400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9-сынып Химия барлық 1,2,3,4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып Химия барлық 1,2,3,4 тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы





















Жиынтық бағалауға арналған


әдістемелік ұсыныстар



Химия



9 сынып

МАЗМҰНЫ


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4


9.1А «Электролиттік диссоциация» 4


9.1B «Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» 7


9.1С «Химиялық реакция жылдамдығы», 9.1D «Қайтымды реакциялар» 9


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 11


9.2А«Тотығу-тотықсыздану реакциялары» 11


9.2В «Металдар мен құймалар» 13


9.2С«1, 2 және 13 топ элементтері және олардың қосылыстары» 16


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 19


9.3A «17, 16, 15, 14 – топ элементері және олардың қосылыстары» 19


9.3B «17, 16, 15, 14 – топ элементері және олардың қосылыстары» 19


9.3C «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» 23


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 25


9.4A «Органикалық химияға кіріспе» .............................................................................25


9.4B «Көмірсутектер. Отын» 28


9.4C «Оттекті және азотты органикалық қосылыстар» 31


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 34

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 40

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ...........45

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 52


«Электролиттік диссоциация» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

9.4.1.1 – электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру

9.4.1.3 – электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын білу

9.4.1.6 – қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру

9.4.1.7 – күшті және әлсіз электролиттерге мысалдар келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу

9.2.2.1 – алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру

Бағалау критерийлері

• электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын жазады және мысалдар келтіреді

•электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын көрсетеді

•қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазады

•күшті және әлсіз электролиттерге мысалдар келтіреді және оларды ажыратады, диссоциациялану дәрежесін анықтайды

•алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну, қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырмалар


1. Сызбадағы бос орындарды қажетті сөздермен толтырыңыз және әрқайсысына 2 мысал жазыңыз.

Заттар

Shape2 Shape1




Электролиттер

Бейэлектролиттер




Shape3 Shape4


Суда ерігенде не балқығанда ......... ............. ................ заттар.

1.____________________________

2. ____________________________



Суда ерігенде не балқығанда ......... ............. ................ заттар.

1.____________________________

2. ____________________________





[2]


2. Төменде берілген тұжырымдардың шын не жалған екенін (˅) белгісімен белгілеңіз.


Тұжырымдар

Шын

Жалған

1. Электролиттер күшті және әлсіз деп бөлінеді.



2. Иондар құрылысы мен қасиеттері бойынша атомдардан ерекшеленеді.



3. Ерітіндіде және балқығанда иондар ретпен қозғалады.



4.Электролиттер суда ерігенде не балқығанда оң иондарға диссоциацияланатын заттар.



5. Электролиттік диссоциация қайтымсыз процесс.



6. Электролит ерітінділерінің химиялық қасиеттері олар түзетін иондардың қасиетіне байланысты.



[3]

3. Мына заттардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.

А) HBr _______________________________________________________________

B) Ca(OH)2 ____________________________________________________________

C) NaHSO4 ____________________________________________________________

D) H3PO4 _____________________________________________________________

[4]

4. (а) Күшті және әлсіз электролиттерге екі мысалдан келтіріңіз.

Күшті электролиттер Әлсіз электролиттер

1)___________________ 1) _____________________

2) ___________________ 2) _____________________


[2]

(b) Ерітіндідегі 500 молекуланың 30-ы ыдыраса, электролиттік диссоциациялану дәрежесін және қандай электролит екендігін анықтаңыз.

А) 6 %

В) 60 %

С) Күшті

D) Әлсіз


Жауабы: _________

[2]

5. Берілген заттар арасында жүретін реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз.

Кальций хлориді және магний сульфаты

1)Молекулалық теңдеу ______________________________________________________________________

2)Иондық теңдеу

__________________________________________________________________________________

[2]




Балл қою кестесі


Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескрипторлар

Балл

Электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын жазады және мысалдар келтіреді.

1

Электролит анықтамасын жазады және 2 мысал келтіреді.

1

Бейэлектролит анықтамасын жазады және 2 мысал келтіреді.

1

Электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын көрсетеді.


2

Электролиттік диссоциациялану теориясының дұрыс тұжырымдарын көрсетеді.

3

Қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазады.

3

HBr–ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

Ca(OH)2-ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

NaHSO4-ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

H3PO4-ң электролиттік диссоциациялану теңдеуін жазады.

1

Күшті және әлсіз электролиттерге мысалдар келтіреді және оларды ажыратады, диссоциациялану дәрежесін анықтайды.

4

Күшті электролитке екі мысал келтіреді.

1

Әлсіз электролитке екі мысал келтіреді.

1

Электролиттік диссоциациялану дәрежесін анықтайды.

1

Күшті не әлсіз электролит екенін анықтайды.

1

Алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазады.

5

Берілген заттар арасындағы молекулалық теңдеуді жазады.

1

Берілген заттар арасындағы иондық теңдеуді жазады.

1

Барлығы

15



















«Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
912
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі