400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

8-сыныптар арасында ұйымдастырылған "Алтын қақпа" ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек ретінде, баллардың ойлауын дамыту үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Тақырыбы: «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір» 8-сыныптар арасындағы

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Тақырыбы: «Тіліңмен жүгірме,біліммен жүгір»


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мамытбекова Г.Б.

Мақсаты.

Танымдылық: қазақ мәдениеті, тарихы жөнінде ойларын жүйелеу;

Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, ой – өрістерін, сөздік қорын дамыту;

Тәрбиелік: өз еліне деген сүйіспеншілік қабілетін арттыру, патриот болуға баулу.

 

Түрі: зияткерлік ойын

 

Әдісі: сұрақ – жауап

 

Көрнекілік: интербелсенді тақта, слаид , нақыл сөздер

 

Өтілу барысы

Ұйымдастыру.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

   - Еуразия құрылығының нақ жүрегіндегі шетсіз – шексіз, биік таулар мен далада, мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол мәдениет моңғол мен түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде қазіргі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. «Еркін» деген ұғымды білдіретін, «қазақ» атауының өзі ХІV – ХV ғасырларда пайда болды. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілердің мұрагері болып табылады. Бүгінгі біздің «Алтын қақпа» ойынымыз осы Қазақстан мәдениетіне арналады. Ойын 3 қақпадан тұрады.

1 – қақпа. «Тас қақапа»

2 – қақпа. «Күміс қақпа»

3 – қақпа. «Алтын қақпа» және «Алтын сандық»

   Үш қақпаны ашқан топ «Алтын сандық» қақпаның сұрақтарына жауап беріп жеңімпаз атанады.

Жалпылама сұрақтар.

1. Қазақстан территориясында өмір сүрген ежелгі тайпалар. (сақтар, ғұндар, үйсіндер т.б.)

2. Қазақтың әдет – ғұрыптық фольклорын ата. («Жар - жар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Бесік жыры»)

3. 100 жыл жасаған айтыскер – ақын (Ж.Жабаев)

 

«Тас қақпа» сұрақтары (уақыт беру 1 минут)


1-ұяшық

1. Ұяда не көрсең, ......................... (ұшқанда соны ілерсің)

2. Қалыңдықтың сүйір бұрышты, әсем безендірілген бас киімі. (Сәукеле)

3. Ұлттық ойындардың бірі «Қыз қуу» қалай ойнатылады? (Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез қашуды және қамшы тигізбеуді көздейді.)


2-ұяшық.

1.Үлкенге құрмет.........................(балаға міндет)

2. Ұлттық ойындардың бірі «Жамбы ату» қалай ойнатылады? (Жамбы ату – шауып келе жатқан аттың үстінен нысананы дәл көздеп, атып түсіру. Ойынның шығу тегі әскери жаттығудың пайда болуымен байланысты болып, оның қажеттігі XVIII ғасырға дейін сақталған. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде биік бағана болмаса ұзын сырық қадалып, оның ұшар басына нысана ретінде жамбы (күміс құймасы) ілінетін болған. Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған. Атпен шауып келе жатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске жетуге тырысқан. Нысананы дәлдеудің басқа да түрлері кездескен. Мысалы, жерде тұрып немесе ат үстінде отырып мылтықпен ату да қолданылған. Жамбы ату жігіттерді шабандоздықка, мергендікке үйретуде елеулі рөл атқарған.)

3. Қайырма жағалы болып келетін ер адамның сырт киімі. (Ішік - әр түрлі аң терілерінен тігеді)


3-ұяшық

1. Асыңа тойғызбасаңда, .................. (ниетіңе тойғыз)

2. Малшылардың жаздық бас киімі? ( Жалбағай)

3. Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны.( Ақсүйек )


4-ұяшық


1. Бой жетпеген жерге, .................( ой жетеді)

2. Аң, мал терісінен жасалатын қыстық бас киім? ( Тымақ)

3.Тобық тығу қандай ойын? (Тобық тығу – серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып, алтын сағатқа серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе, тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кез келген жерде қыз «тобығымды бер» деген кезде қолына ұстата қоюы керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса, уәде бойынша келіскен нәрсесін беруі тиіс. Егер тауып берсе, қыз оған келісілген затты береді. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бірсөзділікке тәрбиелейді.)

5-ұяшық

1. Бас кеспек болса да .................... (тіл кеспек жоқ)

2. Қонышы тізені жауып тұратындай ұзын,табаны қалың аяқ киім? (Саптама етік)

3. Соқыр теке қандай ойын? (Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке - сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып жүреді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол ұстаған кісісін таныса, оның көзін байлап, соны соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны әрі қарай жалғаса береді.)

6-ұяшық

1. Көз қорқақ....................қол батыр.

2. Иленіп, әбден өңделген теріден тігілген ерлер киімі? ( Жарғақ шалбар)

3. Теңге ілу қандай ойын? (Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады.

«Күміс қақпа» сұрақтары

1-ұяшық

1. Қара қылды қақ жару ( әділ)

2. Ешкінің пірі (Шекшек ата)

3.Диуани Хикмет (Даналық кітабы) кімнің шығармасы? (Ахмет Иассауи)


2-ұяшық


1.Айды аспанға шығарды ( аты шықты, таң қалдырды)

2. Жылқы атасы ( Қамбар ата)

3. «Би Темірге бірінші толғау» кімнің шығармасы? ( Шалкиіз жырау)


3-ұяшық

  1. Аяғы аспаннан келді (тас талқаны шықты)

  2. Сиырдың атасы ( Зеңгі баба)

  3. Күлдір-күлдір кісінетіп кімнің шығармасы? ( Ақтамберді жырау)


4-ұяшық

  1. Бит қабығынан биялай тоқыған (өте шебер)

  2. Қой атасы ( Шопан ата)

  3. «Үш қиян» кімнің шығармасы ? ( Мұрат Мөңкеұлы)

5-ұяшық

  1. Желкесін қасу (қысылу, сасу)

  2. Түйе атасы ( Ойсыл қара )

  3. «Жастарға» өлеңінің авторы ?( Шәкәрім Құдайбердіұлы)

6-ұяшық

  1. Кәріне міну ( ашулану)

  2. Жылқының төлі? ( құлын)

  3. «Бақытсыз Жамал» кімнің шығармасы? ( Міржақып Дулатұлы)


«Алтын қақпа» сұрақтары

1-ұяшық

1. Үш арсыз не? (ұйқы, күлкі, тамақ)

2. Бұл не деген заман болды достар?

Үлкен-кіші адамнан иьалық.,әдет кетті,

Қыз-бозбала, жастардан әдеп кетті.

Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті – қай шығармадан үзінді? ( Ахмет Иассауи «Хикметтер»)

3.Хикмет сөзінің мағынасы? ( таңғаларлық, ғажайып, керемет)


2-ұяшық

1. Бес асылды ата (Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой)

2. Жақсыңнан мені кем көрдің

Жаманыңмен тең көрдің

Жақсыңнан мені кем көрсең

Жаманыңмен тең көрсең – қай шығармадан үзінді? ( Шалкиіз жырау, «Би Темірге айтқан бірінші толғауы» )

3. Құрсау деген не? ( Бір затты қысып тұру үшін сыртынан айналдыра ұстатқан темір шеңбер)




3-ұяшық

1.Бес дұшпанды ата ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)

2. Төрткілдеп ошақ қаздырып

Төбел бие сойғызып

Төменде бидің кеңесін

Біз де құрар ма екеміз?! – қай шығармадан үзінді? ( Ақтамберді жырау, «Күлдір, күлдір кісінетіп» )

3.Қамқапты ( қамқа) деген не? ( зер араластырып тоқылған жібек мата)


4-ұяшық

  1. Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті, олар? ( ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)

  2. Тұлпар мініп, ту алған,

Дұспанын көріп қуанған,

Алмасын қанға суарған

Аруақты ерлердің,

Абройын төккен жер –қай шығармадан үзінді? ( Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»)

  1. Қиян сөзінің мағынасы? ( алыс жер, шалғай, жер түбі)

5-ұяшық

  1. Күллі адам балласын қор қылатын үш нәрсе ? (надандық, еріншектік, залымдық)

  2. Қой, ойлайық,шатылып, шатаспастан,

Оңамыз ба Абайдан бата алмастан?

Асыл алсақ, асылын аямайды,

Келді ғой, өз еліне сата алмастан – қай шығармадан үзінді? ( Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға»)

  1. Уағда сөзінің мағынасы? ( уәде)

6-ұяшық

  1. Адамның үш бақыты? (Халық, Тіл, Отан,)

  2. Кавказды аралаған кезімде үш күн қатарынан ашық аспан астында түнегенім бар. Сонда ұзақ уақыт ұйқым келмей елес қуып, өмір өткелдерінің теңізіне жүзіп кеткен кездерім көп болды...

Сол сәтте тағы да бала кезім ойға оралып еді... қай шығармадан үзінді? ( Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» )

  1. Жеті атасын білген ұл ... қанша елдің қамын жейді? (жеті жұрттың)


Жеңген топ «Алтын сандық» сұрағына жауап береді.

 

«Алтын сандық» сұрағы

Қолданбалы сән ескерткіштерінің бірегейі. Ол біздің күні бүгінге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. (Киіз үй)










































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі