м і н е з д е м е
Анар аталған орта мектепте бастауыш сыныптан бастап оқып келеді. Осы жылдар арасында өзінің білімімен,үлгілі тәртібімен көзге түсе білді. Анардың бастауыш сыныптан бері сабаққа үлгерімі мен ынтасы жоғары. Сабаққа ұқыпты дайындалып,өз ойын толық білдіре алады. Зейін еркіндігі жоғары, соны көрсете біледі, шешімді жедел түрде қабылдай алады. Байқағыш, есте сақтау қабілеті жақсы, түсінігі мол. Өзінің тапқыр шешімін батыл түрде жиі ұсынады. Тіл байлығы терең,ой - өрісі кең, өз ойын тиянақты, жүйелі жеткізеді. Мәнерлеп оқу сайыстарына жиі қатысып, өзін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарды иеленген.
Қалалық, мектепішілік, сыныпта өткізілген іс – шараларға белсенділікпен қатыса білді және де өз үлесін қосып отырды. Сынып көшбасшысы болып сынып жетекшісінің сенімді көмекшісі бола білді.
Мінезі байсалды, әрі салмақты, инабатты қыз бала. Сыныптастарымен жақсы қарым – қатынаста. Достарының арасында беделі үлкен.
Жауапкершілік қабілеті жоғары. Достары да, мұғалімдер де, ата-анасы да Анарға үлкен сенім артады.
Адамды сыйлауы, кішіпейілдігі, еңбексүйгіштігі, жауапкершілігі - Анардың бойындағы ең асыл қасиеттері.
Болашақта Анар Отанымыздың адал, ұшқыр ойлы, өз мақсатына жете білетін азаматы, білімді маман иесі болады деген сенімдеміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
9 сынып оқушысына арналған мінездеме
9 сынып оқушысына арналған мінездеме
м і н е з д е м е
Анар аталған орта мектепте бастауыш сыныптан бастап оқып келеді. Осы жылдар арасында өзінің білімімен,үлгілі тәртібімен көзге түсе білді. Анардың бастауыш сыныптан бері сабаққа үлгерімі мен ынтасы жоғары. Сабаққа ұқыпты дайындалып,өз ойын толық білдіре алады. Зейін еркіндігі жоғары, соны көрсете біледі, шешімді жедел түрде қабылдай алады. Байқағыш, есте сақтау қабілеті жақсы, түсінігі мол. Өзінің тапқыр шешімін батыл түрде жиі ұсынады. Тіл байлығы терең,ой - өрісі кең, өз ойын тиянақты, жүйелі жеткізеді. Мәнерлеп оқу сайыстарына жиі қатысып, өзін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарды иеленген.
Қалалық, мектепішілік, сыныпта өткізілген іс – шараларға белсенділікпен қатыса білді және де өз үлесін қосып отырды. Сынып көшбасшысы болып сынып жетекшісінің сенімді көмекшісі бола білді.
Мінезі байсалды, әрі салмақты, инабатты қыз бала. Сыныптастарымен жақсы қарым – қатынаста. Достарының арасында беделі үлкен.
Жауапкершілік қабілеті жоғары. Достары да, мұғалімдер де, ата-анасы да Анарға үлкен сенім артады.
Адамды сыйлауы, кішіпейілдігі, еңбексүйгіштігі, жауапкершілігі - Анардың бойындағы ең асыл қасиеттері.
Болашақта Анар Отанымыздың адал, ұшқыр ойлы, өз мақсатына жете білетін азаматы, білімді маман иесі болады деген сенімдеміз.
шағым қалдыра аласыз













