|
Өтілетін орны:21 кабинет |
Мектеп: И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ |
|
||
|
Мұғалімнің аты-жөні:Болатқызы Ақмарал |
|
|||
|
Сынып: 4 «Ә» |
Қатысқандар саны: 25 |
Қатыспағандар саны:0 |
|
|
|
Тақырыбы |
Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс |
|||
|
Мақсаты |
Балаларға адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. |
|||
|
Тәрбие бағыты |
Азаматтық патриоттық тәрбие |
|||
|
Тәрбиелілігі |
Патриотизм сезімін тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату. |
|||
|
Білімділігі |
Оқушыларды Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан Қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру. |
|||
|
Көрнекілкітер |
Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері,презентация. |
|||
|
Қатысатын қонақтар |
Ұстаздар |
|||
|
Жоспар |
||||
|
І.Кіріспе |
Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. (ҚР гимн орындалады) |
|||
|
ІІ.Негізгі бөлім |
І жүргізуші: Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін ауылымыздан көптеген ер-азаматтар майданға аттанды. Осы ауылдан соғысқа 53 азамат аттанды, олардың 37-сі майдан даласынан оралмады. ІІ жүргізуші: Осы майданға кетіп аман-есен оралып, қазір бейбіт өмірде арамызда жоқ адамдар олар: Ахметов Бесінбай Бекбатыров Жылқыбай Әшірбеков Түсіпбек Ибраев Төкен Қуанбаев Жәмін Макешов Шөмкен Төкенов Рақымтай Мұқанов Жандарбек І жүргізуші: Мырзабаев Ақылбек Нұрмағанбетов Шөмкен Сәрсенбеков Жәнәбіл Темірболатов Рақымтай Тұрсынбеков Бәйбек Нұржанов Мұса Нұржанов Иса сияқты есімдер Отан үшін, ел үшін деп бейбіт өмір үшін жаумен соғысқан ағаларымыздың рухына тағзым етіп, 1 минут еске аламыз. ІІ жүргізуші:Келесі кезекте оқушыларымыздың тақпақтарын тыңдайық! Бұлт түнеріп аспаннан Талай көзден жас тамды Тұтқиылдан жау тиіп Қырғын соғыс басталды. Кәусар Жерден , көлден. Аспаннан Соқты жауды ел күнде Отан үшін от кешіп Жақындай түсті Берлинге! Жансая Тылдағы ел де ерледі Тынымсыз күн-түн терледі Ерлердің жоғын білдірмей Жауды да жеңіп кел деді. Арай: Тастар көкке атылды Орман шулап тау құлап Жиырма сегізбатырды Жеңе алмады жау бірақ Дильназ: Жау жеңілдің ақыры Атты бейбіт таң күліп Жиырма сегіз батырын Ұмытпайды , ел бірақ Ән: «Әлия» (3минут) І жүргізуші: Отанымызды қорғау үшін Совет Одағының патриоттары майданға аттанды. Барлық халық майданға көмектесі. Барлық халық майданға көмектесті. Партизан отрядтары құрылды. «Бәріде майдан үшін» - деген ұран тасталды. Осы қатыгез майданымызға қазақтың қара көз қыздары қатысты. Олар: Мәншүк, Әлия, Зоя. ІІ жүргізуші: Мәншүктің өмір баяны жайлы: Мәншүк 1922ж. Батыс Қазақстан облысы Орда қалашығында туған. Оның балалық шағы Алматы қаласында өтті. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанды. 1943 жылы қаза тапты. Оған Кеңес Одағының атағы берілді. 1-оқушы: Әлия өмір баяны. Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айырылыпты. Әлия туыстарымен Ленинградқа кетіп қалады. Кейін балалар үйынде тәрбиеленіп, 1942 жылы өзі сұранып атқыштар мектебіне оқуға түседі, оқуын бітіріп майданға барады. 1944 жылы қайтыс болады. 2-оқушы: Сен бұл күнді ардақта, өз атаңдай Жүрер ол да өміріңде аз аталмай Әрбір үйдің әйнегін нұр боп үйіп Жырлайды ұлы күн жазғы таңдай «Батыр бала Болатбек» әні орындалады.(4 минут) І жүргізуші: Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. ІІ жүргізуші: Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды. Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі https://youtu.be/iO4kDKAUmDg (1минут) Ән: Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген (3минут) І жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды. ІІ жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды. |
|||
|
ІІІ.Қорытынды |
Мұғалім: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!Осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет! (Бір ұстаз сөз сөйлейді) |
|||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
9 мамыр тарбие сагаты

шағым қалдыра аласыз