Тақырып бойынша 11 материал табылды

9-сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту арқылы білім беру. 
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: Тәрбиелілігі: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап. 
Сабақтың барысы: 
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру: 
II. Жаңа сабақ: 

Жердің сыртқы құрылысы: 
Атмосфера қабығы Биосфера қабығы 
Гидросфера қабығы 

1. Ауа-жер шарын қалың қабат ретінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны – атмосфера деп атайды. "Атмосфера”-грекше "атмос”-су, "сфера”-шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр. 
Атмосфера құрамы 
аргон (қалған%-ы) 
оттегі-21% азаот-78% 
көмірқышқыл газы-0,03% 

2. Жер бетін біртұтас жауып жататын-су қабығы. Оны –гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды. 
"Гидросфера”-грекше "гидро”-су, "сфера”-шар деген мағынаны білдіреді. Жер бетінің жалпы көлемі 2/3-сі судың үлесіне тиеді. 

Гидросфера құрамы 

Өзендер көлдер 
Мұхиттар батпақ мұздық теңіздер жер асты сулары 

3. Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап, адамға дейінгі түрлі организмдер жердің айырықша қабығы-биосфераға жатады. "Биосфера”-грекше”био”-тіршілік,”сфера”-шар деген мағынаны білдіреді. Биосфера қабығы атмосфера мен гидросфера сияқты оқшау қабық құрамайды. Тіршіліктің таралған ортасы 
Жердің ішкі құрылысы: 

1. Жер қыртысы мен мантияның жоғары кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты – литосфера деп атайды. 
"Литосфера” – латынша "литос” – тас, "сфера” – шар деген мағынаны білдіреді. 

III. Сабақты бекіту сұрақтары: 
а) Тақырыпқа байланысты жұмбақ шешкізу. 

1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең, 
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. 
Адамзат жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. 
Бұл не? (Жер) 

2. Аяғы жоқ, қолы жоқ, 
Бірақ тыныш тұрмайды. 
Сақтамасақ егерде, 
Барша тірлік қурайды. 
Бұл не? (Су) 

3.Бар ма, жоқ па оны білмейсің, 
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. 
Бұл не? (Ауа) 

4.Кристалдық тау жыныстарынан құралған, 
Жер қыртысы аталған, 
Мантияның қорғанышы. 
Бұл не? (Литосфера қабығы) 

5.Жер өзегі атанған 
ең орталық бөлігі 
Бұл не? (Ядро) 

IV. Қорытынды: 

Графикалық диктант. 
1. Ауа жер шарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады. 
2. Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін құрлық алып жатқанын байқайды. 
3. Атмосфера мен гидросфера сияқты биосфера қабығы оқшау қабық құрмайды. 
4. Жердің ең сыртқы қабаты жер қыртысы деп аталады. 
5. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын биосфера деп атайды. 
6. Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатады. 
7. Ядро темір мен никельден тұрады. 

V. Үйге тапсырма: 
1. §20. Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар. 
2. Жер қабықтары туралы қосымша материалдар жинақтау. 

VI. Бағалау:

Сынып: 

Сабақ тақырыбы: ЖЕР ҚЫРТЫСЫН ТҮЗЕТІН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ.

Мақсаты: оқушыларда тау жыныстарының түзілу жолдары мен алуан түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеті:

1. Жер қыртысының түзілуі жайлы түсініктерін жалғастыру.

2. Оқушылардың «пайдалы қазбалар», «тау жыныстары» терминдерін ұғуын, неғұрлым кең тараған пайдалы қазбаларды, олардың қасиеттерін тани білуін қамтамасыз ету.

3. Оқушылардың өз ойын жеткізе алу, топта жұмыс істей білуге баулу. 

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сарамандық әдіс, картамен жұмыс, кесте, сызбалар толтыру, топтастыру стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: география-геология

Көрнекіліктер: «Тау жыныстары мен минералдар» жинағы, Дүние жүзі мен Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта.

 

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру ).

  2. Психологиялық дайындық:

               Сынып қалай таза ма?

               Сүртілді ме тақтамыз?

               Ден сау болсын десеңіз,

               Тазалықты сақтаңыз.

                                      Оқушылар түгел ме?

                                      Кезекші оны біле ме?

                                      Түгел болсақ балалар,

                                      Бәрін маған қараңдар.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Литосфералық тақталар»

  1. Литосфера деген не? Ол қандай бөліктерден тұрады?

(Литосфера – жер қыртысы мен жоғарғы мантиядан тұратын Жердің тас қабығы.)

  1. Жер қыртысының құрылысы мен қалыңдығы қандай?

(Жер қыртысы  әр түрлі тау жыныстарынан тұратын Жердің сыртқы қабығы. Үш қабаттан: шөгінді, гранит, базальттан тұрады. Қалыңдығы мұхит астында 5-10 км, құрлықта 35-45 км, таулы аудандарда 75 км дейін.)

  1. Мантияның құрылысы мен қалыңдығы қандай?

(Мантия ядро айналасында орналасқан және Жердің негізгі массасын құрайды. Оның қалыңдығы 2900 км, температурасы 2500 градусқа дейін жетеді. Құрамында темірден бар ауыр минералдардан тұрады. Мантия заты жұмсақ сыртқы бөлігінен басқа қатты күйде болады.)

 

  1. Жаңа тақырып. Жаңа материалды игеру.

Табиғатта минерал, тау жыныстарының мыңдаған түрлері белгілі. Минералдар біртектес болса, тау жыныстары күрделі құрамды болады. Екеуі де құрылысы, қаттылығы, тығыздығы, түсі, жылтырлығы, балқу температурасы және басқа да қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Оның негізгі себебі – олардың жер қойнауы мен бетінде түзілу және өзгеру шарттарының өзгешіліктеріне байланысты. Түзілуіне қарай тау жыныстары мен минералдарды магмалық, шөгінді, метаморфты деп бөлуге болады.

3-слайд.

Оқушылар кестені дәптерге толтырады.

Магмалық тау жыныстары. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары  м а г м а л ы қ  т а у  ж ы н ы с т а р ы  деп аталады. Магма (грекше magma – былғама, қойыртпақ) Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат. Ол жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында орналасады.    

Шөгінді тау жыныстары жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық секілді сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар. Оған барлық тау жыныстардың 75% тиесілі. Олар кесек, химиялық және органикалық түрлерге бөлінеді.   Магмалық тау жыныстарының температура, жел, судың әсерінен өзгеріске ұшырап, су түбіне шөгуінен кесек шөгінділерпайда болады.

Суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер қабатына қосылады. Мысалы, тұз, тағы басқа. Мұндай жолмен химиялық шөгінділер пайда болады. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануар қалдықтары органикалық шөгінділерді құрайды. Мысалы, өсімдіктердің шірімей, көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдығынан бор құралады.  

Шөгінді тау жыныстары ұзақ уақыт жатып тығыздалса, қатты жыныстарға айналады. Осындай жолмен құмнан – құмтас, саздан – сазды тақтатас, бордан – әктас түзіледі.

Метаморфты тау жыныстары.   Жердің терең қабатына батқан магмалық, шөгінді жыныстар үстіңгі тау жыныстарының қысымы, жоғары температураның әсеріне ұшырайды. Магманың ыстық лебінен қайта балқиды. Шөгінді жыныстарды су  біріктіріп қатырады. Осылардың әсерінен тау жыныстары өзінің бастапқы қалпынан айрылады, олардың құрамы өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстары  м е т а м о р ф т ы  (грекше метаморфоза - өзгеру) т а у  ж ы н ы с т а р ы  деп аталады. Метаморфоз әсерінен әктас – мәрмәрға, сазды тақтатас –кристалды тақтатасқа, құмтас – кварцитке айналады.

метаморфты тау жыныстарының ерекшелігі – көп жағдайда олардың жаншылып, тақталанған немесе магманың ыстық лебіне ұшыраған өзгерістері байқалып тұрады. Мысалы кристалды тақтатастың тақталанған белгісімен қатар, ішіндегі кесек қиыршықтардың метаморфизм әсерінен кристалды түйіршіктерге айналғаны көрінеді.

Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел болып табылады. Барланған қор көлемі жағынан: мырыш, вольфрам өндіруде әлемде 1-орын, күміс, қорғасын өндіруде 2-орын, мыс өндіруде 3-орын алады. Біздің Батыс Қазақстан облысы көмірсутек шикізаты - мұнай, табиғи газға бай. (Қазақстан картасынан аталған пайдалы қазбалар көрсетіледі.)

Слайд  11

 

ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ

Магмалық

Шөгінді

Метаморфты

Гранит

Базальт

Пемза

Кесек

Химиялық

Органикалық

Саз

Құм

Қиыршық тас

Ас тұзы

Калий тұзы

Гипс

 

Мұнай

Табиғи газ

Тас және қоңыр көмір

Шымтезек

Жанғыш тақтатас

Әктас, бор

Мәрмәр

Кварцит

Гнейс

 

Пайдалы қазбалардың қолданылуы бойынша жүйеленуі.

 

 

 

  1. А) Бекіту бөлімі: сұрақтар қою арқылы

1. Жер қыртысы неден құралған? (Алуан түрлі жыныстар мен минералдан)

2. Тау жыныстары деген не? Мысал келтір. (Тау жынысы деп жер қыртысын құрайтын табиғи заттарды айтады. Мысалы гранит.)

3. Минерал деген не? Гранит қандай минералдан тұрады?

(Минерал – жер қойнауында және бетінде пайда болатын құрамы мен қасиеттері бойынша біртектес табиғи дене. Мысалы, гранит: кварц, дала шпаты, слюдадан тұрады. Тек бір ғана минералдан тұратын тау жыныстары да бар. Оған тас тұзы мысал бола алады.

  1. Пайдалы қазбалар деген не?

(Адамның шаруашылығында қолданатын тау жыныстары мен минералдар. Пайдалы қазбалардың шоғырлануынан кеніштер түзіледі).

5. Шығу тегіне қарай тау жыныстары, минералдар қандай топтарға бөлінеді? (магмалық, шөгінді, метаморфты)

6. Магмалық тау жыныстары қалай пайда болады? (Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болады)

4.  Шөгінді тау жыныстары қандай топтарға жіктеледі? (кесек, химиялық, органикалық)

5. Метаморфты тау жыныстары қалай пайда болады? (Тау жыныстарының жер қойнауына батып, ішкі күштер – температура, қысым әсерінен өзгеріске ұшырау нәтижесінде пайда болады)

9. Батыс Қазақстан облысы қандай пайдалы қазбаларға бай? (мұнай, газға)

 

 Бекіту бөлімі:  ә)сөзжұмбақ шешу

«Сөзжұмбақ шешу»

 

1.Азия мен Европаны бөліп тұрған тау (Орал)

2.Магмалық тау жынысы (гранит)

3.Тигр, Ефрат өзендерінің арасындағы жазық (Месопатия)

4.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы (Джомолунгма) 

5.Кавказдағы сөнген жанартау  (Эльбрус)

6.Башқұртстанның астанасы (Уфа)

7.Ыстық су шапшып тұратын бұлақ (Гейзер)

8.Солтүстік Американың батысындағы тау (Кордильер)

9.Жер шарындағы ең биік тау (Гималай)

 

Бекіту бөлімі:  Б) сараман жұмысы Слайд 15

 

Тау жыныстары мен минералдарды пайдаланып топтарда өткізілетін сараман жұмысы.

«Тау жыныстары, минералдардың қасиеттері»

Оқушыларға «Тау жыныстары мен минералдар» жинағы таратылып беріледі. Олар минералдардың қасиеттерін анықтап, төмендегі кестені толтырады.

 

Атауы

Шығу тегі3p>

Түсі

Жылтырлығы

Мөлдірлігі

Қаттылығы

Шаруашылықта пайдаланылуы

Гранит

 

 

 

 

 

 

Әктас

 

 

 

 

 

 

Мәрмәр

 

 

 

 

 

 

Көмір

 

 

 

 

 

 

Базальт

 

 

 

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма.

  1. «Жер қыртысын түзетін тау жыныстары» тақырыбын оқу.

  2. Қазақстанның кескін картасына мұнай, газ, тас көмір, темір кендері өндірілетін орындарды шартты белгілерімен белгілеу.

Сыныбы: 6

Күні:

Сынып: 6

Тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну

            Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайында білім беру. Оқушылардың «жер сілкіну», «жердің баяу қозғалыстары», «эпицентр» жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Қосымша білім көздерін пайдалана отырып,жер қыртысының қозғалуын ғылыми тұрғыдан ойлау біліктілігін дамыту, географиялық көзқарастарын  кеңейту.

Тәрбиелік:  Экологиялық тәрбие беру мақсатында оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, ластамауға тәрбиелеу, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың  көрнекілігі:   Дүние жүзінің физикалық картасы,  глобус, «Литосфераның құрылысы» суреті, «Жер сілкінудің» суреті

Сабақтың кезеңдері:

 І. Ұйымдастыру бөлімі

          а/ Сынып  оқушыларын  түгендеу

          ә/ Психологиялық  дайындық

          Оқушыларды  тақтаның  алдына  шығарып, мұғалім тілек  айтып  сыйлықтар  береді ,сол  сыйлықтың  астында  топтың  аты  жазылған.Оқушылар  белгі  бойынша  топтарға  бөлініп  отырады.Енді  оқушылар  алдарындағы  смайликтер  арқылы  сабақ  алдындағы  көңіл  күйлерін  білдіреді. 

1-оқушыға Тұрсын сен  бұлақтай  мөлдір  таза  бол!

2-оқушыға: Алмас  таудай  талапты  бол!

3-оқушыға:Ақниет  айың  оңыңнан  тусын!

4-оқушыға Жанаргүл жұлдызың әрқашан  жарық  болсын!

5-оқушы: Нұргүл  гүлдей  жайнап  өс!

6-оқушы: Тәбия қызғалдақтай құлпырып бер!

7- Дастан  сенің  көілің  әрдайым    көлдей  шалқысын!

         б  /Үй тапсырмасын  сұрау.

         б/1 «Географиялық  лото»  ойыны.

 46-  Жер шарында  қанша  ірі литосфералық тақта бар? /7/

 15- Еуразиялық  тақта  қай   аймақты  қамтиды? /Еуразия мат.Атл.м сол.   жағ. және  Сол.м.м.үлкен бөлігі  кіреді/

 5-  Жеке  дара  тұрған  қандай  тақталар?Тынық м.және Наска    тақтасы/

10- Литосфералықтақталаржылынақаншасм-геқозғалады? /2-5см/

20- Африкатақтасыныңқамтитынаумағы. /Атлан м.үнді м. іргелес бөлігі/

25- Литосфералықтақталарқалайорынауыстырады? /матияныңбеткі қабатымен жылжиды.

  1.  

  2.  

  3.  

4-Тақталарды атап,картаданкөрсет.

  1.  

  2. Жердің тас қабаты не деп аталады?(Литосфера)

  3.  

55-жер қыртысынан2900 м тереңдікте небар /мантия/

9-Ішкі ядро қандайэлементтердентұрады?/темір мен никелден/

51- Латынтіліненаударғанда мантия қандаймағынаныбереді?

  1.  

42-Таулар қандайаймақтардатүзіледі? / тақталардыңтүйіскен жерінде/

  1.  



  2.  

  3.  

Табиғат  құбылыстарына  байланысты  суреттер ,видео көрсету  арқылы  оқушылардың  ойларын  сұрау.

М:   Мына суреттерге  қарайық не  бейнеленген?

-үйлер  қираған

-ағаштар сынған т.б.

М: бұл суреттер  жер  сілкінісінен  кейінгі  көріністер

Енді  бүгінгі  тақырыбымыз  «Жер қыртысының  қозғалысы.Жер  сілкінісі

  1. Жер қыртысының қозғалыстары

  2. Жер сілкіну

  3. Жер сілкінуді зерттеу

 

 

Жер беті жұмбақ әлем.

Былай қарағанда жер беті бізге мызғымай, еш уақытта қозғалмайтын, бірқалыпта тыныш тұрғандай көрінеді. Ол шын мәнінде солай ма? Егер біз жердің адамзат баласы пайда болғаннан бергі тарихына үңілсек, онда жер беті үнемі қозғалыста болғанына көзіміз жетер еді. Ондай қозғалыстардың іздерін жер шарының көптеген өңірлерінен табуға болады. Мысалы: Италиядағы Венеция қаласы қазір жартылай су астында тұр,кезінде ол түгелдей құрлық бойына салынған

    Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. 1. Жер қыртысы қозғалысының екі  түрі болады: 1 – жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі: Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріліп, ал Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар – түбектерге айналды.

Жер  қыртысының  екінші  қозғалысы   – тау жасалу процесі

Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.

2. Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.

Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды.

Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі, центр – шеңбердің орталығы) деп аталады..

3. Мифтік аңыз әңгімелер.

Жер сілкінуінің себептері туралы аңыздар ел арасында көп таралған. Ертеде жер беті сілкінісі жер шарын көтеріп тұрған алып жануардың қозғалысына байланысты деп жорамалдаған.Бір елдер піл десе,екіншісі жайын, енді біреуі өгіз деп есептеген.

Ғылыми тұрғыдан қарасақ . Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып,орнын ауыстырады.  Литосфералық тақталардың жылына 2-5см ығысатынды.  Таулардың түзілуі бірыңғай материктік тақталардың бір-бірімен соқтығысқан жерлерінде де жүреді. Мәселен,Еуразия тақтасының Үнді-Аустралия тақтасымен соқтығысқан жерінде Жер шарындағы аса биік Гималай таулары түзілген.  Жер сілкіну жиі  болып тұратын аймақтар сейсмикалық аймақтар деп аталады.  Жер  шарында  жер  сілкінісі  жиі  болып  тұратын  екі үлкен  белдеу  бар. Олар:  Жерорта  теңіздік  және  Гималай  Тынық  мұхит  белдеулері. Жер шарында 100-ге жуық сейсмикалық стансалар бар. Жер  қыртысының  қозғалысын  өте сезімтал келетін  сейсмограф құралдары тіркеп отырады.

  Жер  сілкінісі  кезінде халық шаруашылығы  мен адам өміріне қатер төндіретін  қосалқы әрекеттеріне тау көшкіні, цунами, өрт, сел жатады.  

Тау көшкіні- тау баурайындағы шөгінді тау жыныстарының босап, төмен қарай жылжуы.

Цунами.

Цунами- мұхит түбіндегі жер сілкінісі әсерінен туатын апатты толқын.

Өрт.

Өрт ошақтарының қирауынан, электр сымдарының үзілуі салдарынан өрт шығады.

Сел.

Сел тау бауырайындағы су сіңіп ылғалданған топырақтың жер сілкінісі әсерінен саймен жылжып ағуы.

Цунами ( Жапония еліндегі цунамиден бейнематериал 01.10.2009)

Жер сілкінуді зерттеу.

Жер қыртысының қозғалысын сейсмограф құралы арқылы тіркеп отырады.Жер сілкінісінің күшін 1-12 балдық шкаламен өлшейді.

Жер сілкінісі зардабын азайтудың 2 түрлі жолы бар.

Жер сілкінісін болжау.

Төзімді берік құрылыс салу.

Жер сілкінісін болжау дегеніміз – оның күшін анықтау.

Биологиялық әдістердің орны ерекше.Жер сілкінісі алдында жәндіктер мен жануарлардың мазасызданып, ерекше күйге түсуі ертеден-ақ белгілі, Бұл әдіс ғылымда кеңінен пайдаланып келеді.

Жер сілкіну 12 балдық шкаламен өлшенеді

БАЛЛ

1 - 2 - 3 - 4 Елеусіз әлсіз  сілкінулер

5 - 6 Күшті сілкіну

7 - 8 Өте күшті қиратушы сілкінулер

9 - 10 Жойқын сілкіну

11 - 12 Апатты сілкіну

ХХ - ХХІ ғасырдың жер сілкінулері

Жер  сілкінісі  болған  аймақтар

1 1988 жылы арменияда  жер  сілкінісінің  әсерінен    Спитак  қаласы  жермен  -жексен  болды.

3 1923  жылы Жапониядағы  жер  сілкінісінен  қаланың  көп  бөлігі  қирап,  жойқын  су  тасқыны  болып,өрт  шықты, 175 000  жуық адам  қаза  тапты.

4 .1999 жылы тамызда  Түркиядағы  жер  сілкінісінен Измир  қаласы   түгелдей  қирап, 15 000  адам  опат  болды.

5.2004  жылы желтоқсанда Оңтүстік Шығыс  Азияның Малайя  архипелагы мен  іргелес  жатқан  Үнді  мұхиты  аралдарында  соңғы  40  жылдағы  ең  күшті  жер  сілкінісі  болды.  Бірінен  кейін  бірі қайталанған   жер  сілкінісінің күші  9  балға  жетіп, оның әсерінен жер  білігі  батыстан  шығысқа  қарай   6  см-ге  ығысқан,  мұхиттан  көтерілген сұрапыл  толқыннан  300 000 адам  опат  болды.

 

1.Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

Семантикалық кесте  толтырту

 

 

               Эпицентр

Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр  деп аталады.

                Жер  сілкіну  ошағы

Жердің терең қойнауындағы тау жыныстарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы  деп аталады

                 Жер сілкінісі дегеніміз

Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.

             Сейсмограф

Жер қыртысының қозғалысын сейсмограф құралы арқылы тіркеп отырады.

 Жер  сілкінісі болып  тұратын  белдеулер

Жер  шарында  жер  сілкінісі  жиі  болып  тұратын  екі үлкен  белдеу  бар. Олар:  Жерорта  теңіздік  және  Гималай  Тынық  мұхит  белдеулері.

Жер сілкінсінің  қосалқы  әрекеттері

Өрт,цунами,сел тасқындары,тау  көшкіні.

Жер сілкінсінің күші қанша  бал мен өлшенеді?

Жер сілкіну 12 балдық шкаламен өлшенеді

 

Сергіту сәті: Балалар  бүгінгі біздің  тақырыбымыз  сіздерге үрей  тудырған сияқты ,бірақ біз  тұрған жерімізде жер сілкініс  болмайді өткені таулы  аймақ  емес.Енді  жайланып отырып ,жаман энергиямызды  шығарып, отанымыздың  тамаша  табиғатын  тамашалап тынығып  алайық.

/Видео көрсету/

  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

«Әлемнің жеті  кереметінің суреттерінің  астына  сұрақтар  жасырып, оқушы  жауап  бергеннен  кейін  сол  суретке  түсінік  беріп  отыру.

  1.  

2. Жерсілкінісініңошағықалайаталады?

  1.  

  2.  

  3.  

6. Жер қыртысы қозғалысының неше түрібар?

  1.  

Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма : 20 Аса күшті жер сілкінулер және оның зардаптары жайында хабарлама жасаңдар.

Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Сабақтың мақсаты:
«Жанартау», «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуы мен байланыстылығын және жанартау әрекетінің литосфераға, гидросфераға және атмосфераның қалыптасуына әсері туралы білім беру. Жанартаудың табиғи апат екені жайында экологиялық білім беру.
Сабақтың дамытушылығы:
Оқушылардың ойлау қабілетіне, жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру, білімін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
Оқушылардың өздігінен білім ізденуге, әрекеттерін тудыру және ойлау, сөйлеу, қабылдауға байланыстыра отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, жанартаудың құрылысы, компьютер, графопроектор, слайд арқылы жасалған суреттер.
Сабақтың пән аралық байланысы: Әдебиет, тарих, бейнелеу.
Сабақтың әдісі:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау.
§20. Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.

1) Ой шақыру стратегиясы.
Оқушыларға 2 минут уақыт беріледі. Дәптерлеріне өздері білетін сөздіктер жазады.
2) Топтастыру стратегиясы.
Сыныпты топқа бөлу мақсатында Эпицентр, ошақ, сейсмограф парақшаларын тарқатамын. Сыныптағы оқушылар өздеріне берілген парақшалардағы аттар бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ өздерінің ішінен топ басшыларын сайлайды.
3) Қызығушылықты ояту.
а) Топ басшыларына берілген қалалардың координаталарын анықтау тапсырмасы беріледі.
1. Рим 420 с. е. 120 ш. б.
2. Токио 360 с. е. 1390 ш. б
3. Анкара 400 с. е. 340 ш. б.
ә) Әр топтан бір оқушыдан шығып топтың атын қорғау жұмысы жүргізіледі.
4) Зерделеу стратегиясы.
Көрсетілген суреттердегі сұрақтарға жауап беру.
1. Жер шарының ішкі құрылысын ата?
2. Мантияның қалыңдығы қаншаға жуық?
3. Ядро неден тұрады?
4. Жер қыртысын түзетін тау жыныстарын ата?
5. Жердің сілкіну күші немен өлшенеді?
6. Жер шарында қандай жер сілкіну белдеулері бар?

5) Еске түсіру стратегиясы.
Бұл тапсырмада көрсетілген жылдарда болған оқиғаларды анықтап, картадан көрсетеді. Табиғи апат жайында атап өтеді.
1. 1908 жылы -
2. 1911 жылы -
3. 1923 жылы -
4. 1948 жылы -
5. 1988 жылы -
6. 1991 жылы -
7. 1999 жылы -

ІІІ Жаңа сабақ: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
6) Ой толғаныс стратегиясы.
а) «Жанартау», «гейзер» деген сөздерден кейін оқушылардың ойын тыңдау.
ә) Оқушылардың толғанысын ояту мақсатында «Жанартау», «гейзерлер» суреттерін көрсету. Суреттен кейін оқушылардың ойын тыңдау.
7) Мағынаны тану стратегиясы.
а) «Жанартау, гейзерлердің» суреттері арқылы құрылысын таныстыру.
ә) Жанартау, гейзерлер туралы жазылған мәліметтерді, таратып 5 минут оқуға беру.

8) Еркін жазу стратегиясы.
Өздері тыңдаған, көрген және айтқан мәліметтерден
кейінгі ойларын дәптерге жазу.
1 - 2 оқушының жазғанын оқыту.
9) Қорытындылау стратегиясы.
Мұғалімнің жаңа сабақты қорытындылау түсіндірмесі. Жанартауды не үшін зерттеу қажет екендігі жайында түсіндіру. Жанартаулардан келетін табиғи апаттар жайында мәлімет беру. Картадан жанартауды белгілеудің шартымен таныстырып, жанартауларды көрсетеді.

Үйге: §21
Кракатау, Ключи шоқысы жанартауларының координаталарын анықтау.
Бағалау.
Жауап берген оқушыларға таратылған парақшалар арқылы бағалау. Жалпы парақшаларды санау арқылы топтардың орнын анықтау.
Сабақты бекіту.
1) Сөздікпен жұмыс жасау.
Грекше кратер - тостаған
Исландша гейзер - лақ ете түсу.
2) Кескін картаға жанартауларды белгілеу екендігін түсіндіріп өту.
Мысалы: Котопахи, Ключи шоқысы, Кракатау, Везувий, Климанджаро, т. Б















Сынып: 9

Күні:

Тақырыбы: Ел халқының жастық-жыныстық құрамы және денсаулығы

Мақсаты: Халықтың құрамы мен құрылымы ұғымдарына түсініктеме беру, Қазақстан халықының жыныстық және жас құрамдарын, еңбек ресурсын, еңбек нарығы мен халқының жұмыспен қамтылуын, кәсіби және әлеуметтік құрылымын анықтау. Қартаю коэффициенті, еңбек нарығы ұғымдары туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері:

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1. Демография ғылымы нені зерттейді?

2. Демографиялық көрсеткіштергеқандай көрсеткіштер жатады?

3. Халықтың көші-қоны (миграция) дегеніміз не? Эмиграция, иммиграция дегеніміз не?

3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

1. Құрам мен құрылым ұғымдарына түсініктеме беру.

2. Қазақстан халқының жыныстық және жас құрамына шолу: демографиялық пирамиданы талдау. Жасына қарай үш топқа бөлінетінін айту. Қартаю коэффициенті туралы түсініктеме беру.

3. Еңбек ресурсы: негізгі үш құрамдас бөлігі: еңбек ресурсы дегеніміз не деген сұраққа жауап беру.

4. Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы: Еңбек нарығы ұғымына түсініктеме беру.

5. Кәсіби құрылымы: Кәсіби құрылымының үш секторы туралы жалпы түсініктеме беру.

6. Әлеуметтік құрылымы: әлеуметтік құрылым туралы жалпы түсінік беру.

1. Құрам мен құрылым ұғымдарын түсіндіру

2. Жыныстық пирамиданы талдайды. Жас құрамына қарай үш топқа бөлінеді: І - 14 жасқа дейінгі балалар, ІІ - 15-59 ересектер, ІІІ - 65 асқан егде адамдар.

3. Үш компоненттен тұрады: І - 15 жасқа жеткен жасөспірімдер, ІІ - 16-58 (ә), 63 (е), ІІІ - зейнеткерлер.

4. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік, жұмыссыздық, жұмыс күшінің жетіспеушілігі.

5. І - а.ш., ІІ - өнеркәсіп ж/е құрылыс, ІІІ - қ.қ..

6. Төменгі, орта және жоғары деңгейлер.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қазақстан халқы жас құрамына қарай қалай бөлінеді?

Еңбек ресурсының негізгі үш құрамдас бөлігі қандай?

Қазақстан халқы кәсіби құрылымына қарай қалай бөлінеді?

Әлеуметтік құрылымының сипаты қандай?

6. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

4 пар. сұрақтарына дайындалу. 53-54 -беттегі 1-6-тапсырма. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру.

Сынып: 9
Тақырыбы: Халықтың ұлттық және діни құрамы
Мақсаттары: Білімділік. Этнография, диаспора, этнос ұғымдарына түсінік беру, Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы көзқарастарын қалыптастыру. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтарының маңызы туралы айту. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет екендігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық. Қазақстанның халықтың ұлттық және діни құрамын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның саяси - әкімшілік картасы

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1 - 2 мин) Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.
Қазақстан халқы жас құрамына қарай қалай бөлінеді?
Еңбек ресурсының негізгі үш құрамдас бөлігі қандай?
Қазақстан халқы кәсіби құрылымына қарай қалай бөлінеді?
Әлеуметтік құрылымының сипаты қандай?

3. Жаңа материалға көшу кезеңі
1. Этнография ғылымы нені зерттейтінін еске түсіру.
2. Дүние жүзінде қандай әлемдік діндер таралған?
3. Қазақстан жеріне ислам діні қашан келген?

4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі.
1. Этнография, диаспора, этнос ұғымдарына түсінік беру
2. Қазақстан халқының ұлттық құрамына шолу: Қазақстан халқының ұлттық құрамының қалыптасуына сипаттама беру. Халықтың тілдік ұқсастықтарына байланысты лингвистикалық жіктемесін түсіндіру. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтарының маңызы туралы айту.
3. Діни құрамына шолу: Халықтың ұлттық құрамы мен дінінің тығыз байланыстылығын түсіндіру. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет екендігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.
Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау. Кескін картаға Қазақстан халқының ұлттық құрамын түсіру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі Этнография ғылымы нені зерттейді?
Қазақстан халқының ұлттық құрамын қанша ұлт құрайды және оның негізгі құрамы?
Діни құрамын құрайтын негізгі діндер?
7. Үйге тапсырма §5 оқып, кескін картаға ҚР халқының көші-қон географиясын салып келу



Сынып: 9 
Күні: 05-10-10 ж 
Сабақ тақырыбы: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі. 
Сабақ мақсаты: Оқушыларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық мағлұмат беру. 
Сабақ міндеті: 
1.Білімдік: Балаларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық білім беру. 
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. 
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету. 
Сабақ түрі: аралас 
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс 
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, 
Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең 
1.Сәлемдесу 
2.Балаларды түгендеу. 
3.Балалардың назарын сабаққа аудару 

ІІ. Өткен сабақты шолу. 
Сұрақтарға жауап беру. 
1. Этнос, этностық, диаспора дегенді қалай түсінесің? 
2. Мемлекетіміздің ең негізгі этникалық құрамын атаңдар. 
3. Халықтардың этнолингвистикалық жіктелуінің негізі неде? 
4. Қазақстан халқы саны бойынша қандай айырмашылық жасайды? 
5. Қазақтардың дүние жүзіндегі таралу ерекшелігі. Қазақ диаспорасының үлкен шоғыры орналасқан елдер. 
6. Қазақстандағы өзбектер мен украиндардың таралуы қандай? 
7. Біздің елімізде қандай дін түрлері тараған? 
Осы сабақта кездесетін терминдер: 
1. Диаспора 
2. Этнография-халықтың шығу тегін, орналасуын мәдениеті мен тұрмыс жағдайы туралы ғылым. 
3. Этнос 
4. Тілдік классификация (лингвистикалық, этникалық) 
5. Халық, тіл тобы, тіл семьясы 
6. Халықтың діни құрамы 
7. Ислам, христиан, будда 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 

Осы сабақта кездесетін терминдер: 
1. халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, 
2. халықты аумақтық ұйымдастыру, 
3. қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, 
4. урбандалу, 
5. ауылдық халықтың орналасуы 
6. халықты орналастыру 
7. халықтың қоныстануы 
8. Болашағы жоқ ауылдар 

Урбандалу: 
1. Қаланың және халқының өсуі 
2. Қалалық тіршіліктің өркендеуі 
3. Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы. 

Агломерация – қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерация негізгі қаладан (ядродан) және серіктес қаладан тұрады. Агломерациялардың бірігуін мегаролис дейді. 














Қалалардың пайда болған уақыты 
Халқының саны бойынша қалалар тобы Қалалардың пайда болған уақыты 
Ежелгі және ортағасырлық кезең ХҮІІ-ХІХ ғғ. Кеңес кезеңі 
Үлкен Түркістан Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Орал Ақтау, Жезқазған, Талдықорған; 
Рудный, Екібастұз 
Ірі Тараз, Шымкент Астана, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Өскемен; Қарағанды 
Аса ірі - Алматы 

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. В. Усиков. 9-сынып. §6- 40-41-42-43-45-46-сурет бойынша түсіндіру. 68-69-70-71-72бет. 

ІҮ.Бекіту. 
Сұрақтар: 
1. Орналасу мен қалыптасудың қандай айырмашылығы бар? Олардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігін дәлелде. 
2. Қаланың қандай ерекшелігі мемлекеттегі жетекші қаланың қатарына қосады? 
3. Не үшін барлық қалалардың жиынтығы – қоныстану тармағы да, ал агломерация - жүйе болады? 
4. Үлкен қаланың 2 түрлі мағынасы бар. Айырмашылығы неде? 
5. Қалалар қандай қала қалыптастырушы қызметті атқарады? Мысал келтіріңдер. 
6. Ауылдық қоныстанудың ерекшелігі неде? 
7. Қазақстандағы ауылдардың негізгі әлеуметтік мәселелерін ата. 
8. Негізгі қоныстану белдеуінің басқа аудандардан қандай айырмашылығы бар? 
9. Урбандалу, агломерация, мегаполис, урбандалу деңгейі деген ұғымдарды түсіндіріңдер. 

Тапсырмалар: 
1-кесте. Оқулықтағы 43-сурет бойынша ҚР облыстарын урбандалу деңгейі бойынша топтастыр. 

облыстар 
Аз урбандалған Орташа урбандалған Жоғары урбандалған 





1. Полулях. Л.Н. «Мектеп оқушыларына арналған өздігінен жұмыс дәптері» 9-сынып. Бойынша жұмыс жасау. 3- тапсырма. 6-бет. 

2. Казановская Т., Ульяшова И. «Мектеп оқушыларына арналған жұмыс дәптері». 9-сынып. Бойынша жұмыс жасау. 11-18 бет. 

3. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. В. Усиков. 9-сынып. §6-соңындағы тест тапсырмасын орындау. 78-79-бет. 
ҮІ.Бағалау 
ҮІІ.Үйге тапсырма: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі. (оқу, мазмұндау, консп







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12