгінің ең көне археологиялық қазбасы мажар жерінен, абарлардың моласынан шықты, түріктердің (Орта Азия түріктері) қуғынына түскен абарлар шамамен 560 жылдан кейін ұлы даладан Еуропаға қоныс аударып барған.

3.Византиялықтар да үзеңгімен ауарлар арқылы таныс болған. Осы ретте ресейлік археолог С.И. Вайнштейннің «V ғасырдың 2 жартысынан бастап Еуропаның кең-байтақ далаларында үзеңгі жиі кездесе бастады. Қытай археологы Лю Хан және басқа да ғалымдар жылқы үзеңгісімен қоса басқа да жабдықтар Қытайға солтүстіктегі көшпенді түркілерден тараған деп есептейді» деген пікірін ескерген жөн.

4.Үзеңгінің тарихи-әскери маңызын ғалымдар ерекше жоғары бағалайды. Ағылшын ғалымы Линн Уайт (Lynn White) «Үзеңгідей қарапайым, бірақ дүние тарихына түбегейлі бетбұрыс әкелген өнер табыстары өте сирек кездеседі» десе, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай «Үзеңгілі ер-тоқымның жасалуы материалдық мәдениет тарихындағы үлкен жаңалық болды. Салт атты адам енді аз уақыт ішінде алыс жерлерді бағындырды. Көшпенділердің атты әскерінің қуаты күшейді. Бірінші мыңжылдықтардың 2 жартысынан бастап Еуразия далаларындағы көшпенділердің жылдамдықтары артты» дейді.

1. Мәтін мазмұнының реттілігі

1. Ең алғашқы үзеңгілер

2. Археологтер пікірі

3. Үзеңгіге ғалымдар бағасы

2. Үзеңгінің қолданысқа енуі

A) 4,1,2,3

B) 2,4,1,3

C) 4,1,3,2

D) 2,1,4,3

3. Мәтін бойынша металл өңдеуді тез игерген

A) Византиялықтар

B) Абарлар

C) Қытайлар

D) Сианпилер

4. Мәтіннің стилі мен жанры

A) Ғылыми, мақала

B) Публицистика, мақала

C) Публицистика, тезис

D) Ғылыми, аннотация

5. Мәтінде үзеңгіні көшпенділер ойлап тапты деген зерттеу болжамының берілу себебі

A) Көшпенділер ең алғаш жылқыны қолға үйреткен соң

B) Көшпенділер темір өңдеу техникасын мақты меңгерген соң

C) Көшпенділер атты әскермен жиі соғысқа шыққан соң

D) Археологиялық қазбалар делелдеп берген соң

6. Берілген үзінді мен негізгі мәтін арасындағы үндестік

Терлік аттың арқасына тіке салынатын, аттың арқасын қорғап, шыққан терді тоқымға өткізбей тұратын ер жабдығы. Көбінде, иленген лақ, елік, қарақұйрық терілері мен қойдың жұмсақ жабағысынан жасалады. Тебінгі – аттың тері балаққа өтіп, үзеңгі баудың балақты қырқымауы үшін және үзеңгі таралғысының ат қабырғасын қажап, жаралауынан қорғап, ат қабырғасы мен үзеңгіні айырып тұрады.

A) Екі мәтінде де тек қана үзеңгі туралы айтылады

B) Екі мәтінде де тарихи зерттеулер айтылады

C) Екі мәтінде де болжамды ақпараттар айтылады

D) Екі мәтінде де ат әбзелдері туралы айтылады

2.2 Орыс тілі

Работа с объявлением


Объявление:


> Уважаемые жильцы!

В пятницу, 15 апреля, с 9:00 до 17:00 в связи с ремонтом на центральной магистрали будет отключена подача горячей воды. Приносим извинения за временные неудобства.

Управляющая компания "Горжилсервис"


Вопросы:

1. Кто является автором текста?

а) Жильцы дома

б) Ремонтная бригада

в) Управляющая компания

г) Электроснабжение

2. С какой целью размещено это объявление?

а) Уведомить о ремонте в подъезде

б) Предупредить о временном отключении воды

в) Позвать на собрание

г) Попросить заплатить за воду

3. Укажите значение слова «неудобства» в данном контексте.

а) Трудности, вызывающие дискомфорт

б) Финансовые потери

в) Мелкие неприятности на работе

г) Несправедливость


2.3 Ағылшын тілі

1. You receive this message from your friend: “Hey! I left my notebook in class. Can you bring it to me tomorrow?”

What should you do?

Жауабы:

2. Look at this advertisement: “Weekend Sale! All books 50% off!”

What does it mean?

Жауабы:

3. You are going to the zoo. Here is the map:

• Lions – Area A

• Giraffes – Area B

• Monkeys – Area C

If you want to see the monkeys first, where should you go?**

Жауабы:

2.4 Математикалық сауаттылық

1. Барлық цифрлары жұп болатындай 9, 2, 3, 6, 7, 5, 1 цифрларынан неше үш таңбалы сан құрастыруға болады? Сол сандарды жазып шық.



2. Поезд жолдың 280 км-ін 70 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 120 км-ді 40 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 150 км-ді 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша?


2.5 Қазақстан тарихы

1.Тапсырма


Қазақстандағы 1918-1920 жылдардағы «Азамат соғысының» салдарларын кестеге сипаттаңыз.


Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени

Демографиялық












Дескрипторы


  • саяси салдарын сипаттайды;


  • әлеуметтік салдарын сипаттайды;


  • экономикалық салдарын сипаттайды;


  • мәдени салдарын сипаттайды;


  • демографиялық салдарын сипаттайды.


2. Тапсырма


  • ғасырдың бірінші жартысындағы орта білім беру саласындағы реформалардың маңыздылығын анықтаңыз.


Реформалар

Реформалар маңызы






















Дескрипторы


  • орта білім беру саласындағы реформаларды анықтайды;


  • орта білім беру саласындағы реформалардың маңызын анықтайды.

2.6 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы (Химия,биология,география)



1-тапсырма.

Бұл бұғаз бір уақытта бірнеше қызмет атқарады: екі мұхитты және екі теңізді жалғастырады, екі материкті, дүниенің екі бөлігін, екі түбекті, екі мемлекетті бөледі.

Сұрақ: бұл қай бұғаз?

Бұл бұғаз жалғастыратын (қосатын) және бөлетін нысандарды жұпжұбымен жазыңыздар. Екі мұхит –

Екі теңіз – Екі материк – Дүниенің екі бөлігі –

Екі түбек –

Екі мемлекет –

2-тапсырма.

Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.

Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады?

Астана қаласына осынша жауын-шашын мөлшері қанша уақытта түсетінін есептеңіздер.

Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар.

3-тапсырма.

Солтүстік Америкада радиодан және теледидардан мысалда келтірілгендей ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде болмасаңыз және жақын жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі арыққа немесе ойпаң жерге етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен немесе қалқан бола алатын затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз – жүріп кетуге тырыспаңыз, машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз терезеден, есіктен және үйдің ішкі қабырғаларынан алшақ тұрыңыз, үйдегі жертөлеге тығылыңыз. Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып неғұрлым сенімді баспана табуға тырысыңыз.

Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады.

Сұрақтар:

  1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып табылады?

  2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты?

  3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер?

  4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады?

  5. Қазақстанның жекелеген аймақтарының халқы үшін бұл ұсыныстардың маңызы бар ма? Маңызы бар болса, онда қандай аймақтар үшін? Себебін атаңыздар.

4-тапсырма. Зат алмасуы

Заттың және энергияның алмасуы – өзара байланысты үдерістер, бұл үдерістің бір де біреуі өз алдына жеке болмайды. Нәрлі заттардың құрамындағы химиялық байланыстар энергиясының қышқылдануы барысында, организмнен бөлініп шығады және қолданылады. Ағзаның өмір сүру қызметтерінің бәрі энергияның бір түрінің екінші түрге өтуі есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда энергияның жалпы саны өзгермейді.

1-сұрақ. Зат алмасуы

Әр түрлі мамандық иелерінің мамандығына байланысты іс-әрекеттерінде жұмсайтын энергия мөлшері де әр түрлі болады. Мысалы, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адам, күніне 3000 килокалория жұмсайды. Ауыр дене еңбегімен айналысатын адам, күніне 2 есе кем энергия жұмсайды.

Дене күшін талап ететін еңбекпен айналысу барысында жұмсалатын энергия мөлшері пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деп анықталады. Оның орташа мөлшері – 20-25%, спортшыларда ПӘК жоғары болады. Қышқылдану барысында 1 г ақуыз – 4,1 ккал, 1 г май – 9,3 ккал, 1 г көмірсу – 4,1 ккал бөлетіні анықталған. Тағамдық азық-түліктердегі ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың мөлшерін білген жағдайда, олардың құнарлылығын немесе энергиялық құнын анықтауға болады.

Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам, өз ағзасының энергиялық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қайсы мөлшерді қабылдауы керек?

А. 732 грамм көмірсу.

В. 732 грамм май.

С. 150 грамм ақуыз.

D. 732 грамм ақуыз және 732 грамм көмірсу.

2-сұрақ. Зат алмасуы

Бұлшық ет қызметі, белсенді қозғалыс, дене шынықтыру жаттығулары және спорт энергияны көп жұмсауды талап етеді. Нәрлі заттардың құндылығын ескере отырып, оларды ауыстыруға болады.

6-кестедегі пайымдаулар дұрыс па?

6-кесте – Зат алмасуы

Р/с

Пайымдаулар

Иә/жоқ

1

Энергиялық құндылық тұрғысынан 1 г көмірсу 1 г ақуызға тең

2

Егер тағамға ақуызды көп пайдаланатын болса, онда артық салмақ болмайды

3

Ағза үшін тағамның жалпы құндылығы ғана маңызды

4

Тағам мөлшерін құрастыру барысында қарқынды және ауқымды жаттығу күндері спортшылардың энергия жұмсауының ұлғаюын есепке алу қажет

Жүйке жүйесі, жүрек, тыныс алу бұлшықеттері, бүйрек, бауыр және басқа да ағзалар үздіксіз қызмет жасайды және энергияның белгілі мөлшерін тұтынады. Мысалы, жүрек үлкен жұмыс атқарады. Ол әр сағат сайын қолқаға 300 л шамасында қан лақтырып отырады. Бұл жұмыс қышқылдану үдерісі қарқынды жүріп жатқан жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы есебінен жүзеге асырылады. Босаған энергияның нәтижесінде бұлшықеттердің механикалық жиырылуы қамтамасыз етіледі де соңында барлық энергия жылу энергиясына ауысады, ол ағзаға тарайды және қоршаған кеңістікке беріледі. Ұқсас үдерістер адам денесінің әр органда жүреді. Әр жағдайда ең соңында химиялық, электрлік, механикалық және басқа да энергия түрлері жылу энергиясына ауысады және сыртқы ортаға шашырайды.

3-сұрақ. Зат алмасуы

Энергия сыйымды, яғни жұмыс істеуіне көп энергия жұмсалатын органдарға жүрек пен бүйрек жатады. Сонымен бірге бұл органдардың салмағы онша үлкен емес.

А. Энергияны көп жұмсайтын органдардың тізімін жазыңыздар.

В. Энергия жұмсамайтын орган деп санауға болатын органдарды көрсетіңіздер. Неліктен?

5-тапсырма. Иммунитет

Жақсы иммунитет адамның көтеріңкі көңіл-күйін білдіреді, вирусты немесе бактериялы инфекциялық аурулар жұқтыру ықтималдығын азайтады. Егер адамды өз организмінің қорғаныс күштерінің жағдайы мазалайтын болса, иммунолог дәрігерге баруы және иммунограмма тапсыруы тиіс, ішектерінің микрофлорасының құрамын зерттеуі қажет. Иммунитеттің әлсіреген жағын анықтап, оны қалыпқа келтіруі тиіс.

Тез шаршағыштық, әлсіздік, ұйқысыздық, сонымен қатар ерінде ұшықтың, көзде теріскеннің, арқа терісінде шиқанның шығуы – адам организмі қорғаныс күштерінің әлсіреуін көрсетеді. Ангина, тонзиллит, құлақтың қабынуы, гайморит тәрізді инфекциялық аурулармен ауруға бейімділігі артады. Сонымен бірге организмнің жасалып жатқан емді қабылдауы бәсеңдейді, сауығу үдерісі созылып кетеді. 1-сұрақ.

Иммунитетті қалпына келтіру – адамның өз организміне қамқорлықпен қарауды талап ететін кешенді үдеріс. Иммунитетті нығайтудың тәсілдері (өз ойларыңызды жазыңыздар):

  1. Ұйқы –

  2. Дұрыс тамақтану –

  3. Белсенді дене шынықтыру әрекеті – 4. Күйзеліс әсеріне шектеу қою –

2-сұрақ. 7-кестеде келтірілген мысалдардың қайсысы иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі? (Ия/жоқ).

7-кесте – Иммунитетті қалпына келтіру жолдары

Мысалдар

Иә/жоқ

1

Көкөністер және жеміс-жидектері бар тағамдар

2

Адамдар көп жиналатын жерлерге бару

3

Энергетикалық сусындар ішу

4

Мекен жайды ауыстыру

5

Таза ауада көп жүру, серуендеу

6

Тағамға жартылай дайындалған өнімдерді қолданбау

7

Бассейнге бару, салқын сумен құйыну, қарама-қарсы душ қабылдау



6-тапсырма.

Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.

Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?

2.7 Физика

1.10 см кесінді 1 м-дің қанша бөлігін құрайтынын пайызбен көрсетіңіз.

А)80% В)20% С)50% Д)10%

2.Айман 2сағ.40 мин серуендеді.Осы уақыттың 1/5 бөлігін достарымен доп ойнады,1/4 бөлігін секіртпемен ойнады.Ал қалған уақытта саябақта серуендеді .Айманның саябақта серуендеген уақыты?

А)1сағ.25мин В)1 сағ.30 мин С)1сағ.40мин Д)2сағ.40мин









































Функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар

8 сынып

ІІІ нұсқа

3.1 Оқу сауаттылығы

Мәтін

Жер астынан артезиан суын пайдалану үшін құдық қазылады немесе бұрғыланған ұңғымалар жасалады. Қазақстанда артезиан құдығы ХІХ ғасырдан бастап қазылды. Артезиан құдығының қабырғасы берік болса шегенделмейді.  Ал қабырғалары қиыршық тас, құм тас, малта тас немесе борпылдақ, сусымалы болса таспен, ағашпен шегенделеді. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен жүздеген метр тереңдікке дейін бұрғыланып, темір немесе құйматас құбырлар орнатылу жұмыстары қолға алынған.

"Мыңжылдық" құдығы. Бұл – шамамен ХVІІІ ғасырда қазылған құдық. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Қурайлы даласында орналасқан. "Мыңжылдық құдығы" – қазақ даласындағы теңдесі жоқ құрылыс үлгісі. Құдықтың кіреберіс кеңдігі 20-25 метр арық ретінде қазылып, әр метр сайын 10 сантиметрге тереңдей беретін каналға айналған. Каналдың ұзындығы 400 метр жерді төмендете қаза келіп, 40 метрге тереңдегенде жер асты суына жетеді. Құдықтың айналасын мал су ішін шығатындай етіп, кеңейте қазған. Түбін тереңдете тазартып, кішкене көлшік жасаған. Суға баратын канал жолы да кең. Оған 5-6 жылқы қатарынан емін-еркін түсіп, өз бетімен су ішін шыға алады. Ел аузындағы аңызға сенсек, бұл құдықты Қабанбай батырдың жасағы жорық алдында аялдау үшін қаздырған екен. Шөл даладағы құдықтан түз тағылары мен жыртқыш аңдар да бір-біріне зиян тигізбей шөлін қандырады деседі.

