8 сынып ҚМЖ Көмірсулар – энергия көзі. Липидтердің қасиеттері мен қызметі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 сынып ҚМЖ Көмірсулар – энергия көзі. Липидтердің қасиеттері мен қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмірсулар – энергия көзі. Липидтердің қасиеттері мен қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Молекулалық биология

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көмірсулар – энергия көзі. Липидтердің қасиеттері мен қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Көмірсулар мен липидтерді құрылымы мен түрлеріне қарай жіктеу, қызметтерін сипаттау.

Көмірсулар мен липидтердің көп кездесетін өкілдерін құрылымына қарай талдау.

Биологиялық қызметтерін бір-бірінен ерекшеліктері бойынша салыстыр

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу және түсіну, Қолдану

Бағалау критерийі

Көмірсулaр мен липидтердің құрылымы мен түрлерін талдайды.

Көмірсулар мен липидтeрдің биoлогиялық қызметтері мен маңызын сипаттайды



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3мин















3-7мин










  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.



  1. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Жылы лебіз» әдісі арқылы.

Оқушылар бір – біріне жақсы сөздер арқылы бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

  1. Топқа бөлу: мөрленген суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді.








«Биологиялық диктан » әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру мақсатында жаттығу түрлері беріледі.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

1. Тек тірі ағзалардың құрамында кездесетін заттар .................................... заттар деп аталады. 2. ...............................мономер буындарынан тұратын молекулалардың ұзын тізбегі. 3. Ретсіз полимерлерге ............... реті мен мөлшері ........................ болатын полимерлерге жатады. 4. Полимерлердің маңызды қасиеттерінің бірі ............... ыдырап, қайтадан ............................. бірігуі. 5. Көмірсулар, липидтер, ақуыздар ....................... заттар тобына жатады. 6. Берілген полимер АБСДЕЖИК ......................... полимер түріне жатады.

Оқушылар дөңгелек шеңбер болып, «Сен білімдісің!» , «Сен көшбасшысың!» секілді жақсы сөздермен бір – бірінің көңілдерін көтереді, сабаққа деген қызығушылықтары артады.


Оқушылар биологиялық әдіспен қағаз қиындыларын құрап

3- топқа бірігеді.

1-топ Көмірсулар

2-топ Липидтер

3Shape1

19

-топ Майлар




Оқушылар мағынаны білу үшін берілген мәтіндегі қалып қойған сөздерді тауып, түсініктеме береді




Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!











Дескриптор:

-қалып қойған сөздерді жазады-1бал

Бағалау: Каспий бонустар








Презентация

























Сабақтың ортасы

7-15мин
































Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру үшін «Көмірсулар мен липидтер» туралы бейне жазбаны көрсету. Бейнематериалдан түсінгендерін төмендегі сұрақтар арқылы тексеру

1. Көмірсулар мен липидтер табиғатта қалай түзіледі?

2. Липидтердің құрамында қандай қосылыстар болады?

3. Күнделікті ағзамызға қажетті көмірсулар мен липидтерді қандай тағамдар арқылы қабылдаймыз?

4. Моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтердің бір-бірінен ерекшеліктері қандай?



«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтық тапсырмалар орындатады

1 -топ тапсырмалары Берілген суреттегі май тәрізді заттар гормондар мен дәрумендердің биологиялық қызметтерін сипаттап, бір-бірінен ерекшеліктері бойынша салыстырыңыздар. Адам ағзасына тигізетін пайдасын анықтаңыздар




2-топ тапсырмалары суреттерге назар аударыңыздар (бал мен балауыз) органикалық заттардың қай тобына жатады? Бал мен балауыздың биологиялық қызметтері тұжырымдап, маңызына баға беріңіздер.

3-топ тапсырмалары Өсімдіктердің негізгі қоректену көмірсуы – крахмал болса, адамдар мен жануарлардың қордағы көмірсуы- гликоген болып табылады. Бірақ гликоген крахмал сияқты тікелей табиғи заттардан қабылдай алмаймыз. Төменде берілген заттар мен көмекші сөздерді пайдалана отырып, адам мен жануарлар ағзасындағы қор заты гликогеннің түзілуін құрастырып және қызметін тұжырымдап беріңіздер. Қажетті заттар: картоп түйнегі, күріш, стакандағы сілекей, жануар майы, глюкоза. Көмекші сөздер: гидролиз, тіс, асқазан, ішек, қан, бауыр.







Оқушылар видеомәліметті көреді

топта бір- бірімен ойласып сұрақтарға жауап береді







Оқушылар берілген суреттерді қолданып тапсырмаларды орындайды

Сұрақтарға ұтымды жауап беріп Постер қорғайды, кітаптағы мәтінді қолданады










Балауыздың биологиялық қызметін тұжырымдап,маңызына баға береді

-крахмалдың табиғатта кездесетін орнын атайды; -берілген заттар мен көмекші сөздерді пайдаланып гликогеннің түзілуін құрастырады; -гликогенннің маңызына баға береді.


Дескриптор:

«Көмірсулар мен липидтер» бейнематериалын мұқият қарайды; -қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді.



Дескриптор

-көмірсулардың биологиялық маңызын айтыңыздар

-Гармондарға әсерін түсіндіріңіздер -1балл

-Органикалық заттар тобына жіктейді; Балдың биологиялық қызметін тұжырымдап,маңызына баға береді


Мұғалімнің бағалауы

Топтар бірін бағалауы



https://youtu.be/DQr1sKDrYQw?si=PfDNMxq_QhV_eQ1S










дәптер










ЕБҚ оқушысына арналған тапсырмалар



«Сәйкестендір » әдісі арқылы оқушыға сілтеме арқылы қызықты тапсырма ұсынады

Оқушы берілген тапсырманы ұстазының көмегімен сілтемені көре отырып орындайды


Алған ақпараттарын қолданады

Қажетті сөздерді дәптеріне жазып алады.


Дескриптор:

- көмірсуларды тиісті сөздермен сәйкестендіреді

-майларды ажыратады

-2балл

Бағалау мұғалімнің бонустары

https://learningapps.org/watch?v=pagjyx60323

Функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмалар


Дене үшін энергия көздері 

Адамдар - бұл диетаның құрғақ салмағының 90% құрайтын белок, май, көмірсулар, олар 100% энергияны қамтамасыз етеді. Барлық үш қоректік заттар энергияны (калория бойынша өлшенеді) қамтамасыз етеді, бірақ 1 грамм заттың энергия мөлшері әртүрлі:

Бір грамм көмірсу немесе ақуызға 4 калория

Майдың граммына 9 калория

Бұл қоректік заттар энергияны қаншалықты жылдам жеткізетіндіктен ерекшеленеді. Көмірсулар жылдамырақ тасымалданады, ал майлар баяу.

Жай сұрақтар.

1.Көмірсулар және майлар дегеніміз не?

2 Көбінесе Егер мен дұрыс түсінсем....», Қателеспесем, сіз былай деп айтқан сияқты едіңіз....», Сіз айтып тұрғандай...», Шынымен, сіз осылай ойласаңыз....» – Егер мен дұрыс түсінсем, адам қанында глюкоза мөлшері 0,12% құрайды екен. Адам үшін глюкозаның маңызы неде?

көмірсулар өсімдіктерде болады делінген. Қай өсімдіктерде көмірсулар мөлшері көп болады?

  1. Шығармашылық сұрақтар. – Өсімдіктер көмірсуы – крахмал деп аталады. Ал крахмал суда ерімейді. Сонда ол жапырақтан тамырға қалай барады?

Моносахаридтерді, полисахаридтерді жүйелеу үшін қандай қасиеттерді негізге аламыз? 4. Төмендегі сөздердің баламасын табыңдар: Ø жүзім қанты– Ø сүт қанты– Ø жануар қанты– Ø жеміс қанты– Ø ДНҚ қанты– Ø РНҚ қанты– Ø өсімдік қанты

4. Практикалық сұрақтар. – ХХ ғасыр басында дәрігерлер қантты ақ өлім /белая смерть/ деп атады. Дәрігерлер Д.И.Менделеевтің таблицасынан қантты алмастыратын, дәмі бойынша айырмашылығы жоқ, диабет пен тісті бұзбайтын заттарды

тапты. Ол қандай заттар ? (Сорбит, пинакон) – Кәдімгі бақа қыста мұзбен бірге қатады, ал көктемде еріп қайтадан тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың себебі – бақаның қанында көмірсудың жоғары мөлшерде кездесуі. Ол қандай көмірсулар деп ойлайсыңдар? (Глюкоза, фруктоза, галактоза) 6. 5.Интерпретациялық сұрақтар. Неге деген сөзден басталады. Не нәрсенің болсын себебін білуге бағытталады. – Неге шөл кемесі деп есептелетін түйе шөлге шыдамды? Түйеде май қандай қызмет атқарады? – Неге қысқы ұйқыға кететін жануарлар май қорын жинайды?


Оқушылар БЛУМ таксаномиясы бойынша берілген мәтінді қолдана отырып тапсырмаларды ретімен орындайды

Дескриптор:

Көмірсулар мен майларға қандай заттар жататынын біледі. – Көмірсулар мен майлардың қасиеттерін біледі. – Көмірсулар мен майлардың қызметтеріне баға береді


«Құрастыру» әдісі бойынша жұптық жұмыстар ұйымдастырады


Оқушылар алған білімдерін қолдану үшін берілген тапсырманы орындайды

Қызығушылықтар артады

Тақырып бойынша пазлды дұрыс анықтайды






Дескриптор:

-берілген кестені толтырады-



https://learningapps.org/watch?v=phjpan7qc23


«Біліміңді шыңы» әдісі арқылы оқушыларға бекіту тапсырмасын ұсынады. Берілген суреттегі құрылымдық формуланы ата?

1.

2.

3.


Оқушылар алған білімдерін қорытындылау тапсырмасын орындайды

Дескриптор:

-құрылымдық формулаларды атайды-1балл



Кері байланыс: Кемпірқосақ Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік деңгейін білдіреді.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.00.2023
859
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі