Тақырып бойынша 11 материал табылды

№8 зертханалық жұмыс. Электролиттердегі токтың пайда болу жағдайын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


8 зертханалық жұмыс. Электролиттердегі токтың пайда болу жағдайын зерттеу.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі зертханалық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- зерттейтін сұйықтыққа батырылған электродтардағы кернеуді және ток күшінің мағынасын өлшеу;

- зерттелетін электролиттердің электр қасиеттері бойынша қорытындылар жасау.

Міндеттері:

- зерттелетін электролиттердің электр қасиеттері бойынша қорытындылар жасау

3. Күтілетін нәтижелер

- зерттейтін сұйықтыққа батырылған электродтардағы кернеуді және ток күшінің мағынасын өлшейді;

- нәтижесін кестеге толтырады.

4. Қажетті ресурстар

Қақпақсыз кювета, мыс электродтар, серіппелі қысқыштар, жалғаушы сымдар, қорек көзі, кілт, амперметр, вольтметр, ауыз суы, үлестірме қағаздар


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу

-зертханалық жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесін топпен қайталау

2. Білімді бақылау тестілеу(5 мин)

https://quizizz.com/join?gc=57296584


3. Жаңасын баяндау әдісі. Зертханалық жұмыс (19 мин)

Зерханалық жұмыстың барысы:

Жұмыстың орындалу реті

1. Мыс электродтарды сұйықтыққа арналған кюветалардың бүйірлік беттеріне орналастыру керек. Электродтар бетін тиянақты тазартып алыңыздар. Кювета таза жуылуы керек.

2. Электродтарға «крокодилдарды» қосыңыздар. (1 сурет).

3. 1-суретте көрсетілгендей схема жинақтаңыздар. Схема құрастырған уақыттында кілтті ажыратыңыздар. Схемаға сәйкес амперметр мен вольметрді және ток көзімен мыс электродтарды сәйкесінше қосыңыздар. Кюветаны жартылай таза ауыз суымен толтырыңыздар.

4. Вольтметрді тіркеуге келтіру. 10 В өлшеу шегін қойыңыздар. (тұрақты кернеу түрі,V-).

5. Жалғағыш сымның біреуін (+) таңбалауы бар құралдың ұяшығына және екіншісін (-) таңбалауы бар құрал ұяшығына қосыңыздар.

6. Токты (амперметр) өлшеу үшін өлшегіш құралға жалғағыш сымдарды тізбектей қосамыз. Қалыпты токты өлшеу үшін шкаланы таңдаңыздар. Қалыпты токты өлшеу шегі 300 мА бұл – ұсынылатын шкала.

7. Қорек көзіндегі кернеуді реттеушіні «0» күйіне қойыңыздар, ток көзін қосыңыздар. Кілтті тұйықтандар. Ток көзінің кернеуді реттеу тұтқасын ақырындап бұраңыздар. Вольтметрдегі кернеу 2 В болуына жетуін тосыңыз. Ток күшін өлшеңіздер және 1 кестеге жазыңыздар.

8. Кілтті ажыратыңыздар. Суды төгіп тастаңыздар және кюветаны құрғақтап сүртіңіздер. Электродтарды қайтып орнына салыңыздар және кюветаға ас тұзының ерітіндісін құйыңыздар. Кілтті тұйықтаңыздар. 2 В кернеуді қойыңыздар және ток күшін өлшеңіздер. Кілтті ажыратыңыздар.

9. Кюветаны күкірт қышқылы ертіндісімен толтырыңыздар, амперметрдегі ток күшінің өлшеу шегін 300 мА таңдаңыздар. Сөндіргішті тұйықтандар және 2 В кернеуімен күкірт қышқылының ертіндісімен токты өлшеңіздер. 1 кестеге осы мағынасын енгізіңіздер. Кілтті ажыратыңыздар.

10. Кюветаны және электродтарды жуыңыздар және құрғатып сүртіңіздер. Сілті ерітіндісін қолдануымен тәжірибені қайталаңыздар. Нәтижені 1 кестеге енгізіңіздер. Кілтті ажыратыңыздар. Тоқ көзінің корпусындағы кернеуді реттеу тұтқасын ақырындап «0» күйіне бұраңыздар. Қондырғыны ажыратып. Тағы да кюветаны және электродтарды жуыңыздар.


Қондырғы












1-Сурет


Бақылаулар және нәтижелер


1 кесте. Алынған мәліметтерді кестеге енгізіп, кедергіні есептеңіз.


Тәжірибенің №

Кюветадағы зат

І, А

U, B

R, Ом

1

Таза ауыз суы




2

Ас тұзының ертіндісі




3

Қышқыл ертіндісі




4

Сілті қышқылы










4.Материалды бекіту Жеке жұмыс. (10 мин)

1. Жасалған жұмыстан қандай қорытынды шығады? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Сілтілердің және қышқылдардың, тұздардың суда еруіндегі болатын химиялық үрдісті суреттеңіздер, осы заттардың су ертінділері электр тогын өткізетін қабілетті осының нәтижесінде біле аламыз ба?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3. Неге кристаллды ас тұзы электр тогын өткізбейді, ал су ертіндісі токты жақсы өткізеді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Сілтілердің және қышқылдардың, тұздардың ерітінділерінде электр тогы қалай пайда болатыны туралы қорытынды жаз

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (5 мин)

Рефлексия

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

6. Үй тапсырмасы. (1 мин)

1.  1-ші және 2-ші кестелер нәтижелерін өзара салыстырып қорытынды жазу;

2.  Тоқ көзінің ЭҚК-і жайлы оқып, формулаларын жаттау;

3.  Қорытындыны есептеп, толық шығарып келу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11