Материалдар / 9 сынып_Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

9 сынып_Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға көмек болар деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
708
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3A Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде

Мектеп: 42 мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мустафаева Жарқынай Елеукеновна

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру (2-сабақ)

Сабақтың мақсаты

Қазақстандағы индустрияландырудың жүру барысы мен ерекшеліктерін анықтап, нәтижесін талдайды


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


8.4.2.1. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

Бағалау

критерийлері

Қолдану- Индустрияландыруға дейінгі, кейінгі Қазақстанның өндіріс орындары мен теміржол магистралын картадан көрсетеді және Ресей мен Қазақстанның индустрияландыру деңгейін анықтайды;

Сыни ойлау мен талдау- Индустрияландырудың процесінің жетістіктері мен кемшілігін талдайды;

Бағалау- Индустрияландыру нәтижесіне баға береді

Тілдік мақсаттар


Тілдік дағдылар

Индустрияландырудың барысын, жетістігі мен кемшілігін талқылайды, дәлелдер келтіреді: бейнематериалдарды тыңдайды (тыңдалым), мәтіндерді талдайды (оқылым мен айтылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Индустрияландыру, «Кіші Қазан» саясаты, ұлтшыл

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Индустрияландыру саясатының негізгі бағыттары ...

Индустрияландыру ұлттық кадрлардың қалыптасуына әсерін тигізді...

Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты ... көздеді

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында «Функционалды сауаттылық», топтық жұмыста «Құрмет пен ашықтық» іске асады

Пәнаралық

байланыстар

Картамен жұмыс жасау барысында география, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларына арналған тапсырмаларды орындауда қазақ тілімен, Қазақстан мен Ресейдегі тарихи процесті салыстыра талдауда дүние жүзі пәнімен сабақтастық жүзеге асады

АКТ қолдану

дағдылары


Ғаламтор көздері мен бейнематериалмен жұмыс

Бастапқы білім


Қазақстандағы индустрияландырудың барысы, сипаты, қарқыны, ауқымы туралы туралы біледі

2-сабақ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы









5 минут

















(Б) Үй тапсырмасын тексеру

Төмендегі «Ақиқат және жалған» тапсырмасы бойынша өткен материал тексеріледі





Тапсырма



А/Ж

1

1925-1933жж. Ф.И.Голощекин Қазақстанда билік етті


2

Ф.И.Голощекин «Кіші Қазан» идеясын насихаттады


3

И.В.Сталин: «Голощекиннің ұсынысы «бірден- бір дұрыс емес» саясат»,- деп мәлімдеді


4

«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерлері: С.Сәдуақасов және Ж.Мыңбаев


5

Қазақстандағы индустрияландыру тұстас келді: КСРО халық шаруашылығын дамытудың II бесжылдығымен тұспа-тұс келді


6

Н.С.Курнаков Орал- Ембі мұнайлы ауданын зерттеді


7

Т.Қазыбеков қатардағы жұмысшыдан, Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілді


8

. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны 375 мың болды


9

Қазақстан мырыш, мыс, қорғасыны шикізат күйінде Уралға, Сібірге жіберіліп, сол жерлерден дайын өнім болып шығарылды


10

«Қазақстан отар болып келді, отар болып қалды» деп айтқан қайраткер: С.Сәдуақасов




М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты пысықталады. Бағалау критерийлері нақтыланады.

Презентация


Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010



Бас ред. М.Х.Асылбеков, Қ.С.Алдажұманов, К.М.Байпақов. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІV том. – А: Атамұра, 2010ж



Қазақстанның қазіргі заман тарихы.Хрестоматия:Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралдары.Б.Аяған.-Алматы:Атамұра, 2005ж



http://history.voxpopuli.kz/post/1313/kak-stroilas-zheleznaya-doroga темір жол салу туралы деректер, фото суреттер







Қосымша-1

Атлас, кескін карта



Қазіргі Қазақстан тарихы 9 сынып





Аяған Б.Ғ., Шәймерден ова М.Ж. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Алматы «Атамұра» 2009





Қосымша-2

Таратпа-мәтіндер


Аяған Б.Ғ., Шәймерденова М.Ж. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. Алматы «Атамұра» 2013



Қосымша-3

Флипчарт немесе А-4

SWOT талдау –кестесі












Қосымша-4

ПТМС тапсырма парақшасы

Сабақтың ортасы







5 минут





























15 минут



















10 минут


Зерттеу және талдау

Зерттеу сұрағын ұсыну:

Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қарама –кайшылығы неде?


(Ж) 1-тапсырма. Картамен жұмыс.

Мұғалім слайдтағы картадан немесе картаның өзінен индустрияландыруға дейінгі Қазақстандағы өндіріс орындарын және Ресей мен Қазақстандағы салынған өнеркәсіп мөлшерін түсіндіре отырып, көрсетеді. Жұптасқан оқушылар үлестірілген контур картаға индустрияландыруға дейінгі, кейінгі Қазақстандағы өндіріс орындарын, темір жол магистралын және индустрияландыру кезіндегі Ресей мен Қазақстанның салынған өнеркәсіп көлеміндегі айырмашылықты контур картадан белгілеуі тиіс. Тапсырма орындалып болғаннан кейін жұптар бір-бірін бағалайды.





Бағалау критерийі:

Қолдану- Индустрияландыруға дейінгі, кейінгі Қазақстанның өндіріс орындары мен теміржол магистралын картадан көрсетеді және Ресей мен Қазақстанның индустрияландыру деңгейін анықтайды;

Дескрипторы:

-Индустрияландыруға дейінгі, кейінгі Қазақстандағы өндіріс орындарының кемінде 3-уін контур картада белгілейді;

-Түркісіб теміржол магистралының жолын көрсетеді;

-Ресей мен Қазақстан өндіріс орындарының көлеміндегі айырмашылықты көрсетеді.


Кері байланыс. Жұптардың бір-бірін бағалауы

(Т) 2-тапсырма. Оқулықпен немесе мәтінмен жұмыс.

SWOT талдау –кестесі


Әр топ берілген тапсырмаларға сәйкес зерттеу жұмысын жүргізеді, өз жұмыстарын SWOT талдау –кестесі негізінде сынып алдында жариялайды.


1-топ. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері;

2-топ.Индустрияландыру кемшіліктері;

3-топ. Индустрияландырудың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері


Бағалау критерийі:

Сыни ойлау мен талдау- Индустрияландырудың процесінің жетістіктері мен кемшілігін талдайды;

Дескрипторы:

Тапсырмаға сәйкес индустрияландырудың кем дегенде 3 жетістіктерін талдайды. Тарихи тұлғалар мен нысандар атауларын дұрыс атайды, ұғымдар мен сөз тіркестердің сауатты қолданып, жүйелі ойды бере алады;

-Тарихи кезеңдегі басты тарихи процестерді талдайды, кем дегенде 3 дәлелді фактілер арқылы дәлелдейді



Кері байланыс.Топтардың бір-бірін бағалауы.«Екі жұлдыз, бір тілек»

Интерпретация.

(Т) 3-тапсырма. «ПТМС формуласы»

(Б/Т) Оқушылар жинақтаған білім мен дағдылары қорытындылап, түйіндеу үшін төмендегі «ПТМС формуласы» тапсырмасы бойынша әр топ өздерінің позициясын қорғайды.

Үлгі:

Позиция (мен солай санаймын, индустрияландыру Қазақстанның экономикасының дамуына ықпал етті)

Түсіндіру (....себебі, жаңа өндіріс орындары, темір жол магистралы салынып, жұмысшы табы қалыптасты)

Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)


Бағалау критерийі:

Бағалау- Индустрияландыру нәтижесіне баға береді

Дескрипторы:

-Жауап құрылымын сауатты құра алады;

-Дәйекпен дәлелдеп, тұжырымдайды


Кері байланыс.Мұғалімнің бағалауы.Смайлик сыйлау


Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам»


Үйге тапсырма:

«Индустрияландырудың қарама-қайшылығы»

«Индустрияландыру Қазақстанды қалай өзгертті?»



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.

3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады.

Өзгерістерді анықтап және салдарын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағаланады

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!