3. Мәтіннің бірінші бөлігінде айтылған ой

A) Артезиан суының пайда болуы туралы

B) Құдықтың ішкі сипаты туралы

C) Құдықтың шығу тарихы туралы

D) Артезиан құдығын орнату туралы

4. Мәтін бойынша "Мыңжылдық құдығының» теңдесі жоқ құрылыс болуының дәлелі

A) Құдықтың тереңдігі, айналасы кең, тіршілік иесіне тиімді етіп салынған

B) Құдыққа дала аңдары да кіріп-шығып су іше алады деседі.

C) Құдықты Қабанбай батырдың жасақтары жаугершілік заманда салдырған.

D) Құдық мыңжылдықтар бойы адамзатқа қызмет етіп келе жатқаны айтылады.

5. Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем

A) «Мыңжылдық құдығына» баратын жолы тар екені айталады.

B) Елімізде 1700 жылдары артезиан құдығы қазыла бастаған.

C) «Мыңжылдық құдығын» халық Қабанбай жасақтарына арнап қаздырған.

D) Құдықтың өқабырғалары борпылдақ, бос болса шегенделген.

3.2 Орыс тілі

Работа с объявлением


Объявление:


> Уважаемые жильцы!

В пятницу, 15 апреля, с 9:00 до 17:00 в связи с ремонтом на центральной магистрали будет отключена подача горячей воды. Приносим извинения за временные неудобства.

Управляющая компания "Горжилсервис"


Вопросы:

1. Кто является автором текста?

а) Жильцы дома

б) Ремонтная бригада

в) Управляющая компания

г) Электроснабжение

2. С какой целью размещено это объявление?

а) Уведомить о ремонте в подъезде

б) Предупредить о временном отключении воды

в) Позвать на собрание

г) Попросить заплатить за воду

3. Укажите значение слова «неудобства» в данном контексте.

а) Трудности, вызывающие дискомфорт

б) Финансовые потери

в) Мелкие неприятности на работе

г) Несправедливость


3.3 Ағылшын тілі

1. Read the schedule below and answer: What time does the science class start on Tuesday?

Schedule:

Monday: Math (9:00), English (10:00)

Tuesday: Science (9:30), History (10:30)

Жауабы:

2. You see this sign in a park: “Do not feed the animals. Thank you!”

Why is this sign important?

Жауабы:

It is important because feeding the animals can be harmful to their health and may change their natural behavior.

3. You receive this message from your friend: “Hey! I left my notebook in class. Can you bring it to me tomorrow?”

What should you do?

Жауабы:

3.4 Математикалық сауаттылық

1. 4, 7, 5, 21, 18, 19, 21, 5 қатары берілген. Төмендегі аталған сандарды табыңыз:

а) арифметикалық ортасы;

b) ең үлкен, ең кіші мәні;

с) өзгеріс ауқымы;

d) қатар модасы;

е) қатар медианасы.


2. Барлық цифрлары жұп болатындай 9, 2, 3, 6, 7, 5, 1 цифрларынан неше үш таңбалы сан құрастыруға болады? Сол сандарды жазып шық.


3.5 Қазақстан тарихы

1.Тапсырма


Төмендегі тақырып бойынша ПТМС формуласы негізінде бағалаңыз.


«Ұлт ұстазы Алихан Бөкейхановтың қазақ халқының дамуына қосқан үлесі »


  • Позиция (мен солай санаймын )


  • Түсіндіру (..себептерін түсіндіретін болсам.. )

  • Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын..)

  • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын..)


