Материалдар / №92 сабак Болымды және болымсыз етістік кмж

№92 сабак Болымды және болымсыз етістік кмж

Материал туралы қысқаша түсінік
№92 Болымды және болымсыз етістік
Авторы:
23 Ақпан 2025
99
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 3 « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

92 Болымды және болымсыз етістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

Сабақтың мақсаты:

-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

-берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

-болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

Құндылықты дарыту

Қарым-қатынас жасау әдісі,жауапкершілік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

10 мин

І.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

ІІ.Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

1. Мақал дегеніміз не? (Тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы)

2. Мәтел дегеніміз не? (Ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы)

3. Тыйым сөздерді қалай түсінесің? (Балаларға арналып айтылатын, оларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыратын өсиет сөздер)

4. Бата беруді білесің бе? Батаны кімдер береді?

- Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады.



Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.

«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!

Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.

суреттер


Слайд 1







Слайд 2

Ортасы

25 мин

Жаңа сабақ

1-тапсырма. Ребус шешу.

Шешуі:Төлеби

2-тапсырма

Бейнематериал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. Жұмыстарын топта жариялайды. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бағалайды.

Тапсырма 1. Бейнематериал бойынша кемінде 6-7 тірек сөздер мен сөз тіркестерін белгілеу. Сөздер мен сөз тіркестерін топта талқылап, тізімін жасау.

Тірек сөздер үлгісі: Би, шешендер, жас ұрпақ, өсиет, нақыл сөздер, өткір тіл, татулық, бірлік, жол көрсету, тәрбиелеу.

Тапсырма 2. Бейнематериалда берілген мәліметтер негізінде ашық және жабық сұрақтар құрастырып, жауап беру.

Жабық сұрақтар үлгісі:

1. Қазақтың қандай билерін білесің?

2. Төлеби Әлібекұлы кім?

3. «Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді» өсиет сөзінің авторын ата.

Ашық сұрақтар үлгісі:

1. «Қазақ халқының төрт құбыласын түгендеу» тұжырымын Төлеби тұлғасымен қалай байланыстыруға болады?

2. «Елге – бай құт емес, би құт» даналық сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

3. Төлебидің шешендік сөздері мен өсиеттері нағыз тәрбиелеу құралы дегенмен келісесің бе? Неліктен?

Мәтінде кездесетін қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздіктен қарап анықтау, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау. Сөз таптарына ажырату.

Тапсырма 3. Мәтінді іштей түсініп оқу. Мәтінде қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу. Мәтіндегі берілген бата мен нақыл сөздерді ажырату. Жұпта талқылау.

Бата, бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

Нақыл сөздер - күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз.

3-тапсырма.

38-жаттығу. Батаны жаттау, жатқа жазу.

1. Мұғалім батаны оқу үлгісін көрсетеді.

2. Батаның тыныс белгілеріне назар аударылады.

3. Оқушылардың батаны мәнерлеп оқуды және жаттайды.

4. Оқушылардың батаны жатқа жазады.

5. Жазған батаны өздері тексередіі.

6. Жіберілген қателерді анықтап, түзетеді.

Қарамен жазылған сөздер: санасы, данасы, қолдың


Ребусты шешеді.




Бейнематериал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді.






Ашық және жабық сұрақтар құрастырады.












Мәтінді оқиды. Мәтінде кездесетін қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздіктен қарап анықтайды, мағлұматтардың маңызды тұстарын айтады.





Бтаны жатқа жазады.

Батадағы әр сөйлемнің мағынасын анықтайды.



Дескриптор:

-Ребусты шешеді;(1б)

-Шешуіндегі сөз кісі туралы әңгімелейді.(1б)







Дескриптор:

-Тірек сөздерді белгілейді;(1б)

-ашық және жабық сұрақтар құрастырады;(1б)

-Мәтінде кездесетін қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздіктен қарап анықтайды;(1б) -мағлұматтардың маңызды тұстарын айтады;(1б)

-Мәтінді түсініп оқиды;(1б)

- Мәтінде қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашуады.(1б)








Дескриптор:

-Батаны жаттайды;(1б)

-Қарамен жазылған сөзді сөздік арқылы мағынасын анықтайды.(1б)


https://www.youtube.com/watch?v=cNgf0deiLQU


Слайд 3

Суреттер












Слайд 4















Слайд 5







Слайд 6







Слайд 7






Соңы

10 мин

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасы: Ереже жаттау

Бағалау

Рефлексия



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді



Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады.

Слайд 8









Слайд 9




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі