Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
9 сынып Мамандық таңдау-маңызды іс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мамандық таңдау - маңызды іс
(таныстырылым сабақ)
9 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы:
Мамандық таңдау - маңызды іс
Қатысушылар: 9 «А», 9 «Б» сыныптар, ата-аналар
Сабақтың мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға
бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу, өз бойындағы
мүмкіндіктерін, қабілеттерін тани білуге
жетелеу
2. Оларды өз пікірін еркін
айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып,
отансүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, қанатты сөздер, бейнематериалдар
Кіріспе сөз:
І. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан үзінді оқимын.
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» тақырыбында жолдауын жариялады. Ол мынадай басты бөлімдерден тұрды:
І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ
V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ
VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ
«Тұрмыс сапасын арттыру» бөлімінде
Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы.
Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.
Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс.
БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі.
Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді.
Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы.
Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет.
Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды.
Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын.»
Құрметті оқушылар және ата-аналар! Баршаңыз да бүгінгі «Мамандық таңдау - маңыды іс» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мамандық таңдауды біз тек 11-сыныпта ғана ойланып, «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.
Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
-
Компьютерді білу;
-
Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу;
-
Адамдармен қарым – қатынас жасай білу;
-
Өз тауарын, қызметін өткізе білу:
-
Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау;
-
Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік
Бейнеролик тамашалау
ІІ. «Еркін сөйлеу» стратегиясы (оқушыларға арналған)
-
Мен кіммін?
-
Осы өмірдегі менің орным қандай?
-
Қалай өмір сүремін?
-
«Мамандық» дегенді қалай түсінесің?
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Қатысушыларға берілер сұрақтар:
- Адам өзін белгілі бір
мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу
қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп
болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
10-11 сыныптардағы қоғамдық гуманитарлық бағыт пен жаратылыстану бағытындағы пәндер мен таңдау пәндері қандай мамандық таңдауға мүмкіндік ашатыны туралы мәлімет беріледі.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Қазақ тілі
Әдебиет
Тарих
Орыс тілі
Шет тілдері
Жаратылыстану-математикалық бағыт
Математика
Физика
Геометрия
География
Биология
Химия
Физиканы таңдағанда 14 мамандыққа мүмкіндік бар
-
Автоматтандыру және басқару ;
-
Ақпараттық жүйелер;
-
Есептеу техникасы бағдарламалық қамтамасыз ету;
-
Геология және пайдалы кен орындарын барлау;
-
Тау-кен ісі;
-
Мұнай – газ ісі;
-
Көлік техникасы және технологиялары;
-
Ағаш өңдеу технологиясы;
-
Жеңіл және тоқу өнеркәсібі;
-
Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру;
-
Стандарттау;
-
Метрология және сертификаттау;
-
Агроинженерия.
-
Металлургия
Биология таңдағанда 18 мамандыққа мүмкіндік бар .
-
Мектепке дейінгі оқыту;
-
Педагогика;
-
Дефектология;
-
Биология профилактикалық іс;
-
Психология;
-
Экология;
-
Биотехнология;
-
Агрономия ісі;
-
Зоотехника; медицина.
-
Аң өсіру және аңшылық;
-
Балық шаруашылығы;
-
Топырақтану;
-
Емдеу ісі;
-
Педиатрия;
-
Стоматология;
-
Шығыс медицинасы;
-
Медико- биологиялық;
-
Ветеринарлық.
Дүние жүзі тарихы 9 мамандыққа жол ашады
-
Тарих;
-
Философия;
-
Социология;
-
Мәдениеттану;
-
Мұражай ісі;
-
Дінтану;
-
Археология және этнология;
-
Құқықтану және құқық қорғау қызметі;
-
Саясаттану
Қазақ әдебиеті 4 мамандық таңдауға жол ашады
-
Қазақ тілі мен әдебиеті;
-
Филология;
-
Кітапханатану;
-
Баспа ісі.
Шет тілін таңдасаңыз
-
Шетел тілі;
-
Халықаралық қатынастар;
-
Аударма ісі;
-
Халықаралық құқық;
-
Аймақтану.
Географияны таңдағандар үшін
-
Құқық және экономика;
-
Әлеуметтік жұмыс;
-
География;
-
Кәсіптік білім;
-
Тұрмыстық қызмет;
-
Экономика;
-
Менеджмент;
-
Туризм;
-
Есеп және аудит;
-
Қаржы;
-
Мемлекеттік және жергілікті басқару;
-
Маркетинг;
-
Гидрометерология;
-
Геодизия және картография;
-
Су ресурстары
Бейнеролик. «Қазақстандағы жаңа мамандықтар»
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Оқушыларға сұрақ
-
Қандай мамандық иесі болғың келеді?
-
Бұл туралы ата-анаңмен әңгімелескен кезің болды ма?
-
Ата-анаң сенің қалауыңдағы мамандықты қаламаса не істейсің?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар
бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!