8 сынып "Тоныкөк" жыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8 сынып "Тоныкөк" жыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Енисей, Орхон ескерткіштері сабағының 2 бөлімі Тоныкөк жыры тақырыбы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: 1

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.

Педагогтің аты-жөні:

Серік Гулназ Мейрланқызы

Күні:

12.09

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Тоныкөк» жыры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтін мазмұнын түсініп, ақпараттағы астарлы ойды анықтау.

Материал бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен ақпарат алып аннотация жазу.

Сабақтың құндылығы

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы:

7 минут










Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.

Оқу мақсатымен таныстыру. Үй тапсырмасын сұрау.


Өткен сабаққа шолу жасау:

Алдыңғы сабақта қандай ескерткіштермен таныстық?

Бас әріппен жазылатын қандай күрделі-құрама атауларды білесіңдер?

Күрделі сөздердің неше түрі бар?

Амандасып, үй тапсырмасын тексерту

Оқу мақсатымен танысу.

Өткен сабақты қайталап, сұрақтарға жауап беру.



















Сабақтың ортасы:








Миға шабуыл:

Көне түркі ескерткіштерінің құндылығы неде?

Жазбаша әдебиеттің дамуы туралы не білесің?

Көне түркі жазбаларының қандай жырлары бар?

Тілдік бағдар:

Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. 

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпіненҚР, БҰҰ, ТМД, т.б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т.б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т.б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40, т.б.

6. Әртүрлі өлшем бірліктерім (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т.б.

 

Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар, медколледж сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы, ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т.б.


1 – тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, ақпараттағы астарлы ойды анықтаңыз.

Сұрақтар:

Тоныкөк деген кім?

Өз заманында қандай еңбегі сіңген?

Тас жазуда не жазылған?

Жыр неше жолдан тұрады?


Дескриптор:

Мәтінді оқиды

Мазмұнын түсінеді

Астарлы ойды анықтайды.


2 – тапсырма. Мәтінді бөлікке бөліп, бөліктерден ақпаратты алып, жинақы мәтін жазу.

Аннотация, аңдатпа (лат. annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама, алайда бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар.

Дескриптор:

-мәтінді оқиды

Бөлікке бөледі

Ақпаратты алады

Жинақы мәтін жазады.


3 тапсырма. мәтін ішінен күрделі сөздер мен бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды теріп жазыңыз. Түрлеріне ажыратыңыз.

Дескриптор:

Мәтінді оқиды

Күрделі сөздерді ажыратады

Бас әріппен жазылатын атауларды жазады

Түрлеріне ажыратады.






Сұрақтарға жауап беріп тақырыпты талқылау.




Қысқарған сөздердің ережесімен танысады.


















Мәтінді оқиды. Астарлы ойды анықтайды.










Мәтінді оқып, бөліктерге бөліп жинақы мәтін жазады.












Мәтін ішінен күрделі сөздер мен бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды ажыратып, теріп жазады. Түрлеріне ажыратады.































Астарлы ойды анықтайды 2б










5 сөйлемнен кем емес жинақы мәтін жазады 5б











Күрделі сөздер 1б

Бас әріппен жазылатын сөздер 1б

Түролеріне ажыратады 1б


Сабақтың соңы:


Кері байланыс: Шығу парағы әдісі.

Бүгінгі сабақта не білдіңдер, бұрыннан қай ақпаратты білетінсіңдер?

Үй тапсырмасы: 8 бет 7 тапсырма.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2024
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі