жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
8-сынып Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы.
Тексерілді:
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларымен бұрыштары арасындағы қатыстар |
Мектеп: Т.Қазақбаев атындағы жом |
||
Күні: |
Мұғалімніңаты-жөні: А.Қырғызбаева |
||
Сынып:8ә |
Қатысқандар: 11 |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы. |
||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;
|
||
Сабақтың мақсаты: |
Пифагор теоремасын дәлелдеуді және қолдануды біледі. Пифагор теоремасына кері теореманы тұжырымдайды. Пифагор теоремасын қолданып проблемалық есептер шығарады. |
||
Бағалау критерийі: |
- Пифагор теоремасын дәлелдейі және қолданады -Пифагор теоремасына есептер шығарады |
||
Тілдік мақсаттар:
|
Сүйір
бұрыштардың синусы, косинусы, тангенсі
және котангенсі. Катеттер, гипотенуза,
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының
квадраты катеттерінің квадраттарының
қосындысына тең:
|
||
Құндылықтарға баулу:
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы бойынша оқушыларды топпен және жұптасып жұмыс жасау арқылы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлайды. |
||
Пәнаралық байланыс: |
Сабақта египет пирамидаларынан мысалдар келтіріп тарих пәнімен байланыстыру |
||
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
|
тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын біледі;
|
||
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысымын түгелдеймін. «Шаттық шеңберін» құру арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында «20 сұрақ - ия-жоқ» тәсілі арқылы сабаққа дайындығын тексеремін. |
Смайликтер |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. «Ой толғау» әдісі арқылы қайталау сұрақтарын беру . Бүгінгі өтілетін тақырыбымызға байланысты үшбұрыш, үшбұрыштың түрлері, үшбұрыштың элементтері ұғымдарын ауызша қайталаймыз. 1 тапсырма: Үшбұрыш деген не? Үшбұрыштың элементтері. Үшбұрыштың түрлері.
Өтілетін «Пифагор теоремасы» туралы жаңа білімді өз бетімен менгеру дағдыларын жетілдіруге және оны терең түсінуге мүмкіндік беру мақсатында «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі арқылы оқушылар жеке жұмыс жасап, жұптасып талқылап, топпен бөліседі. Қажет кезде оқушыларға бағыттаушы сұрақтар арқылы тапсырманы орындауға кететін уақытты реттеп отырамын. Оқушыларды стикерлерге салынған үшбұрыштың түрлері арқылы төрт топқа бөлемін. Тапсырма: Ұзындығы белгісіз саты үй қабырғасына 60° бұрыш жасап сүйеніп тұр. Сатының жоғарғы бөлігінен жерге дейінгі қашыұтығынан 3 метрге тең болса, сатының төменгі жағы қабырғадан қандай қашықтықта жатыр?
Оқушыларға Пифагор теоремасы және мысыр үшбұрышы туралы тарихи мәлімет беремін. Сергіті сәті: оқушылар орнынан тұрып көзімен ауада шексіздік сызады «Кім жылдам?» әдісі. Жеке жұмыс Тапсырма: Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасын табыңдар, егер катеттері a және b болса:1) a=6, b=8; 2) a =1,5, b=2; 3) a=3,b=2; 4) a=0,5, b=1,2. .
|
смайликтер
Үлестірме материалдар Сурет
Үлестірме материалдар Смайликтер
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут
|
Үй тапсырмасы: Кері байланыс «БББ» әдісі бойынша
|
|
|||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||
Саралаудың тәсілі бойынша барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, кейбір оқушыларға қолдау көрсетіп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткіземін. |
Жеке, жұптық, топтық жұмысты орындау барысында ауызша мадақтау, смайликтермен бағалау және критерийлері бойынша критерийалды бағаланады. |
Сызу құралдарын, пайдалану барысында қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін айтамын
|
|||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген