9-Мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты ҚМЖ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

9-Мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
9-Мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тәрбие сағатының тақырыбы

«Желбірей бер, Жеңіс туы мәңгілік!»

Күні


Сынып жетекшісі


Сынып

3 «А»

Оқу мақсаты

Ұлы Отан соғысының тарихи оқиғаларын, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, жеңіске қандай жолдармен келгенін әдеби кітаптар, тарихи құжаттар, бейне таспа мен фотосуреттер арқылы оқушыларға жеткізу; Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерлік істерін тыл ардагерлерлерінің еңбектерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.Оқушылардың сын тұрғысынан қисынды ойлауын дамыту.Жас ұрпақты Отанын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау (Қызығушылықты ояту,Мағынаны тану,Ой толғау), АКТ,болжау,
ой шақыру, шығарма жазу, топтық жұмыс, жұптық жұмыс миға шабуыл «Соғыс» сөзін жүйелеу, суретпен жұмыс, постер қорғау кері байланыс

Өткізілу формасы

Шығармашылық ізденіс сабағы

Күтілетін нәтиже

Тәрбие сағаты барысында майдангерлер мен тыл ардагерлерінің еңбектерімен алады..Аталары соғысып өткен жолдары жайлы көп білу үшін ізденудің жолдарын үйрене алады.

Көрнекілігі

көрнекі әзірленген слайд, бейне фильм, презентация, әдебиеттер, естеліктер, ватман, маркерлер, стикерлер, т.б



Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Сәлемдесу , тәрбие сағатының мақсатымен және күтілетін нәтижесімен таныстыру.


Амандасады, мақсатымен таныс болады.


Слайд

Негізгі бөлім

І.Ой шақыру: Соғыс сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /ойларын айтады, жұпта талқылайды/

2.Бейне фильм

«Отан үшін от кешкендер»

Сұрақ-жауап: ҰОС қашан және қалай басталды?

3. Суреттер сөйлесін.

Әуеде ұшақ, жер, суда бомба суреттері бейнеленген. (Оқушылар өз ойларын айтады. Соғыс әуеде де, жерде, суда да болды.)


4. «Ешкімде , ешнәрсе де ұмтылмайды» постер, шығарма, буклет.

3 топтың оқушылары үйден дайындап келген жұмыстарын қорғайды.



5. Ұлы Отан Соғысында Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі. Бейнеролик

Көмір, мыс, темір, бидай, киім-кешек, оқ, тамақ, астық, ақша жіберілген.


6. Тақпақтар.
Менің атам – майдангер
Оқушы:
Ерлеріне елжіреп,
Әр кез құшақ жайған ел.
Менің атам – ержүрек,
Менің атам – майдангер.
Көп-көп досын білемін,
Атам талай жыр еткен.
Барлығына
Жүремін
Аман-саулық
Тілеп мен.
Ордендері тізілген,
Келбеттері келісті
Аталардың жүзінен
Көрем ылғи жеңісті.


Бауыржан ата
Дұшпанға жасындай шүйілген
Ержүрек Бауыржан.
Есімін қастерлер бүгінде
Сүйсініп әрбір жан.
Бұл күнде көп жұрттың ұлының
Есімі – Бауыржан.
«Баукеңдей болса, – деп, – құлыным»,
Тілейді әрбір жан.

Тоғызыншы мамыр бұл..

Тоғызыншы мамыр бұл келіп жеткен,
Жеңіс күнін сыйлаған біздерге бұл.
Құтты болсын Жеңісің ардегерлер,
Бас иеміз еске алып сіздерге бұл.

Ұлы Жеңіс!
Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата - анамыз!
Шаттан ата - бабамыз!

Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке!

Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт 
өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

Жеңісті күн, жемісті

Ұлы жеңіс сыйлаған,
Жеңісті күн, жемісті.
Аталардың ерлігі,
Тойлап отсақ Жеңісті.


Әлия, Маншүк апалар

Әлия, Маншүк апалар,
Отан үшін жан берген.
Батырлары қазақтың,
Шуақты атар таң берген

Жеңіс күні құтты болсын

Тоғызыншы мамырда,
Есік ашар Жеңіс күн.
Жеңіс күні кеп жеткен,
Берген ғажап жепісті үн



Оқ борады күні - түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.

Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.

Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.

Тастар көкке атылды,
Орман шулап,тау құлап…
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ…

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Фашистерден Отанды
Қорғап батыр атанды

7.«Алау» макеті. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан аға, апаларымызды еске алып, гүл шоқтарын қою.

Оқушылар өз ойларын айтады.



Оқушылар бейне фильмді көреді.

Сұраққа жауап береді.



Оқушылар өз ойларын айтады. Соғыс әуеде де, жерде, суда да болғанын айтады.



Бірінші топ (Ұлы Отан соғысының батырлары туралы , олардың көрсеткен ерліктері туралы қорғайды)

Екінші топ буклеттерін қорғайды.


3-топ Жеңіс күніне арналған шығармаларын оқиды.










Бейнеролик. Ұлы Отан Соғысында Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесімен танысады.




Оқушылар Жеңіс күніне арналған тақпақтарын айтады.












Тамаша!









Жарайсың!


























Қошемет!










Жарайсың!









Бәрекелді!





















Қошемет!










Жарайсың!









Бәрекелді!



















«Алау» макетіне Ұлы Отан соғысында қаза тапқан аға, апаларымызды еске алып, гүл шоқтарын қояды.


Слайд










Бейне фильм





Ватман








Буклет












Бейнебаян






































































































































Алау макеті






Тәрбие сағатының соңы

Ән: «Катюша»

Ақкербез бен Айша катюша әнін орындайды.

Қошемет!



















Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.

Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының БатырыБауыржан Момышұлы болған.

Бауыржан Момышұлы туралы оқушылардың дайындаған өмірі ,нақыл сөздері,өлеңдерін сұрау

Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры

Мәлік Ғабдуллин 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді.Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді

Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әлия Молдағұлова-Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген . 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты . 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова оқушылардың дайындаған өлеңдерін сұрау

Бегенов Мәди Қайбиұлы (1916, Ресей, Астрахан облысы Дхтуба қ. -1.10.1943, Украина, Запорожье қ.) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1938 ж. шақырылған. 1942 ж. желтоқсанда майданға жіберіліп, 619-полктің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қ.) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті.. Бегеновке жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.3.1944). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды

Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды

Қошқарбаев Рақымжан(1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы(1999).

  • 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.

  • 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.

  • 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

  • 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды

  • Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

  • Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.

  • Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыл ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.

  • Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды

  • 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.

  • Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2025
731
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі