400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9-сынып әдебиет БЖБ№2-тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-тоқсан Қазақ әдебиеті.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР. 9-сынып БЖБ №1

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы:


«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқылатын шығарма

Нысанбай жырау «Кенесары Наурызбай»,

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны»

Оқу мақсаты

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды

  • Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. «Кенесары-Наурызбай» дастанындағы үзінділердің қай кейіпкерге қатысы бар екенін анықтап, идеясы мен құндылығын ашып жазыңыз [6]

Үзінділер

Қай кейіпкерге қатысты?

Идеясы, құндылығы неде?

Дүрі жауһар данасы,
Әркімнің алла панасы.
Жан біткенге несібе –
Дарияның аққан саласы.
Үйсіздерге үй болған,
Би — отанның ханасы.

Кенесары

Қазақ халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған тұлғасы

Кене ханның тұсында,

Қарт бурадай жарадық.

Жауды жасқап, жапырып,

Жауған қардай борадық.

«Абылайлап» ат қойып,

Дұшпанның алдын орадық

Кенекемнен айрылып,

Шіл боғындай тарадық...

Нысанбай жырау

Кенесары мен Наурызбайдан айрылған соң жоқтап тұр, ел бірлігі кеткенін, берекенің жоқтығын мұңдана жырлайды

Бұғыбай басшы ер еді.
Әдіре қалғыр Алатау,
Асуға қиын жер еді.
Қамалын барып бұзайын,
Кенеке, жауап бер, — дейді,
Отыз жігіт сайланып,
Қасыма менің ер, — дейді,

Бұғыбай батыр

Кенесарының сенімді батыры, қиындыққа қарсы тұратын, қазақ үшін намысын бірінші орынға қойған



2-тапсырма. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінен алынған үзіндідегі ақынның басты мақсаты мен арманын аша отырып, , 5-6 сөйлеммен талдап, үзіндіде автор бейнесі қалай көрінеді, талдап жазыңыз [3]

Еділдің бойы ен тоғай.

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге.

Мал толтырсам деп едім...



























Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды

1

1-үзіндінің қай кейіпкерге қатысын анықтайды, идеясын ашады

2

2-үзіндінің қай кейіпкерге қатысын анықтайды, идеясын ашады

2

3-үзіндінің қай кейіпкерге қатысын анықтайды, идеясын ашады

2

Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді

2

Үзіндідегі ақын мақсатын ашады

Автор бейнесін ашады

2

5-6 сөйлеммен талдап

Жүйелі, сауатты жазады

2

Барлығы

10



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
11.12.2024
304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі