Тақырып бойынша 31 материал табылды

8-сынып зертханалық жұмыс дәптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған 8-сынып зертханалық жұмыс дәптері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 1


Температуралары әртүрлі температурадағы суды

араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру.


Кіріспе. Жылу беру процесінде ыстық денеден салқын денеге жылу энергиясы тасымалданады. Егер осы кезде сыртқы ортамен жылу алмасу болмаса, онда салқын дененің алған жылу мөлшері ыстық денеге берген жылу мөлшеріне тең болады.


Жұмыстың мақсаты: суды араластыру кезінде ыстық судың берген және салқын судың алған жылу мөлшерін анықтау және жоғарыда айтылған сөздердің дұрыстығына көз жеткізу.

Құрал – жабдықтар: Мензурка, термометр, стақан, калориметр, ішінде ыстық суы бар шәйнек (барлық сыныпқа біреу).

Жұмыс барысы:

  1. Калориметрдің сыртқы ыдыстың ішінегі стақанға m1 = 100 г ыстық су құйып, судың t температурасын өлшеңдер.

  2. Стақанға салқын судың осындай мөлшерін құйып, оның t температурасын өлшеңдер.

  3. Салқын суды калориметрдің ішіндегі ыстық суға құйыңдар, алынған ыстық және салқын судың қоспасын термометрдің ұшымен араластырыңдар. Алынған судың қоспасының t температурасын өлшеңдер.

  4. Тәжірибені үш рет қайталап, нәтижесін кестеге толтырыңдар:


Ыстық судың массасы,


m1,

(кг)

Ыстық судың темпера

турасы,

t1,

(0С)

Салқын судың массасы,

m2 (кг)

Салқын судың темпера

турасы,

t2

(0С)

Қоспаның темпера

турасы,


t

(0С)

Орташа мәндері

m1,

(кг)

m2,

(кг)

t1,

(0С)

t2,

(0С)

t3,

(0С)

1











2











3












  1. Алынған орташа мәндерді формуласына қойып ыстық судың берген жылу мөлшерін есептеңдер.

  2. формуласы бойынша салқын судың алған жылу мөлшерін есептеңдер:

  3. Алынған нәтижелерді салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар. Тәжірибенің қателігін бағалап, оның себебін түсіндіріңдер.


Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________



Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 2


Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.


Кіріспе. Қатты заттың балқуы әрдайым энергияны жұту арқылы жүреді. Массасы m . қатты заттың балқуы үшін қажетті жылу мөлшері Q = mλ формуласымен анықталады, мұндағы λ - меншікті балқу жылуы. Егер еріп жатқан мұзды температурасы t1 ыстық денеге салсақ, су Q1 = ссу mсу (t1 – t2). жылу мөлшерін береді. Берілген жылу мұзды ерітуге және судың температурасынан қоспаның t2 температурасына дейін кезекті қыздыруына жұмсалады:

Q2 = mмұз λ + ссу mмұз (t2 0 0С). Жылу балансының теңдеуі:

ссу mсу (t1 – t2) = mмұз λ + ссу mмұз (t2 0 0С).

Осыдан мұздың меншікті балқу жылуы мынаған тең:

λ = (1)

Жұмыстың мақсаты: мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.

Құрал – жабдықтар: калориметр, термометр, мензурка, ішінде еріп жатқан мұзы мен салқын суы бар стақан, сүзгіш қағаз, ыстық су құйылған шәйнек (бүкіл сыныпқа біреу).

Жұмыс барысы:

  1. Калориметрдің ішкі стақанына m1 = 100 г ыстық су құйып, оны сыртқы ыдысқа салып, судың t температурасын өлшеңдер.

  2. Еріп жатқан мұзы мен салқын суы бар ыдычтан мұз кесегін алыңдар, оны сүзгіш қағазбен кептіріп, ыстық су құйылған калориметрге салыңдар.

  3. Суды термометрдің ұшымен мұқият араластырып, термометрдің көрсеткішін бақылаңдар. Калориметрдегі мұздың толық еріген кезіндегі t2 температурасын анықтаңдар.

  4. Бастапқы судың көлемімен қоспаның көлемін ескере отырып, мұздың көлемін мына формуламен анықтайық: :

V = V1 + V2, V2 = V - V1.

  1. Мұздың көлемін ескере отырып, массасын есептейік:

m2 = ρмұз · V2.

  1. Тәжірибенің нәтижелерін кестеге енгізіңдер:


Ыстық судың массасы

m1,

(кг)

Ыстық судың көлемі

V, 3)

Ыстық судың темпера

турасы,

t1,

(0С)

Мұздың темпера

турасы,

t2,

(0С)

Қоспаның темпера

турасы,

t3,

(0С)

Қоспа-

ның көлемі

V1 , 3)

Мұз-

дың көлемі

V2 , 3)

Мұздың массасы

m2,

(кг)

Мұздың меншікті балқу жылуы

λ,












  1. Алынған өлшеу нәтижелерін (1) формулаға қойып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтаңдар.

  2. Қорытынды жасаңдар.


Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________




Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 3


Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі

ток күші мен кернеуді өлшеу.


Жұмыстың мақсаты: ток күші тізбектің әртүрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеу мен ток күшін өлшеуді үйрену.


Құрал – жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы,

2 сым резистор, кілт, жалғағыш сымдар.


Жұмыс барысы:

  1. Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықтаңдар.

  2. 1 – 3 суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар.

  3. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін кестеге жазыңдар.

Picture 2

1 – сурет 2 – сурет 3 – сурет


  1. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.

  2. Ток көздерін, екі резисторды, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.

  3. Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы

U, U кернеулерді және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.

  1. U + U қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.

  2. Төмендегі кестені толтырыңдар.


I1 (А)

I2 (А)

I3 (А)

Қорытынды










U1 (В)

U2 (В)

U3 (В)

Қорытынды







  1. Қорытынды жасаңдар.


Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________




Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 4


Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру.


Жұмыстың мақсаты: тізбектің бөлігіндегі ток күшін, кернеуді, кедергіні өлшеу.

Құрал – жабдықтар: ток көзі, сымдар, реостат, резистор, амперметр, вольтметр, кілт.

Жұмыс барысы:

  1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын анықтаңдар.

  2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар (4–сурет).




4 -сурет


  1. Тізбекті тұйықтаңдар.

  2. Реостаттың үш қалыптағы нәтижелерін есептеңдер.

Құралдың көрсетулерін кестеге жазыңдар.

5. Ом заңын пайдаланып резистордың кедергісін есептеңдер:

R = .

6. Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

7. Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.

Тапсырма. Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызып, қорытынды жасаңдар.

I, (А)

Shape1






U, (В)

Shape8

Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________



Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 5


Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерделеу


Жұмыстың мақсаты: тізбектей жалғау заңдарын тексеру.

Құрал – жабдықтар: ток көзі, 2 резистор, реостат, 2 амперметр,

3 вольтметр, өткізгіш сымдар, кілт.

Жұмыс барысы:

  1. Амперметрдің және вольтметрдің бөлік құнын анықтаңдар.

  2. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар (5-сурет).

5 - сурет

  1. V , V , V (U₁, U₂, Uж) вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

  2. Жалпы кернеуді мына формуламен есептеп, Uж =U + U₂, V вольтметрдің көрсетуімен салыстырыңдар. Қорытынды жысаңдар.

  3. А1 , А2, (І₁, І) амперметрлердің көрсетулерін жазыңдар.

  4. Бөліктің жалпы кедергісін Rж = ; Rж = R + R₂ ;

R1 = ; R2 = формулалары бойынша есептеңдер.

  1. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.


I1, (А)

I2, (А)

U1, (B)

U2, (B)

Uж, (B)

R1, (Ом)

R2, (Ом)

R'ж, (Ом)

Rж, (Ом)














Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________


Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 6


Өткізгіштерді параллель жалғауды зерделеу.


Жұмыстың мақсаты: параллель жалғау заңдарын тексеру.

Құрал – жабдықтар: ток көзі, 2 сым резистор, реостат, 2 вольтметр, өткізгіш сымдар, кілт, 3 амперметр .

Жұмыс барысы:

  1. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар (6-сурет)

6-сурет

  1. V , V (U₁, U) вольтметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

  2. Вольтметрдің көрсетулерін салыстырыңдар.

  3. А1 , А2, А (І₁, І₂, Іж) амперметрлердің көрсетулерін жазыңдар.

  4. Іж + І₂ есептеңдер.

  5. Алынған нәтижелерді салыстырыңдар және қорытынды жасаңдар.

  6. Бөліктің жалпы кедергісін Rж = ; R1 = ; R2 =

+ формулалары бойынша есептеңдер.

  1. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.


I1, (А)

I2, (А)

Іж,

(А)

U1, (B)

U2, (B)

R1, (Ом)

R2, (Ом)

R'ж, (Ом)

Rж, (Ом)













  1. Қорытынды жасаңдар.




Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________



Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 7


Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау.


Жұмыстың мақсаты: электр өрісінің жұмысы мен қуатын анықтау.

Құрал – жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт, жалғағыш сымдар, секундамер.

Жұмыс барысы:

  1. Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықтаңдар.

  2. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар (7 сурет).

7-сурет


  1. Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер.

  2. Вольтметр мен амперметрдің көрсетулерін жазыңдар.

  3. Тізбекті ажыратыңдар да, қыздыру шамының сөну уақытын белгілендер.

  4. Электр тоғының шамдағы қуатын Р = I · U формуласы бойынша есептеңдер.

  5. А = Р · t формуласы бойынша электр тогының жұмысын есептеңдер, мұндағы t – қыздыру шамының жану уақыты.

  6. Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.


I, (А)

U, (B)

t, (с)

Р, (Вт)

А, (Дж)

Тұтынушы










  1. Қорытынды жасаңдар.


Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________





Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 8


Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып-үйрену және магнит өрісінің кескіндерін алу.


Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттермен танысу және жалпақ, доға тәрізді пішіндегі магниттердің айналасындағы магнит өрістері қандай сызықтар қалыптастыратын көрсету.


Құрал-жабдықтар: әртүрлі пішінді магниттер, темір ұнтақтары, қағаз стақан, бір бет қағаз, әртүрлі материалдан жасалған денелер жиынтығы.

Жұмыс барысы

І. Заттардың магнитке қайсысы тартылып, қайсысы

тартылмайтынын анықтаңдар.

а) ағаш (қарындаш, сызғыш);

ә) болат (скрепка);

б) алюминий (цилиндр);

в) пластмасса (қалам, сызғыш);

г) резина (өшіргіш);

ғ) мыс (сым).

ІІ. Бір-бірімен бекітілмеген скрепкаларды 8 – суретте

Picture 1 8 - сурет


көрсетілгендей магнитке іліңдер. Содан кейін бір қолыңмен магнитке жабысып тұрған бірінші скрепканы ұстап, магниттен ажыратындар. Байқаған құбылысты сипаттаңдар.

ІІІ. Темір ұнтақтарымен тәжірибелер:

  1. Темір ұнтақтарды қағаздың бетіне сеуіп, оған магнитті жақындатыңдар;

  2. Магниттің әртүрлі жағына ұнтақтар қалай жабысқанына көңіл аударыңдар;

  3. Темір ұнтақтарының ең көп жабысқан жерлерін белгілеңдер;

  4. Екі жолақ магнитті әртүрлі ұштарымен бір-біріне жақындатыңдар. Байқаған құбылыстарды сипаттап жазыңдар.

  5. Үстел үстіндегі магниттерді бір бет қағазбен жауып, қағазға жұқа етіп темір ұнтағын себіңдер;

  6. Пайда болған магнит сызықтарын байқап қараңдар;

  7. 3,6 – пунктерде көрінген суреттерді салыңдар.


Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________





Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 9


Электромагнитті құрастыру және оның әсерін сынау.


Жұмыстың мақсаты: электромагниттің негізгі бөліктерімен танысып, оны жинау.

Құрал-жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, жалғағыш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөліктер.

Жұмыс барысы:

  1. Ток көзін, шарғыны, реостатты және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар;

  2. Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып шарғының магнит полюстерін анықтаңдар;

  3. Магнит тілшені шарғының магнит өрісінің оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыңдар;

  4. Шарғыға темір өзекшені еңгізіңдер;

  5. Электромагниттің магнит тілшеге әсерін бақылаңдар;

  6. Реостаттың көмегімен ток күшін өзгертіп, магнит өрісінің магнит тілшесіне әсерін бақылаңдар;

  7. Қорытынды жасаңдар.


Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________





Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 10

Шынының сыну көрсеткішін анықтау.


Жұмыстың мақсаты: шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Құрал-жабдықтар: параллель қырлары бар пластинка, түйреуіштер, таза парақ қағаз, картон қағаз, транспортир, тригонометриялық шамалардың кестесі.

Жұмыс барысы:

  1. Картон қағаздың бетіне таза парақты, ал парақтың бетіне жалпақ жағымен шыны пластинканы қойыңдар және оның шетін қарындашпен айналдыра сызыңдар;

  2. Щынының бір жағына түйреуіштің бірі пластинканың қырын жанайтын етіп екі түйреуіш түйреңдер. Түйреуіштер арқылы өтетін түзу пластинканың қырлары перпендикуляр болмауы тиіс (9 - сурет);

Picture 2 9 – сурет


  1. Шыныны көздің деңгейіне дейін көтеріп, оның екінші жағына үшінші түйреуішті шыны арқылы қарағанда алдыңғы екі түйреуіш көрінбейтіндей етіп шынының қабырғасын жанай түйреңдер;

  2. Шынымен түйреуіштерді алып тастаңдар және түйреуіш тұрған жерлерді 1,2,3 деп белгілеңдер. Осы нүктелер арқылы шынының шегаларымен қиылысқанша түзу жүргізіңдер. 2 – нүкте арқылы екі ортаның шегарасына перпендикуляр тұрғызыңдар;

  3. Транспортирдің көмегімен α түсу бұрышын және β сыну бұрышын өлшеңдер;

  4. Синустардың мәндерінің кестесі бойынша өлшенген бұрыштардың синустарын анықтаңдар;

  5. формуласынан сыну көрсеткішін есептеңдер;

  6. Тәжірибені α түсу бұрышын өзгерте отырып, тағы екі рет жасаңдар. Әр тәжірибе үшін сыну көрсеткішін анықтаңдар. Есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

Жарық сәулесінің түсу бұрышы

α, (град)

Сыну бұрышы

β, (град)

Сыну көрсеткіші,

п

1




2




3





  1. Сыну көрсеткішінің орташа арифметикалық мәнін табыңдар:


п орт = ;

  1. Абсолют қателікті табыңдар:


порт = .


  1. Салыстырмалы қателікті табыңдар:

= · 100 %.


  1. Есептеу нәтижесінде шыққан мәнді кестедегі мәнмен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.



Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________




Мерзімі________________


Зертханалық жұмыс № 11

Жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы мен оптикалық күшін анықтау.


Жұмыстың мақсаты: линзаның фокустық арақашықтығын және оптикалық күшін анықтау.

Құрал-жабдықтар: жинағыш линза, сызғыш, экран, (Г) белгісі бар жарық көзі.

Жұмыс барысы:

  1. Жарық көзін, линзаны және экранды бір түзудің бойына орналастырыңдар (10 – сурет);

10 - сурет


  1. Алынған жарық нүкте - линзаның фокусындағы кескін. Линза мен экранның арақашықтығы - F фокустық арақашықтық;

  2. D = формуласын қолданып, линзаның D оптикалық күшін анықтаңдар;

  3. Қорытынды жасаңдар;

  4. Шамды линзадан әртүрлі қашықтыққа орналастырып

(F ˂ d ˂ 2F; d = 2F; d > 2F), Г әрпінің экрандағы кескінін алыңдар;

  1. Алынған кескінді сипаттаңдар;

  2. Линзадан шамға дейінгі d және шамнан экранға дейінгі f арақашықтықты өлшеп, мәліметтерді кестеге толтырыңдар;


d, (м)

f, (м)

F, (м)

D, (дптр)

1





2





3









  1. Жұқа линзаның формуласынан линзаның арақашықтығын табыңдар:


F =


  1. Есептеулер жүргізіңдер;

  2. Fорт =

  3. Қорытынды жасаңдар.


Қорытынды________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Мұғалім комментарийі _________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11