400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

8-сынып. Қазақ әдебиеті. Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда», Дулат Исабеков «Әпке» повесі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. Үлгі ретінде берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Оқылатын шығарма:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»,

Дулат Исабеков «Әпке» повесі

Оқу мақсаты:

Т/Ж.8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

Б/С.8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Бағалау критерийі:


  • Білім алушы

  • көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді

шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты:

15-20 минут



1-тапсырма. Қай кейіпкердің бейнесі? Анықтаңыз

1. Ол – жаны нәзік, үлкен сезімнің адамы. Адамгершілік парасаты биік, қоғам алдындағы азаматтық борышын ақтаған замандасымыздың бейнесі.

2. Үй ішіндегі дау-шарға араласпай, пьесада оқшау шыққан бейне. Кісіге жаманшылығы жоқ, ойланбай қимылға бармайтын, артық сөйлемейтін, өзімен-өзі жүрген тұйықтау жан.

3. Әке-шешесіз кешкен тірліктің қыспағын арқалап, жұмыс істеп, үйге кіретін азды-көпті тиын-тебенді табатын да осы. Қанша бұлқан-талқан болып жатса да кек тұтпайтын, барынша досын сүйіндіретін, дұшпанын күйіндіретін кесек қимылдың адамы.

4. Ол – еркелеу, тілі удай, бір адамға жетер мінезі бар, өмірге өзіндік түйсік-түсінігі қалыптасып қалған студент жас.

2-тапсырма. Көркемдегіш құралдарды анықтаңыз.


1. «Сүйінші бер дегендей бір толықсып,

Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға»


2. «Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ»

Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап...

3. Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба ана?..

3-тапсырма. 2-3 сөйлеммен өз ойыңызды білдіріңіз. Қамажайдың туған күнінде жалғыз қалуына не себеп болды? Өзі тәрбиелеген інілері мен сіңілісінің қайырымсыз болғаны ма?

Бағалаукритерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

  • көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді



1

Кейіпкерлер бейнесін анықтайды;

4

Көркемдегіш құралдарды табады

3

шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді;


1

Тақырыпты ашады;

1

Өз ойын білдіреді

1

Сауатты жазады


1


Барлығы

10



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
05.03.2024
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі