400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сынып Т.Ахтанов "Күй аңызы" шығармасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп миссиясы:

Оқу үрдісіндегі білім мен тәрбиені сабақтастыра отырып, бәсекеге

қабілетті, функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыру

Тексерілді:

Бөлім: Қиял мен шындық Мектеп: С.Датұлы атындағы ЖББМ

Күні: 10.04.2025 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Б.Осимова

Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен портреттік мінездемесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақ мақсаты

Шығарма кейіпкерлері арқылы тура және жанама мінездеулерді анықтау, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут



Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назары сабаққа аударылады.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қызығушылығын ояту. «Сөз бұлты»

Сынып оқушыларына «Образдың жасалу жолдары» мақаласы таратылады. Мақаланы оқып болғаннан кейін жұппен пікір алмасып талдайды. Мақалаға сүйене отырып «Образдың жасалу жолдары қандай?» деген сұрақты ашатын сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады.

Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың спикері шығып

«Кейіпкерді сомдаудағы тура және жанама мінездеу» туралы топтың жасаған анықтамасымен таныстырады.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Абайдың кез келген өлеңін жатқа айтады.

Назары сабаққа аударылады. Оқушыларға «Образдың жасалу жолдары» мақаласы таратылады. Мақаланы оқып, жұппен пікір алмасады. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Қалыптасты-рушы бағалау



ҚБ




Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі, А4 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер, шығарма үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар.

«Образдың жасалу жолдары»

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану. 1-тапсырма. «Интервью» тәсілі

Оқушылар өздері жақсы көретін түстері арқылы топқа бөлінеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топтағы оқушылардың біреуі интервью жүргізуші болады. Қалғандары оның сұрағына жауап береді. Интервью алушы оқушы сұрақтары:

  • Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай  әсер етті?

  • Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?

  • «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер» - Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?

  • «Өлімнен ұят күшті» - Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?

Топтағы екі оқушы сұрақтарға әңгімедегі автор қолданған көркемдегіш сөздер мен суреттеулер арқылы жауап береді.Тапсырмаларды бөліп алып жауап беруге де болады немесе барлығы бірлесіп жауап та бере алады. Үшінші оқушы баспасөз қызметкері рөлінде интервью жүргізушінің сұрақтары мен екі оқушының жауабын қағаз бетіне түсіріп отырады. Интервью жүргізуші сұрақтарына толық жауап берілгеннен кейін барлық топтағы баспасөз қызметкерлері топ жұмыстарын сыныпқа таныстырып, интервьюді қабырғадағы постерге апарып іледі. Оқушылар сынып бөлмесін шарлап, интервьюді оқып танысады да, өз бағалауларын стикерге «жақсы», «өте жақсы» сөздері арқылы жазып, постерге жапсырады

Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • Сұрақтарға дәлелді жауап береді;

  • сұрақтарға әңгімедегі автор қолданған көркемдегіш сөздер мен суреттеулер арқылы жауап береді. ҚБ

2-тапсырма. Оқушыларшығармадағы кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерді тауып, кесте бөліктерін толтырып жазады. Сынып оқушыларының жұмыстарын алдыңғы тапсырмадағы интервью жүргізген оқушы жинап алып, топ спикеріне тапсырады.

Тапсырманы ең бірінші орындап болған оқушыға «Жалынды от» атағы беріледі.

Кейіпкер

Тура мінездеу

Жанама мінездеу






Қабілеті жоғары оқушы шығармадағы жазушының кейіпкерді сомдаудағы стильдік ерекшелігін талдап, қабілеті орта оқушыға түсіндіреді.

Дескриптор:

  • кейіпкерлерді анықтайды;

  • тура мінездеулерді табады;

  • жанама мінездеулерге шығармадан мысал келтіреді. ҚБ

Бекіту. 3-тапсырма. «Кейіпке ену» әдісі

Оқушыларға «күй», «нар идірген», «күй құдіреті», «мінез-құлық» сөздері жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар осы сөздер бойынша топқа бірігеді. Бір топта 4 оқушы болуы керек. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы ерекшелікті талдау үшін топтағы оқушылар «Кейіпке ену» әдісі бойынша рөлдерді бөліп алады. 1-оқушы: таныстырушы – Естеместің Жаңылды көргендегі мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып жеткізеді. 2-оқушы: байланыстырушы – Жаңылдың мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып сипаттайды. 3-оқушы:салыстырушы –Естемес күйші мен Оразымбетті салыстырады. 4-оқушы:суретші – күйші мен нардың бауырында отырған қыздың суретін салады.

Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады.

Дескриптор:

  • Естеместің Жаңылды көргендегі мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып жеткізеді.

  • Жаңылдың мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып сипаттайды.

  • Естемес күйші мен Оразымбетті салыстырады.

  • күйші мен нардың бауырында отырған қыздың суретін салады. ҚБ

Оқушылар өздері жақсы көретін түстері арқылы топқа бөлінеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топтағы оқушылардың біреуі интервью жүргізуші болады. Қалғандары оның сұрағына жауап береді.














«Жұлдызша»














«Жұлдызша»














«Жұлдызша»





8-сынып қазақ әдебиеті

















































Халық күйі «Нар идірген»

https://www.youtube.com/watch?v=TFFRkOuU58A



Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс: «Сенің сұрақтарың...» парағы

1. Cенің сұрақтарың...

2. Сенің есіңде ерекше қалатын ойлар...

3. Сенің бүгін білгенің…- оқушылар жауаптарын стикерге жазып, тақтаға апарып іледі.

Стикерлер




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі