Оқу сабағының жоспары №
№9 практикалық жұмыс. Сымның кедергісін анықтау.
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика
Педагог ____________ дайындады
20_ жылғы "___" ____________
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ __________________
Сабақтың түрі зертханалық
Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы
2. Мақсаты:
- меншікті кедергінің формуласының қолданылуын бақылау;
- эксперимент арқылы меншікті кедергісін анықтау.
Міндеттері:

3. Күтілетін нәтижелер
- эксперимент арқылы меншікті кедергісін анықтайды.
4. Қажетті ресурстар
жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар, ток көзі, меншікті кедергісі белгісіз материалдан жасалған өткізгіш сым, амперметр, вольтметр, реостат, жалғағыш сымдар, сызғыш, штангенциркуль, таратпа материалдар, слайд
5. Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)
-амандасу
-аудитория дайындығын тексеру
-студенттерді түгендеу
2. Білімді бақылау тестілеу (5 мин)
https://quizizz.com/join?gc=26147528
3. Жаңасын баяндау әдісі. Зертханалық жұмыс (19 мин)
Зерханалық жұмыстың барысы:
Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау.
Мақсаты: белгісіз өткізгіш сымның меншікті кедергісін анықтау, өлшеу нәтижелерін түсіндіру, қорытынды жасау.
Теориялық бөлім.
Көптеген тәжірибелердің негізінде тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатынын тағайындады.
Георг Ом өткізгіштің кедергілері қандай факторларға тәуелді екенін тәжірибе жүзінде көрсетті
Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал, яғни
Сондықтан, өткізгіштегі материалдың өлшемдері(ұзындығы) үлкен болса, ондағы тоқ аз болып, кедергінің көрсеткіші үлкен болады. Бұл анықтамадан Ом заңын ескеру міндет.
Өткізгіштің көлденең қимасының ауданы, яғни оның жуандығы аратқан сайын, тоқ күші де артатынын байқауға болады. Бұл – өткізгіштің көлденең қимасының ауданы үлкен болғанда оның кедергісінің азаятынын, ал тоқ күшінің артатыны білдіреді.
Өткізгіштің кедергісі оның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал, яғни
Өлшемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдардан дайындалған өткізгіштердің кедергісі бірдей емес. Өткізгіштің кедергісі оның материалына байланысты, яғни
«Меншікті кедергінің» физикалық шамасы ρ әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі - «Ом *метр». Өлшеуіш құрал – «Омметр»
Зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы НҰСҚАУЛЫҚ.
Жұмыс барысындағы қауіптер:
1. Жұмысты істер алдында.
1) Сақ және тәртіпті болыңдар, оқытушының айтқанын бұлжытпай орындаңдар.
2) Жұмысты істер алдында, жұмыстың барысымен танысыңдар.
3) Оқытушының рұқсатынсыз жұмысты бастамаңдар.
2. Жұмыс барысында:
1) Жұмыс үстеліндегі құрал-жабдықтарды оқытушының нұсқауына сай орналастырыңдар.
2) Жұмыс үстелінің үстінен зертханалық жұмысқа керексіз заттарды алып тастаңдар.
3) Құрал-жабдықтардың құлап немесе ауытқып кету қауіпінен сақ болыңдар.
4) Сымдарды жалғау барысында олардың ашық түйіскен жерлерінен сақ болыңдар,сымдарды берік жалғаңдар.
5) Сыртқы беті бүлінген сымдармен жұмыс жасамаңдар.
6) Электр сымдарын жалғау барысында олардың тоқ көздеріне қосылмағандығына көз жеткізіңдер Жұмыс аяқталған соң құралдарды бастапқы орындарына апарып қойыңдар.
7) Тізбектің дұрыс жалғанғандығына оқытушыны көз жеткізбейінше, оны тоқ көзіне қоспаңдар.
8) Электр қондырғыларының бұзылғанын көрсеңдер оны тоқ көзінен ажыратып, бұл жайлы дереу оқытушыға айтыңдар.
3. Жұмыс аяқталған кезде
1) Жұмыс аяқталған соң электр құралдарын тоқ көзінен ажыратып, сымдарды ажаратыңдар
2) Құрал-жабдықтарды белгіленген орындарына ақырын қойыңдар.
3) Жұмыс орынын оқытушының рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
Жұмысты орындауға арналған нұсқаулық.
1. Сымның ұзындығын l өлшеп кестені толтыру.
2. Сымның диаметрін d штангенциркуль көмегімен өлшеп, ауданының қимасын формула арқылы табу:
3. Сызба бойынша электр тізбегін құрастыру.
4. Реостатты жылжыта отырып, тізбектегі ток күші және кернеудің көрсеткіштерін кестеге жазу.
5. Ом заңының формуласы арқылы кедергіні табу:
6. Өткізгіштің меншікті кедергісін арқылы тауып, шешімін кестеге жазу.
7. Өткізгіштің меншікті кедергісінің орташа мәніні есептеп шығару:
ρорт= ( ρ1 + ρ2 + ρ3)/3
|
№ |
Өткізгіштің ұзындығы, l, м |
Өткізгіштің диаметрі, d, м |
Көлденең қимасының ауданы, S, м2 |
Ток күші, I, A |
Кернеу, U, В |
Меншікті кедергі, ρ, Ом•м |
Орташа мәні, ρорт, Ом•м |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
8. Абсолютті қателікті табу∆ ρ = | ρкесте – ρтәж. |
9. Салыстырмалы қателікті табу: ε = ∆ ρ / ρкесте
10. Қорытындылау, өлшеу нәтижелерін кестеге жазып алу
4.Материалды бекіту Жеке жұмыс. (10 мин)
Студенттер жасалынып отырған зертханалық жұмыста қолданып отырған өткізгіш сымдардың қандай металл екенін, оның тығыздығын формула арқылы есептеп шығарып, өткізгіш сымдардың қайда қолданылатыны туралы айтып өту.
5. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (5 мин)
Р
Сіз үйренген төрт нәрсе
Сіз бұрыннан білетін үш нәрсе
Сіз көбірек білгіңіз келетін
екі нәрсе
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
6. Үй тапсырмасы. (1 мин)
1. Қорытындыны есептеп, толық шығарып келу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз