8наурыз мерекесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

8наурыз мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық мереке туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ана - жақұт!Ана – бақыт!»

Музыка залы әсем безендірілген.Әуенді музыкамен әр бала

Анасымен жұптасып, бір – бірлеп залға кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер,

әріптестер! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы

8-наурыз Аналар  мерекесімен құттықтаймыз.

Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен

келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп

жетті.Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған,

өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен,

қасиетті, киелі аналар мерекесі бұл.!Қар астынан қылтиып

бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай

болып Аналар мерекесі келетіні сөзсіз...Бәйшешек соншалықты

нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік атады.Біздің ару-

аналарымызда соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық

қиындық атаулыға төзімді.Бұл мерекенің шығу тарихына

тоқталып өтпеске болмас деп ойлаймын.1910 жылғы 27-тамызда

Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік «Екінші Халық-

аралық Социал Әйелдер Конференциясында» немістің

«социал әйелі» Клара Цеткин әйелдердің құқығын қорғау

күнін белгілеуді ұсынды. Сол жылғы жиынның шешімімен

19-наурыз Әйелдердің құқығын қорғау күні деп жарияланды.

Алғашқы әйелдер күні Австралияда, Чехияда, Швецарияда

1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып

өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды.

Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні

шеруге шықты шықты.Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей

мен Францияда, 9-наурызда Австралияда, Чехияда,

Венгрияда, Швецарияда және Голландияда әйелдердің шеруі

ұйымдастырылды.1921 жылы КСРО-да Коммунистік

Әйелдердің 2-ші конференциясының шешімімен 8-наурыз

Халықаралық әйелдер күні деп бекітілді.Бұл күннің таңдалу

Себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петерборг қаласында Ақпан

көтерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің еңбегі

ерлік болатын.1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының

жарлығына сәйкес 1965 жылдан бастап Халықаралық әйелдер

мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.

Әкелетін отабасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең!

Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.

Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Осы кезде залға ұсқынсыз кейіппен Шатақбай келеді.Бәрі аң-таң.

Шатақбай: Қайырлы кеш! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жаңа бақыт әкелсін!

Жүргізуші: Сіз өзі кімсіз? Қайдан келдіңіз?Біздің балабақшаға қалай

кіріп кеттіңіз? Күзетші қайда?

Шатақбай: Күзетші кіргізбеймін деді, ал мен мерекеге бара

жатырмын деп едім, сосын кіргізді.

Жүргізуші: Бәрі түсінікті. Сізді көргенде – ақ түсіндік кім екеніңізді.

Басыңызға таба киіп алыпсыз. Аяғыңызға перчатка киіп алып,

нағыз Шатақбай келіп тұр екен! Бізді жаңа жылмен құттықтап

тұр. Ал бүгін аналар мерекесі емес пе балалар!

Балалар: Бүгін бізде Аналар мерекесі тойлануда.

Шатақбай: Мә, мен бәрін ауыстырып алдым ба?

Жүргізуші: Ренжіме, Шатақбай!Енді сен бәрін дұрыс жасайсың.

Шатақбай: Аналар, әжелер, қыздар сіздерді мерекемен құттықтаймын!

Сендермен бір қызық ойын ойнайын.

Ойын: «Ерекше әуен».

Ойын шарты: Жақсы ән айтуды бәрі біледі. Бірақ кей кездері бір сарынмен

айту адамдарды жалықтырып жібереді. Сіздер Бейбіт Қорған-

ның «Шоқ қыздар» әнін айту, бірақ әнді мұрнымызды қысып

айтуымыз керек.

Шатақбай: Жарайсыңдар, аналар керемет дарын иелері екен,тағы да мереке

құтты болсын! Ал, рұқсат болса, мен жүрейін, анама сыйлық

алайын. Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыз!





Жүргізуші: Ақ қар еріп,су көбейіп,

Сай-салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады...

Мал маңырап, төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауаптары: Көктемде!

Жүргізуші: Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып.

Қызғалдақ болып құлпырған,

Көктем – біздің балалық!

Музыка әуенімен залға Көктем келеді.

Көктем: Сәлематсыздар ма, балалар!

Балалар: Сәлематсыз ба!

Жүргізуші: Құлпырған, көк жиекті, сұлу Көктем! Қош келдіңіз!Төрлетіңіз!










                   



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі