Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

9 сынып Болашаққа Бағдаршам

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мамандық туралы тәрбие сағат өтуге қолайлы.Балалардың бойында кереметтей дағдыларды қалыптастырып,болашаққа бағдар алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашаққа бағдаршам


Мақсаты:

1. Оқушыларға мамандық ұғымы, мамандық түрлері туралы ой – өрістерін кеңейту, мамандықтың адам өміріндегі маңызы, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етілетіндігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

2. Өз Отанына, еліне адал қызмет ететін, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ететін азамат тәрбиелеу;

3. Өздерінің қызығушылықтары, икемділігі, бейімділігіне сай мамандық таңдау қабілеттерін дамыту;

Әдісі: пікірлесу, ой бөлісу, сұхбаттасу, кеңес беру

Жоспар:

1. Мұғалімнің сөзі

2.«Мамандық туралы не білеміз?» сұрақ – жауап

3.«Кімге қай мамандық жарасады?» ойын

4. «Мен таңдаған мамандық»

5.«Жағдаяттық сұрақтар»

6. Рефлексия

7. Қорытынды

Барысы:

І. Мұғалім: Құрметі оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында біз сендермен мамандық әлеміне саяхат жасамақпыз. Сендердің барлығыңда да болашақта «кім боламын?, қандай мамандық таңдаймын? қай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтар мазалайтыны белгілі. Әрине мамандық таңдау – үлкен жауапкершілікті іс. Әлемде мамандық түрлері өте көп болғандықтан, сендер үшін таңдау жасау өте қиын. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік ерекшеліктері, талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге ең басты адамның қызығушылығы, икемділігі қажет, кей адамдардың ойынша бұл жай күн көру секілді, бірақ ол теріс пікір, себебі маман иесі болу үлкен жауапкершілікті, өнерді, шеберлікті қажет ететін нәрсе. Жақсы маман иесі болу үшін ең алдымен таңдаған мамандығыңды сүюің керек, сол мамандықты барлық қырынан танып, сырын жете меңгерулерің керек. Өзінің икемділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.


ІІ. Сол себепті ең алдымен оқушылар сендер мынадай сұрақтарға жауап берсеңіздер.

1. Мамандық дегеніміз не?

2. Мамандықтың түрлерін ата

3. Жақсы маман иесі болуы үшін адам нені ескеруі қажет?

4. Мамандықтың бірнеше түрін меңгерген қажет деп ойлайсыздар ма?

5. Қоғамда сұранысқа ие мамандықтар қандай?

6. Өзінің мәнін жоғалтпайтын қандай мамандықтар?

7. Жаңа заман талабына сай мамандықтың тууы немен байланысты?

8. Сен жақсы маман иесі атанып, сол еңбегіңнің жемісін көруің үшін не істейсін?

ІІІ. «Кімге қай мамандық жарасады?» ойын

Қазіргі қоғамның өзгерісіне қарай мамандық түрлері өте көп. Сол себепті сендерге таңдау жасау оңай емес. Келесі кезекте мен сендерге мамандық атаулары жазылған карточка таратамын. Сол мамандық атауларына сендер сипаттама бересіздер және де сол мамандықтың оқушылардың арасында кімге сай екендігін айтып өту керексіздер.

1.Дәрігер,2.кинолог,3.мұғалім,4.прокурор, 5.финансист,6.Програмист,7.психолог,8.аниматор,9. Бизнес-кеңесші,10.архитектор, 11.Дизайнер 12.Адвокат 13.Экономист 14.Эколог 15.Визажист 16.Полковник

ІҮ. «Жағдаяттық сұрақтар»

1.Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3.
Айна ата-анасына салмақ салғысы келмей өз күшімен ЕНТ тапсырып дәрігер атанғысы келеді,өкінішке орай Айна ЕНТ дан дәрігер мамандығына жеткілікті балды жинай алмай қалады,бірақ құрбысының айтуы бойынша оның жинаған балы биотехнолог мамандығына жетеді екен,сіз Айнаға қандай кеңес айтатын едіңіз?

4.Ғалым өзінің ұнатқан мамандығы бойынша Солтүстік өңірге грантқа түсті,ал бұған Ғалымның ата анасы қарсы,мұндай жағдайда сіз не істейтін едіңіз?

5.Жансерік журналистика мамандығына түскісі келеді,ол оның бала кезгі арманы,грант конкурсына қатысып грант иегері атана алмай қалды,Жансеріктің орнында болсаңыз не істейтін едіңіз?

6.Алима мектеп озаты,ЕНТ кезінде қобалжып өте төмен балл жинады,оған бүкіл әлем қарсы сияқты көрінді,тіпті өмірден түңіліп суицидтік іс әрекетке бармақ болды.Сіз Алимаға қандай кеңес айтатын едіңіз?

7.Ардақ 9 сыныптан соң Програмист мамандығына колледжге түспек болады,ал Ардақтың шешіміне ата анасы қарсы.Сіз Ардақтың орнында болсаңыз оған қандай ақыл кеңес айтасыз.

8.Арман 11 сыныпқа қалып өз күшімен ЕНТ тапсырып өзі армандаған мамандығына оқуға түскісі келеді,бірақ Арманның ата анасы оны өзінің таныстары арқылы колледжге оқуға жібермек ниетте,Арманның орнында болсаңыз ата анаңызға не деп айтар едіңіз?Арманның орнында болсаңыз сіз не істейтін едіңіз ?

9.Батыр қазір 9 сыныпта оқиды,үлгерімі төмен,мектеп мұғалімдері оған 9 сыныптан соң колледжге кет деп ұсыныс айтады ,бірақ Батырдың биология және химия пәнін таңдап ЕНТ ға қатысқысы келеді,сіз Батырға қандай кеңес айтасыз?

Ү. Рефлексия.

Құрметті оқушылар, сабағымызда аяқтала келді, сендер бүгінгі сабағымыздан көп мәліметтер алды деп есептеймін. Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы рефлексия жасау.


ҮІ*- 9. Қорытынды

Оқушылар – сендер біздің болашағымызсыздар. Тәрбиешілерің, ұстаздарын, ата – аналарың сендерден үлкен үміт күтеді. Сендердің биіктерден көрінуіңізді қалайды. Сол себепті барлығыңда ата - аналарыңның, тәрбиеші, ұстаздарыңның үмітін ақтап, еліміздің, Отанымыздың болашағы үшін, дамуы, гүлденуі, көркеюі үшін өз үлесін қосатын, сол үшін аянбай еңбек ететін мамандық иесі болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12