Материалдар / 9-сыныпқа арналған бақылау жұмыстары

9-сыныпқа арналған бақылау жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
2188
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақылау жұмысы №1

І нұсқа:
  • Велосипедші еңіске қарай 0,3 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығын 4 м/с-қа тең болса, 20 с өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
  • Калашников автоматы ұңғысында оқ 616 км/с2 үдеумен қозғалады. Егер ұңғының ұзындығы 41,5 см болса, одан ұшып шыққан оқтың жылдамдығы қандай?
  • 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль, авариялық тежеу кезінде 5 с ішінде тоқтады. Тежелу жолын анықтаңдар?
  • Велосипедші 20 км/сағ жылдамдықпен 40 км, ал содан кейін тағы 3 сағатта 30 км жол жүреді. Барлық жолдағы оның жылдамдығы?


ІІ нұсқа:
  • Велосипедші тас жолдың бойымен қозғала отырып 10 м/с жылдамдықпен 900 м, ал содан кейін жаман жолда 5 м/с жылдамдықпен 400 м жүріп өтеді. Барлық жолдағы оның орташа жылдамдығы?
  • Велосипедші көлбеудің бойымен 0,1 м/с2 үдеумен қозғалады. Егер оның бастапқы жылдамдығы 5 м/с болса, онда ол 30 с-тан кейінгі жылдамдығы?
  • Автомобиль 10 с-тан кейін 20 м/с жылдамдыққа ие болады. Автомобильдің үдеуі?
  • Тыныштық күйден 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?














Бақылау жұмысы №2

І нұсқа:
  • Егер соққыдан кейін ол 500 м/с2 үдеу алса, ал соғу күші 420 Н-ға тең болса, онда футбол добының массасы?
  • Массасы 0,5 кг доп 0,02 с-қа созылған соққыдан кейін 10 м/с жылдамдық алады. Соққының орташа күші?
  • Егер вагондардың арасындағы қашықтық 1000 м болса, онда әрқайсысының массасы 80 т болатын осы екі вагонның тартылу күші?
  • Жер бетінен 19,6 м/с2 үдеумен қозғалатын зымыранның ішіндегі массасы 75 кг ғарышкердің салмағы?


ІІ нұсқа:
  • 60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге 2 м/с2 үдеуді беретін күш?
  • Массасы 8 т космостық корабль массасы 20 т болатын орбитальдық космос станциясына 500 м қашықтыққа дейін жақындайды. Олардың өзара тартылыс күші?
  • Көлемі 25 л бензиннің салмағы (бензиннің тағыздығы 710 кг/м3)?
  • 4 Н күштің әсерінен 0,02 м-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы?




















Бақылау жұмысы №3

І нұсқа:
  • Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
  • Таралу жылдамдығы 5000 м/с толқын жиілігі 100 Гц. Қарама-қарсы фазада тербеліп тұрған ең жақын екі нүктенің арақашықтығы?
  • Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар?
  • Тербелмелі контурдың конденсаторының сыйымдылығы 5 мкФ, ал еркін электромагниттік тербелістің жиілігі 3 кГц. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі?


ІІ нұсқа
  • 1,5 м биіктікке көтерілген, массасы 300 кг-ға тең балғаның қаданы қаққанда соғылатын бөлігінің потенциалдық энергиясы қандай?
  • Материалық нүкте 20 с ішінде 50 толық тербеліс жасайды. Тербеліс периодын табыңдар?
  • Толқындардың таралу жылдамдығы 330 м/с, ал тербеліс жиілігі 256 Гц деп алып, бірдей фазаларда тұрған көршілес нүктелердің арақашықтығын табыңдар?
  • Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге бекітілген массасы 640 г жүк, тепе-теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін оны тепе-теңдік күйден қандай арақашықтыққа ауытқу қажет?
















Бақылау жұмысы №4

І нұсқа:
  • Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,211 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін табыңдар?
  • Ұзындығы 1 м және 4 м маятниктердің тербеліс периодын табыңдар?
  • Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқынын тудырса, онда осы дыбыстың судағы жылдамдығы қандай болады?
  • Дыбыс шағылатын бөгетке дейінгі қашықтық 68 м. Адам жаңғырықты қанша уақыттан кейін есітеді? Толқынның жылдамдығы 340 м/с.


ІІ нұсқа
  • Қатаңдығы 93,2 Н/м серіппеге ілінген массасы 1,97 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін табыңдар?
  • Ұзындығы 4,9 м математикалық маятник 5 мин уақыт ішінде қанша тербеліс жасайды?
  • Мұхиттардағы толқынның ұзындығы 270 м-ге дейін, ал периоды 13,5 с дейін болды. Осындай толқынның таралу жылдамдығын табыңдар?
  • Толқындардың таралу жылдамдығы 330 м/с, ал тербеліс жиілігі 256 Гц деп алып, бірдей фазаларда тұрған көршілес нүктелердің ара қашықтығын анықтаңдар?


















Бақылау жұмысы №5

І нұсқа:
  • Пайдалы қуаты 100 Вт электр шамы 1 минутта неше фотон шығарады? Жарық сәулесінің ұзындығы 600 нм.
  • Белгілі бір металл үшін электрондардың шығу жұмысы 5,984*10-19 Дж. Осы металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы?
  • Толық жұтылған квантының импульсі 3*10-27 Н*с болатын ультракүлгін сәуленің толқын ұзындығы?
  • Шығу жұмысы 13,2*10-19 Дж металл пластинаға жиілігі 2*1015 Гц жарық түсті. Пластинадан шығарылған фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы?


ІІ нұсқа
  • Кванттарының энергиясы 3,84*10-19 Дж болатын жасыл жарықтың толқын ұзындығы?
  • Толқын ұзындығы 100 нм ультракүлгін сәулеленудің фотон импульсі?
  • Жиілігі 1015 Гц жарық түсіргенде литийден шыққан электрондардың кинетикалық энергиясы? Шығу жұмысы 2,375 эВ.
  • Үздіксіз режимде жұмыс істейтін гелий-неон газ лазеры қуатын 40 мВт-қа жеткізіп, толқын ұзындығы 630 нм монохроматты жарық сәулесін береді. Лазер 1 с ішінде шығаратын фотон саны?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