Дескрипторы

    • позицияны анықтайды;


    • бірнеше себептерін түсіндіреді;


    • нақты мысалдар келтіреді;


  • ғылымға қосқан үлесін анықтайды;

  • тақырыпқа қорытынды жасайды.

2 Тапсырма


Қазақстандағы 1918-1920 жылдардағы «Азамат соғысының» салдарларын кестеге сипаттаңыз.


Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени

Демографиялық












Дескрипторы


  • саяси салдарын сипаттайды;


  • әлеуметтік салдарын сипаттайды;


  • экономикалық салдарын сипаттайды;


  • мәдени салдарын сипаттайды;


  • демографиялық салдарын сипаттайды.


3.6 Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы (Химия,биология,география)



1-тапсырма. Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды.

Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.

Себебін түсіндіріңіздер.

2-тапсырма.

Биология сабағында мұғалім: адам орманға барғанда тынысы кеңіп, жеңіл демалатынын айтты. Оның себебі өсімдіктер адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Өсімдіктердің оттегін бөлетінін дәлелдеу мақсатында келесі тәжірибені ұсынды. Ауа кіргізбейтін қақпағы бар биік, мөлдір шыны ыдыстың ішіне арнайы ыдыста өсіп тұрған өсімдікті (немесе өсімдіктің бір бұтағын) салып қойды (суреттегідей). Оны жылы, жарық жерге қойды (егер өсімдік оттегін шығаратын болса, шыны ыдыстың ішінде ол көп болуы тиіс) (6-сурет).

6-сурет – Шыны ыдыспен жабылған өсімдік

1-2 тәулік өткеннен кейін мұғалім оқушыларға «шыны ыдыстың ішінде оттегі жиналды ма?» деген сұрақ қойды. Сұрақ: оттегінің бар екенін дәлелдеңіздер.

3-тапсырма.

Кремний хлориді (ІV) SiCI4 – түссіз, ұшқыш сұйықтық. Ақ түтін пайда болуы үшін, бұл сұйықтық бар ыдысты ашу жеткілікті. Булану барысында кремний хлориді (ІV) ауадағы ылғалмен әрекеттеседі:

SiCI4 + 4H2O = H4SiO4 + 4HCI.

Бұл реакцияның нәтижесінде кремний қышқылының (H4SiO4) қатты бөлшектерінен тұратын түтін пайда болады. Сұрақ: бұл түтінді қайда пайдалануға болады?

Келесі (20-23) тапсырмаларға өз ойларыңызды жазыңыздар және дәлелдеңіздер.

4-тапсырма.

Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады? Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады.

5-тапсырма.

Құм, балшық, қарашірік, минералды тұздардың әрқайсысынан бірдей мөлшерде алынған. Олардың бәрі араластырылып, онда аз мөлшерде су құйылған. Дайын болған қоспаны топырақ деп айтуға бола ма? Неліктен?

6-тапсырма.

Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда болады.

Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі:

  1. Келесі суарғанға дейін «қабыршықтарға» тиіспеген жағдайда. Иә/жоқ.

  2. «Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып отырған жағдайда. Иә/жоқ.

7-тапсырма.

Батпақты жерлерде өсімдіктердің дамуы үшін су жеткілікті, алайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы нашар және баяу. Неліктен?

3.7 Физика

1.Айман 2сағ.40 мин серуендеді.Осы уақыттың 1/5 бөлігін достарымен доп ойнады,1/4 бөлігін секіртпемен ойнады.Ал қалған уақытта саябақта серуендеді .Айманның саябақта серуендеген уақыты?

А)1сағ.25мин В)1 сағ.30 мин С)1сағ.40мин Д)2сағ.40мин



2.Наурыз айында қиярдың бағасы 1200 тг болды .Сәуір айында 20% арзандады.Ал маусым айында сәуір айына қарағанда 50% арзандады.Маусым айындағы қиярдың бағасы?

А)600 В)480 С)960 Д)500











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2025
88
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі